Оралда сауда орталықтарының қызметкерлері мен студенттерді бопсалады деп айыпталған қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қылмыстық топ қаладағы сауда орталықтарының қызметкерлері мен оқу орындарының студенттерін тонап, ақша бопсалады, алаяқпен шұғылданды деген күдікке ілінген.

  • "Зорланудан қорқып, терезеден секіріп кеткен": Алматыда бойжеткенді 5 жігітке сатамыз деп қорқытқан қыздарға сот үкім шығарды

Жоғарыда аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Уақытша ұстау изоляторына 4 күдікті қамауға алынды. Күдіктілер колледж студенттері екені белгілі болды.

“Қылмыстық топқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтап, ұстау бағытында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Егер сіз осы тұлғалардан зардап шексеңіз, тұрғылықты мекенжай бойынша полиция бөліміне немесе 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз”, – деді БҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Бақыт Ашкаров. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.