Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов тұңғыш дербес бітімгершілік контингентіне баратын әскерилердің негізгі миссияларын атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 Фото: Stan.kz

Министр Жақсылықовтың айтуынша, бұл ең алдымен мемлекетіміздің әлемдік аренадағы беделі мен қарулы күштердің атқарып жатқан міндеттері. 

"Ол жерде әскерге шақырылғандар жоқ, тек кәсіби келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен оқудың толық циклін аяқтаған офицерлер", — деді Жақсылықов. 

Министрдің айтуынша, миссия тура бір жылға созылады.

“Қаңтар оқиғасы Қазақстан әскерилерінің әлеуетінің қандай екенін көрсетті. Осыны ескерсек,  БҰҰ-ның тұңғыш дербес бітімгершілік контингентіне қатысу арқылы Қазақстан әскери соғыс тактикаларын үйрене ме?,- деп сауал жолдады БАҚ өкілі министрге.

Министр мұнымен келіспейтінін жеткізді. 

“Бітімгершілік функциясы мен тапсырмаларын орындау кезінде біздің әскерилер соғысу тактикаларын үйренбейді. Бізде ең бірінші әлемдік тәжірибені өзімізге алу тапсырмасы тұр. Негізгі міндет  бейбітшілік миссияларын тәжірибелі орындай білу, шабуылға қарсы тараптарды ажырату және бақа да міндеттер. Бұл соғыс та, әскери қақтығыс емес”,- деп түсіндірді қорғаныс министрі парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында.

Министр сондай-ақ, ҰҚК Шекара қызметінің подполковнигі Ғалымжан Сәдуақасовтың қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстан әскерінің ештеңеге дайын еместігі туралы сұхбатында қатысты пікір білдірді. 

“Егер біз Қазақстан қарулы күштері бас қолбасшысының алдымызға қойған міндеті мен тапсырмасын дұрыс орындамағанда, қазір біз мүлдем басқа мемлекетте өмір сүрер едік”,-деді министр.    

Еске салайық, шекара академиясының бұрынғы қызметкері қаңтар оқиғасы кезінде Көктөбе тауында шекарашылар мен ІІМ бөлімшелері арасында атыс болғанын мәлімдеген еді. Ол академиядағы тағы бір өлім оқиғасының ресми нұсқасын жоққа шығарды.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.