«Күз береке, күз мереке» Жумабекова Айкерим Сериковна «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының І санатты тәрбиешісі



жүктеу 54.59 Kb.
Дата26.06.2018
өлшемі54.59 Kb.

«Күз - береке, күз - мереке»

Жумабекова Айкерим Сериковна
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасының І санатты тәрбиешісі
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы
Мақсаты:Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар, және балалар! Табиғаттың әсем мезгілі Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер!

Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды.

Ендеше «Күз – береке, күз – мереке» атты алтын күз мерекелік ертеңгілігіміз ді бастаймыз.

«Ақбота» тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар!

Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.

Жүргізуші: Балабақшамыздың директоры Мадикенова Меруерт Мадикенқызына құттықтау сөз беріледі. Жүргізуші: Армысыздар, халайық, Бармысыздар, халайық! Күзгі тойды жұп жазбай, Бірге қарсы алайық!

Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді.

Ал, балалар, балалар,

Енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші.

Әуелі жұмбақ жасырам,

Қулығымды асырам. Таба алсаңдар шешімін,

Қонағымды дәл ортаға шақырам.



Жұмбақ:

Жиып-теріп болатын, Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?



Балалар: Күз мезгілі. Жүргізуші:Дұрыс, күз мезгілі.

Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенімдей ортаға қонағымыз - Алтын күзді шақырайық!



Алтын күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Алтын күз: Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынға малынған, Алтын күз деген мен болам. Алтын күз: армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар: Жоқ.

Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын жүз

Сайрандаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!



Алтын күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі

Шықса жасыл.

Түссе –сары. Бұл не?



Балалар: Жапырақ.

Алтын күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!

Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалардың күз туралы өлең шумақтарын тыңда.Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Тақпақтар



Хабиба Алтын күз, әсем айналам,
Қараймын көзім талғанша.
Жақын қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ.
Айнара
Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал - терек,
Жапырағын жұлғызып.
Мерей
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Б.Кәусар

Алтын, сары, қызыл, көк...


Алуан алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырақ.
Інжу
Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен.
Сезім
Жайдарлы күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.

Саяжан

Мерекесін сыйлауға,


Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.    
Ж.Батырхан
Берекелі, мерекелі,
Келді жомарт алтын күз,
Қалада да, далада да,              
Жанның бәрі жарқын күз.    
Зарина Сау-сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді.
Қоңыр тартып атырып
Көкке құстар тізілді.
Бексултан Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген. 

Қ.Кәусар

Алтынға бояп өңірді,


Күзде келді көңілді.
Бау- бақшада , орманда,
Сары жапырақ төгілді. Арнұр

Біздің дала -бай дала


Алтын астық айнала.
Астық дала сәулеті,
Астық –Отан дәулеті.

Қ.Батырхан Күзім-ау, күзім-ау!

Мінезің бұзық-ау  

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау!  



Мадияна

Гүл жайнаған даланың,

Жапырағы солыпты. Таңырқадым, қарадым,

Танымастай болыпты.



Айсана Келді міне күз, Айнала сары түс. Керемет, тамаша, Қандай әсем күз.
Әліби Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр түседі. Айдария Сап - сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.
Жәнел Сарғайды тоғай
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып. Әлиасқар Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жер жыртқан тыңда
Трактор қырда.
Әзиз Жапырақ ұшты,
Суық та түсті. Сонда да бізге,
Қызық көп күзде Ақкербез Күзде жауын,бұлт,тұман,
Сары жапырақ жауады!
Сары құйын ұйытқан,
Сапырады ауаны.
Жүргізуші: Әсем әнсіз той бола ма?
Ән арнайық күзге жаңа!
Ән «Алтын күз»

Жүргізуші: Балалар бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты кім болды екен, осы кезде қолында үлкен сәбізі бар қоян кіріп келеді.

 Қоян: Балалар сәлеметсіңдер ме, мен сендерге қонаққа келдім, сендерге Алтын күз келіпті ғой –қандай тамаша , олай болса мен сендермен «Кім жылдам?» ойын ойнағым келіп тұр ойнаймыз ба? Алдымен шартын тыңдаңдар.



Шарты: Менің қолымдағы себетте жемістермен көкөністер бар оларды жерге шашып тастаймын , ал менің жейтінім тек сәбіз ғана .Сондықтан осылардың арасынан тек сәбізді жинап, менің себетіме салып берсеңдер , мен қуанып қалар едім.Кәне балалар ойынды бастайық (ойын 3-4 рет қайталанады)

Жүргізуші:                 Бүгін мейрам,бүгін той

Қуанышты күн біліп қой

Күзгі бақтай сыңғырлап

Алақанды соғып қой деп



Би:«Тәтті жемістер» биін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Жемістерді қарсы алайық Күз: Өте тамаша, балалар! Жүргізуші: Енді кезекті көкөністерге берейік, ортаға шыға қойыңдар.

Би: «Көңілді көкөністер» Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік «Ұйқасын тап» ойыны

Іші толған шәрбәт,


Дәмі сондай әйбат.
Үзесің бірден жүзін,
Оның аты - ЖҮЗІМ.
2.Дөп-дөңгелек сары,
Ішінже бар дәні.
Қызығасың көріп,
Оның аты - ӨРІК.
3.Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты - ШАБДАЛЫ. 4.Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде.
Санап қара қанша,
Оның аты - ШИЕ.
5.Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша-бақ.
Күрең қызыл шіркін-ай,
Оның аты - ҚҰЛПЫНАЙ.

 Жүргізуші: Жаңбыр, жаумай тоқтай тұр, 


Дабылыңды соқпай тұр. 
Ән: «Жаңбыр»

Жүргізуші: Бүгін мейрам, бүгін той Қуаныш күн, біліп қой Күзгі бақта сыңғырлап Алақанды ұрып қой, дей келе «Тамшылар» биін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: «Шалқан» -орыс халық ертегісін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнерлері ұнады ма?

Алтын күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді біздің қайтатын уақытымыз болды.

  Алтын күз: Берекелі бақ-дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар, балалар,

Келгенше жыл айналып.

Ал,менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға таратып берініз.



Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!
Каталог: 2018
2018 -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
2018 -> Тақырып 1 Қортынды қаржылық есеп аудитінің ақпараттық жүйесі, мақсаты және тәсілдері
2018 -> Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақсаты
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет