L. N. Gumilyov Eurasian national university баспасөз хабарламасы



жүктеу 17.72 Kb.
Дата13.12.2017
өлшемі17.72 Kb.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ


ЕҰУ-дің "Аттракцион" театры жаңа қойылымына шақырады: 2015 жылдың 14 наурызында сағат 19.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы "Аттракцион" студенттік жастар театры "Астана" ұлттық сурет галереясында өзінің жаңа қойылымымен көрермендер алдына шығады (Республика көшесі 2,).

"Аттракцион" студенттік жастар театры 2010 жылы құрылған. Биыл ұжымға 5 жыл толады. Осы уақыт ішінде аталмыш театр Астана қаласы мен республикамызға кеңінен танылып үлгерді. Халықаралық және республикалық конкурстарға жиі қатысып жүр. Алған атақ, даңқтары жер жармаса да бүгінде үлкен абыройға ие. Олай дейтініміз "Мама Миа", "Құбыжық пен ару қыз", "Чикаго", "Прдюссерлер" қойылымдары өз көрермендерін тапқан.

Еуразия ұлттық универститетінің "Аттракцион" студенттік жастар театры баршаға танымал "Чикаго" мюзиклының жаңа қойылымын әзірледі.

Аталған мюзиклге қазақстандық модель Евгения Клишина (Рокси Харт), театр әншісі әрі әртісі Жанна Аксартова (Велма Келли), ал негізгі рөлді Назарбаев универститетінің студенті әрі "Қазақстан дауысы" жобасының бұрынғы қатысушысы Нұрсұлтан Есенқұл сомдайды. Режиисері, хореографы әрі мәтінін аударған Ильяс Данияров. Сондай-ақ театрдың көркемдік безендірілуіне "Астана" ұлттық сурет галереясы директоры Лейла Махаттың үлкен үлес қосқанын айта кеькен жөн.

Қойылымның соңғы дайындықтары 28 ақпан және 7 наурыз күні Еуразия ұлттық университетінің сахнасында көрсетілген болатын. Жасыратыны жоқ, көрерменнің ілтипаты жоғары болды. Енді міне, "Аттракцион" студенттік жастар театры осындай дайындықтардан кейін өздерінің жаңа қойылымын астаналық көрермендерге ұсынбақ.

Өнер жанашырларын шақырамыз.

Келіңіздер, көріңіздер!


Пресс-служба Баспасөз қызметі Press office

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ L.N.Gumilyov ENU

Казахстан,г.Астана,ул.Мирзояна 2 Қазақстан,Астана қ.Мирзоян 2 к-сі Kazakhstan,Astana,Mirzoyan st 2

Тел: +7 (717) 270-95-48 Тел: +7 (717) 270-95-48 Tel: +7 (717) 270-95-48



www.enu.kz www.enu.kz www.enu.kz

lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет