Әбиба Абужақынова мен Нұрқанат Серікбаев бастаған дзюдошылар Түркияның Анталья қаласында өтетін турнирге қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Түркияның Анталья қаласында өтетін Grand Slam турнирінде өнер көрсетеді. Әлемнің 94 мемлекетінен, 660 спортшы сынға түсетін додада сайдың тасындай іріктелген сайыпқырандар белдеседі. 29-31 наурыз аралағында өтетін байрақты бәсекеде ел намысын 14 балуан қорғайды. Назарларыңызға Анталья аттанатын спортшылардың тізімін ұсынамыз. 

Ерлер:

60 келі. Нұрқанат Серікбаев

66 келі. Ғұсман Қырғызбаев

73 келі. Данияр Шамшаев

81 келі. Абылайхан Жұбаназар

90 келі. Ермахан Әнуарбеков

100 келі. Нұрлыхан Шархан, Әділет Сапарғалиев

+100 келі. Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер:

48 келі. Абиба Әбужақынова, Диана Буркеева

52 келі. Толғанай Әбеуова

57 келі. Бақыт Құсақбаева

63 келі. Самалай Ерғалиева, Гүлнұр Баханова

70 келі. Екатерина Токарева

78 келі. Маргарита Гриценко, Аруна Жангелдина

+78 келі. Ақерке Рамазанова, Мадина Парагульгова

Айта кетейік, бұл турнирде әлемдік рейтингтің көшбасшылары белдеседі. 60 келі салмақта ерлер арасында 39 балуан күрессе, Әбибаның салмағында 46 дзюдошы бақтарын сынайды. 

 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.