Ұлан ауданының 2012 жылдың қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық даму



жүктеу 59.54 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі59.54 Kb.


Ұлан ауданының

2012 жылдың қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық даму

қорытындылары
Әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын рейтингілік бағалау көрсеткіштері бойынша 2012 жылғы 10 айдың қорытындысына сәйкес, Ұлан ауданы облыс бойынша 8-ші орында тұр.

Өнеркәсіп. Ұлан ауданы бойынша 2012 жылдың қаңтар-қазан айында жалпы өндіріс саласының өнім көлемі (тауарлар және көрсетілетін қызметтер) 9710,1 млн.теңгені, физикалық көлем индексі 119,3% құрады, соның ішінде тау-кен өндірісі мен карьер жұмыстары - 701,3 млн.теңге (физикалық көлем индексі 46,9%), өңдеу өндірісі – 8203,9 млн.теңге (физикалық көлем индексі 140,4%).

«БелогорСтрой» ЖШС-нің қызметінің тоқтауына байланысты тау-кен өндірісі мен карьер жұмыстарының физикалық көлем индексі кеміді.



Ауыл шаруашылығы. Есепті кезеңге ауыл шаруашылық өнімінің физикалық көлем индексі 105,4% құрады немесе салыстырмалы бағада 11631,8 млн. теңге.

22129,8 тонна ет өндірілді немесе өткен жылдың осы кезеңдегісіне 120,0%, сауылған сүт – 45092,4 тонна немесе 100,2%, алынған жұмыртқа -16478,0 мың дана немесе 127,3%.

Ауыл шаруашылық өнімін асыра орындауға қарамастан кейбір ауылдық округтерде өнім өндірісінің төмендеуіне жол берілді, яғни Айыртау, Төлеген-Тохтаров, Бозанбай, Өскемен, Аблакетка, Багратион және Огневка, Асу-Бұлақ, Белогор кентінде.

Ірі қара малдын басы 45978 басты құрады немесе өткен жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда 99,3%, соның ішінде сиырлар - 18371 бас немесе 105,0%, қой және ешкі -108283 бас немесе 98,6%, шошқа - 8103 бас немесе 102,6%, жылқы - 16174 бас немесе 109,6%, құс – 1287300 бас немесе 119,9%.

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша ірі қара мал басы Төлеген-Тоқтаров (66,7%), Багратион (96,7%), Каменка (96,8%), Азово (99,7%) ауылдық округтерінде және Белогор (92,8%) және Қасым Қайсенов кентінде (98,6%).

Ұсақ мал басының (қой және ешкі) деңгейіне Саратовка (96,3%), Тарғын (99,2%), Айыртау (99,3%) ауылдық округтерінде және Белогор (85,0%), Асубулак (94,1%) және Огневка кенттерінде (94,7%) жетпеді.

8 ауылдық және кенттер округінде құс басы төмендеді, соның ішінде: Егинсу (51,6%), Таврия (57,6%), Багратион (58,3%), Гагарин (62,3%), Огневка (87,0%), Азовое (87,7%). Айыртау (87,9%), Саратовка (88,3%).

Шағын бизнес. Ауданда барлығы 103 кәсіпорын тіркелген немесе өткен жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда 99,0%.

Өткен жылдан 1 кәсіпорынға азайды, соның ішінде «Ұлан-Нан» ЖШС кәсіпорынды жабу есебінен.

Жұмыс істейтін 69 бірлік кәсіпорын немесе 101,5%, белсенділер 58 немесе 107,4%.

Бөлшек тауар айналымы. Есепті кезеңде бөлшек тауар айналымы 2747,6 млн. теңгені құрады. Бөлшек тауар айналымының физикалық көлем индексі 117,9% құрады.

Инвестициялық қызмет. Негізгі капиталға тартылатын инвестицияны игеру көлемі 2879,6 млн теңге немесе өткен жылдың сәйкестендірілген кезеңімен салыстырғанда 164,3% құрады.

Инвестицияның көп мөлшері республикалық бюджет есебінен 1156,4 млн теңге (40,2%) тартылды, кәсіпорынның және ұйымның жеке қаражаты есебінен 1055,1 млн теңге (36,6%) тартылды, жергілікті бюджет 377,4 млн теңгені (13,1%) құрады, қарыз қаражаты есебінен 290,7 млн теңге (10,1%) тартылды.

Аудан тұрғындарына енгізген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2998 шаршы метрді немесе өткен жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда 87,8 % құрайды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі есепті кезеңге 2025,3 млн теңгені немесе 172,9% құрады.

Білім беру. Қазіргі уақытта ауданда 41 мекеме және білім беру ұйымы жұмыс істейді, соның ішінде жалпы білім беретін мектеп - 35, жыл басындағы оқушылар саны 4224 адам.

Ұлан ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен 5 балабақшада 496 бала және 31 шағын орталықтарда 974 бала (барлығы 1470 адам немесе 90,4%) қамтылды. Мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамтылған балалар санының өсу темпі 115,2% құрады.

Дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтар санының өсу темпі 160,9%.

Денсаулық сақтау. 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес 438 бала (2011 жылы – 444 адам) дүниеге келді. Бала туу деңгейінің өзгеруі 98,6% құрады.

2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айындағы статистикалық мәліметтері бойынша 291 адам қайтыс болды, бір жасқа дейінгі қайтыс болған балалар саны 9 адам (2011 жылы – 8 бала). Қайтыс болу деңгейінің өзгерісі 93,3% құрады.

Туберкулез ауыруының 29 фактісі (2011 жылда 35 факт) және 2 өлім (өткен жылдың осы кезеңмен салыстырғанда 5 өлім) тіркелді, туберкулезбен ауыру деңгейінің өзгерісі 100 мың тұрғындарға 76,0% құрады.

Әлеуметтік қорғау. 2012 жылдың 3 тоқсандағы жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады, ол облыстық көрсеткіштен 0,4 пайыздық бөлімге төмен.

2012 жылдың 1 қараша жағдайына жұмыссыздардын саны 167 адам құрады.



  • Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 2012 жылы 460 жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жоспарланған, нақты 832 адам жұмыспен қамтылды.

  • 2012 жылы 525 жұмыс орнын ашу қаралған болса, нақты 540 жұмыс орны ашылды.

  • Биылғы жылы 50 жұмыссыз тұлғалар оқуға жіберу жоспарланса, нақты 55 жұмыссыз тұлға жіберілді.

  • Осы жылы «Жастар-іс тәжірибесін өткізу» бағдарламасы бойынша 11 адам жоспарланды. Бүгінгі күнге 20 адам жіберілді.

  • Ақылы қоғамдық жұмысқа 2012 жылы 635 адам жоспарланды, нақты 745 жұмыссыз тұлға жіберілді.

2012 жылдың 1 қарашаға атаулы әлеуметтік көмекке 332 адамға ұсыныс жасады, осыған 5,9 млн теңге төленді.

18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы алу үшін 1346 балаға ұсыныс берді, оларға 15,1 млн теңге төленді.

Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетуге 785 отбасы ұсыныс берді, 8,9 млн теңге төленді.

2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айында орташа еңбекақы 68293 теңгені құрады. 2012 жылдың қазан айында ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 19487 теңгенi құрады.



Тұрғындар санының өсу темпі 99,9% құрады.

Ауыз сумен қамтамасыз етілген тұрғындар санының өсу темпі 108,4% құрады.

Қылмыстық деңгей. 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айындағы статистикалық мәліметтер бойынша Ұлан ауданының аумағында 310 қылмыс тіркелген, оның ішінен ауыр және аса ауыр қылмыс -25, қастандық және адам өлтіру - 2, тонау және қарақшылық - 7, ұрлық -209, соның ішінде пәтер тонау - 48.

Қылмыс деңгейінің өзгерісі (өткен жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда 10 мың тұрғынға жағдайдың төмендеуі немесе өсуі) 92,0% құрады. Қылмыстың ашылу деңгейінің өзгерісі 93,0% құрады.



Бюджет. Ұлан ауданының 2012 жылғы нақтыланған бюджетінің кірістер және шығыстар бойынша 3956,162 млн теңге сомасында, оның ішінде жеке табыс 749,2 млн теңге, бұл жалпы түсімнен 18,9%,  трансферттер мен субвенциялар 3109,0 млн теңге және 2012 жылдың 1 қаңтарына бос қалдықтар 53,7 млн теңге сомасында.

Ағымдағы жылдың 10 айы бойынша бюджеттің кірістері 99,7%-ға орындалды, соның ішінде меншік табыстардың түсу болжамы 104,2%-ға орындалды. Болжам 605,4 млн. теңге болғанда, түскені 630,8 млн. теңге немесе болжам 25,4 млн. теңгеге асыра орындалды.

Бюджеттің меншік табысының өсу қарқыны 2011 жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда 115,6% құрады. Мемлекеттік бюджетке түсетін салық және салықтық емес түсімдер көлемінің өсу қарқыны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 132,5% құрады.

Алгоритм іс-шаралары бойынша аудан бюджетіне қосымша 12,438 млн теңге түсті. Алгоритмнің 16 іс-шарасының ауданда 12 іс-шарасы бойынша жұмыс қорытындысы бар. 4 іс-шара бойынша түсімдер жоқ.

2012 жылдың 1 қарашасына бюджеттің шығысы 3206,1 млн теңге сомасына орындалды, есепті кезеңнің қаржыландыру жоспарына 95,5% құрайды.

Игерілмегені 150,5 млн теңге, соның ішінде республикалық трансферттер 106,2 млн теңге, облыстық трансферттер 28,3 млн теңге және жергілікті бюджеттен 16,0 млн теңге.



Ауданның тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 20,1 млн. теңге, оның ішінде: «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша, ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу және абаттандыру-10,6 млн. теңге (қаражат басқа жобаға бөлінді), Таврия ауылындағы Песчаная көшесіне күрделі жөндеу жүргізу-8,3 млн. теңге. Сумен жабдықтау жүйесінің қызметі (Қасым Қайсенов кентіндегі Солнечная көшесі) -1,2 млн. теңге (орындалған жұмыстың актісінің болмауы).

Ауданның экономика және қаржы бөлімі бойынша 9,5 млн. теңге, оның ішінде: «Ауданның жергілікті орындау органдарының шұғыл шығындарының резерві» бағдарламасы бойынша-0,7 млн. теңге (әкімнің сұранымсыз резерві); «Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету шараларын жүзеге асыру» бағдарламасы бойынша-0,5 млн. теңге (ветеринария бөлімінің 3 маманын нақтылау бойынша кеміту); «Мамандарға әлеуметтік қолдау гараларын жүзеге асыру бойынша бюджеттік кредиттер» бағдарламасы бойынша-8,1 млн. теңге (ветеринария бөлімінің 3 маманын нақтылау бойынша кеміту).

Ауданның құрылыс бөлімі бойынша 96,9 млн. теңге игерілмеді, оның ішінде

Сағыр ауылындағы клуб құрылысы- 15,0 млн. теңге (сот шешімі бойынша конкурстық комиссияның шешімі жарамсыздығынан тоқтатылды) және Тарғын ауылындағы клуб құрылысының орындау жұмыстарының актісінің болмауы-5,0 млн. теңге.



Ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша - 7,7 млн. теңге, оның ішінде: «Жалпы білім беру» бағдарламасы бойынша-6,0 млн. теңге оның ішінде: ауданның қазынашылық бөлімінің төлеу счетының қайтару есебінен- 4,2 млн. теңге, мемлекеттік сатып алу бойынша үнем-0,5 млн. теңге, орындаған жұмыстардың актісінің болмауы-1,3 млн. теңге, мүгедек балаларды бағдарламалық жабдықтаумен қамтамассыз бойынша, үйде оқыту-0,5 млн. теңге, мемлекеттік сатып алу бойынша үнем.

Ауданның кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және вереринария бөлімі бойынша 1,4 млн. теңге, оның ішінде, мал көмінділерінің мемлекеттік жер актісінің болмауына байланысты.

Ауданның тірек ауылдары бойынша 34 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның ішінен 10 жоба аяқталды, 4 жоба аяқталу үстінде, 8 жоба келесі жылға ауыстырылды, 8 жоба ағымдағы жылдың аяғына дейін жүзеге асырылады, бір жоба бойынша қаражат қайта бөлінді.



Ұлан ауданының экономика

және қаржы бөлімі бастығы Р. Манапов


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет