Ұлан ауданының Қорғаншылық және қамқоршылық органының жұмыс туралы ақпарат 2015



жүктеу 22.25 Kb.
Дата25.03.2019
өлшемі22.25 Kb.

Ұлан ауданының Қорғаншылық және қамқоршылық органының жұмыс туралы ақпарат
2015

2015 жылдың қорытындысы бойынша ата-ана құқықтарын қалпына келтіргендер жоқ, ата-ана құқығынан айырылғандар саны 2, оның ішінде балалар саны - 3.


Аудан бойынша өз туыстарының ішінен 4 бала, қорғаншылықтағы 1 бала асырап алынды, балаларды асырап алу туралы істер сотта қорғаншы және қамқоршы органының қатысуымен қаралды. Бала асырап алу құпиялығы сақталған. Баланы ата-аналарының келісімінсіз асырап алу фактілері тіркелген жоқ.
Балалар үйі мекемесіне ата-анысының қамқорынсыз қалуына байланысты 5 бала орналастырылды.
Қорғаншылыққа өз туыстарының ішінде 6 бала алынды, республиканың басқа облысынан 2 бала қамқоршылыққа алынды.
Аудан бойынша бүгінгі күні 64 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар, соның ішінде жетімдер – 27, ата-анасының қамқорынсыз қалғана балалар – 37. Осының ішінде қыз балалар саны – 28.
Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалардың құқықтары сақталған. Қорғаншылықтан 1 қорғаншы өз міндетінен босатылды.
Қорғаншылар (қамқоршылар) өз міндеттерін орындау туралы есептерін қорғаншы және қамқоршы органына жылына екі рет беріп отырады. Қорғаншылар (қамқоршылар) өздеріне жүктелген құқықтары мен міндеттерін орындайды.
Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған 8 баланың, патронаттық тәрбиедегі 1 баланың жылжымайтын мүлікке үлесі бар.
Қорғаншылықты (қамқоршылықты) тоқтату фактісі, қорғаншылардың (қамқоршылардың) әрекетіне шағымдар түсу фактілері тіркелген жоқ
2014-2015 оқу жылында қамқоршылықтағы 6 бала 9-сынып түлектері, оның ішінде 3-і 10 сыныпты жалғастырса, 3-і Өскемен қаласының колледждерінде білім алып жатыр.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, балалардың құқықтарын қорғау комитеті жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру мәселесіне ерекше көңіл бөліп, «Патронат туралы» қаулысымен бекітілген Ереже негізінде Ұлан ауданында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды азайту мәселесі бойынша мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасы Ұлан ауданының тұрғындары арасында қолдау тапты.
2015 жылдың 1 қыркүйегіне патронат кандидат ретінде кезекте тұрғандар саны 4 азамат, 5 балаға.
Бүгінгі күні Ұлан ауданы бойынша 13 бала патронаттық тәрбиеде. 11 бала аудан мектептерінде білім алса, 2 бала Өскемен қаласы колледждерінде студент.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 32/388-IV шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатында ауданымызда 49 жетім және ата анасының қамқорынсыз қалған балалардың атына  тұрғын үй жинақ банкінен есеп шот ашылып, қаражат аудару жұмысы жалғастырылуда.
Ұлан ауданы бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспар негізінде барлық кент және ауылдық округтер әкімдерімен жұмыс атқарылуда.
Кешенді жоспар негізінде аудан бойынша 49 жетім балалар алынып отыр. Осы 43 жетім балаларға патронаттық мекеме ретінде 82 мекеме, 1432 қызметкер қамтылып отыр.
Аудандағы барлық қамқоршылар мен қорғаншылар өз қамқорлығындағы балаларға тұрғын-үй жинақ банкінен есеп шот ашып аяқтады, 2015 жылдың 1 қыркүйегіндегі есеп бойынша аударылған қаражат мөлшері 5 455 955 тенге.
2015 жылдың 26 қарашасында өткізілген аудандық «Мейірім» акциясы аясында қайырымдылық концерті ұйымдастырылып, қорға 1 623 430 теңге қаражат жиналды.
Балалардың құқықтарын қорғау үнемі білім бөлімінің бақылауында.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет