Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығында сатып алушылар тарапынан сұраныс азайған. Ақпан айының қорытындысы бойынша 30 мыңнан астам ғана келісім жасалған. Бұл көрсеткіш қаңтар айымен салыстырғанда 4%-ға аз. Баспанаға сұраныстың төмендегенін әсіресе Алматы қаласынан байқауға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Оңтүстік мегаполис жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша өңірлер арасында көш басында екеніне қарамастан, ақпан айында Алматыда үй сату көрсетіші айтарлықтай төмендеген. Статистикаға сәйкес, сату көлемі 22%-ға төмендеп, 6,5 мыңға жетпей қалған. Ал қаңтар айында үй сатып алу туралы келісім саны 8 мыңнан асқан. Негізгі бастапқы тұрғын үй 1,5%-ға, қосымша тұрғын үй – 0,5%-ға арзандаған.

“Коттедждік құрылыстардағы шаршы метрдің құны өскен”

Өз кезегінде Алматыда жалға беру бағасы да шамамен 3%-ға төмендеді. Баспана бағасының құлдырауына аймақтағы сейсмикалық жағдай әсер еткені сөзсіз. Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтарға қараған түні және 4 наурыз күндізгі уақытта шамамен 5 баллдық жер сілкінісі болды. Үй бағасы төмендегенімен, сарапшылар бұл құбылыстың ұзаққа созылмайтын айтты. Олардың болжамына сәйкес, жақында тұрғын үй бағасы қайтадан көтеріле бастайды.

“Қазір көппәтерлі, әсіресе көпқабатты тұрғын үй қожайындарының тарапынан ұсыныстар көбейген. Олардың ұсынып отырған бағалары үйдің өз бағасынан 10-20%-ға төмен. Алайда мұның кері тұсы да бар. Бүгінде коттедждік құрылыстардағы шаршы метрдің құны өскен, үш қабатқа дейінгі үйлерге деген сұраныс қарқынды түрде артуда. Бұл сараланымнан қарасақ, баға 10-20% өскен”, – дейді Қазақстан риэлторларының біріккен қауымдастығының президенті Александр Пак.

“Ескі аудандағы 28 миллион теңге тұратын пәтер 35-40 миллион теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін”

Алматы – барлық өңірден келген адамдар шоғырланған ірі қаржы орталығы. Сол себепті сарапшылар шаһардағы сатылым көлемінің айтарлықтай төмендеуі мүмкін емес деп санайды. Оның үстіне жер сілкінісіне төзімді үйдің иелері бағаны күрт көтеруі мүмкін. Қазірдің өзінде құны 25% -50%-ға артуы ғажап емес. Мысалы, ескі аудандағы 28 миллион теңге тұратын пәтер 35-40 миллион теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Мамандар жаңадан салынып жатқан ғимараттардың да бағасы көтерілуі мүмкін екенін ескертеді.

“Енді құзырлы органдар құрылысқа рұқсат бергенде мұқият болады деп ойлаймын. Осыған байланысты көпқабатты үйлер салуға болатын аумақ азаяды. Болашақ ғимараттардың сапасы мен технологиясына қойылатын талаптар да күшейтілмек. Барлық жаңашылдық пен өзгерістерден кейін мұндай үйлердегі пәтер құны өседі”, – дейді инвестиция және жылжымайтын мүлік нарығы бойынша халықаралық сарапшы Лев Тетин. 

“Қазақстанда алдағы 3 жылда пәтердің бір шаршы метрінің құны төмендемейді”

Қазақстанда қаңтармен салыстырғанда ақпан айында тұрғын үй нарығындағы сатылым төмендеген. Бірақ мамандар бұл қысқа мерзімді көрсеткіш екенін айтады. Егер статистиканы жылдан жылға, яғни 2024 және 2023 жылдың алғашқы екі айдағы көрсеткішпен салыстыратын болсақ, алу-сату операцияларының саны 30%-ға дерлік өскенін байқауға болады. Сондай-ақ бұл тенденция алдағы уақытта дами бермек.

“Бұл 2021 жылғы зейнетақы жарнасының нарыққа шығуы, бір шаршы метр құнының айтарлықтай өсуіне әкелді дегенді меңзейді. Бір жыл ішінде баға 25%-ға өсті, ал осы 3 жылда жалпы шаршы метрдің бағасы 100%-ға артқан. Сұраныстың ең жоғары өсімі 2021 жылы байқалады – 606 мың келісім жасалды десек, 2 жылдан кейін бұл көрсеткіш азайды. 2022 жылы 467 мың транзакция болса, өткен жылы біз 371 мың транзакция жасалды. Қазір сұраныстың қайта қалпына келгені байқалады. Нәтижесінде биыл жыл соңында баспанаға сұраныстың артады. Жалпы алғанда сату көлемі 400-410 мыңға жетеді, мұның өзі бағаның 10-12%-ға өскенін көрсетеді”, – Лев Тетин.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда алдағы 3 жылда пәтердің бір шаршы метрінің құны төмендемейді. Өнеркәсіп импортқа тәуелді. Құрылыс материалдарының жартысына жуығы шетелден импортталады. Сәйкесінше, әлемдік бағалар мен логистика тұрғын үй құнына кіреді. Сонымен қатар, Қазақстанда жыл сайын 450 мыңнан астам адам дүниеге келеді. Тиісінше, халықтың баспанаға деген сұранысы арта береді.

Бұған дейін жер сілкінісіне байланысты Алматыдан басқа қалаларға қоныс аударғысы келетіндер көбейгені туралы жазған едік.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.