«Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады»



жүктеу 133.67 Kb.
Дата28.03.2019
өлшемі133.67 Kb.

«Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады»
«Адамның бұзылуы оның тілінің шұбарлануынан басталады» (Р. Эмерсон) демекші ана тіліміздің шұбарланғанның үстіне шұбарланып бара жатқандығы ұлтжанды азаматтардың жанына қатты батып жүргендігі бәрімізге белгілі. Алайда, басқа ұлт тілінде тәлім-тәрбие алып, ұлттық салт-санадан ауытқып бара жатқан, «Ң» мен «Ғ» ға тілі келмейтін шала қазақтардың ойы басқаша. Олар ана тілінің аянышты хал-жайынан мүлде хабарсыз деуге болады. Сондықтан тіл мәселесіндегі күрделі түйіндерді дереу шешуге бет бұру қажет болып отыр. Мұнда ең алдымен тіл дыбыстарын бір жүйеге түсіру қазақ тілінің шұбарланыуының алдын алудың  кілті екендігі анық. Сондықтан мен қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген тіл дыбыстарын топтарға бөліп қарастыруды жөн көріп отырмын.

Менің түсінігімше қазіргі қолданып отырған әліпбидегі жалпы қазақ тіл дыбыстарын төлтума дыбыстар, қолданбалы дыбыстар және кірме дыбыстардеп үш топқа бөлуге болады. Бірінші топтағы қазақ тілінің төлтума дыбыстарын бейнелейтін таңбаларға мына әріптер жатады. Олар: Ә, Ү, Ө, Ұ, Ғ, Қ, Ң .

Қазақ тілінің ұлттық сын-сыйпатын айқындайтын тіл дыбыстары төлтума дыбыстар деп аталады. Бұл тіл дыбыстарын таңбалаған  әріптерді ағылшын тілі мен орыс тілі дыбыстарымен салыстырғанда қазақ тіліндегі қолдану аясы өте маңызды. Өйткені бұл тіл дыбыстарына қазір әлемге үстемдік құрып отырған ағылшын тілі мен құлдық санамызды құрсаулап тұрған орыс тілінде дәл келетін тура дыбысы жоқ болғандығы себепті, компьютер тілінің пернетақтасынан орын ала алмаған. Сондықтан осы бір төлтума тіл дыбыстарымыздың маңызы қазақ тілінде мүлде көрнектіленбей келеді. Оның мысалы ретінде «Ә»-нің орнына «Э» немесе «Е»-нің, «Ө»-нің орнына «О»-ның, «Ғ»-ның орнына «Г»-нің, «Қ»-ның орнына «К»-нің, «Ң»-ның орнына «Н»-ның, «І»-нің орнына «И»-дің, «Ұ»-ның орнына «У»-дың қолданылуын көлденең тартуға болады. Сол себепті біз қазақ тілінде өз ұлытымызға ғана тән өзіндік ерекшелігі бар осы төлтума дыбыстарымыздың маңыздылығын жете түсінібей тұрып, тіл мәселесіндегі түйіншек түйткілдерді шеше алмайтындығымыз анық. Әсіресе, латын жазуына көшкенде осы бір ұлттық төлтума дыбыстарымыздың бір-біріне жақын келетін жуан, жіңішке дыбыстардың дербес таңбалануына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Өйткені бұл тіл дыбыстары ана тіліміздің мән-мәйегін айқындайтын бағдаршам екендігі айдан анық.

Түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады.

 Латын графикасына көшу – бізге алдымен орыс тілінің ықпалынан құтылу үшін қажет. Өздеріңізге белгілі, өткен ғасырда біз әліпбиді үш рет ауыстыруға мәжбүр болдық. 1929 жылға дейін араб әліппесіне негізделген төте жазуды қолдандық. 1940 жылға дейін латын жазуын пайдаландық. Яғни латын әрпі қазақ үшін бейтаныс деуге болмайды.

Біріншіден, болашақта түркі ха­лық­тары латын таңбаларына негізделген ор­тақ әліпбиге көшеді. Түркия осы әліпбиді қол­данады. Соңғы жылдары Әзірбайжан мен Өзбекстан да осыған өтті. Алдағы уа­қытта өтеміз деп отырған түркі елдері көп.



Екіншіден, латын әрпіне көшу арқылы біз әлемдік кеңістікке жақындаймыз. Қазақстан өзгелермен терезесі тең ел болған кезде, бұл біз үшін өте маңызды. Қарап отырсаңыз, күнделікті өмірімізде латын тілімен жиі бетпе-бет келеміз. Та­уарлардың көпшілігінде ақпараттық жазулар латын тілінде жазылған. Ком­пьютерлік техникалардың көпшілігі латын тілінде жұмыс істейді. Сондықтан латын әліпбиіне көшу арқылы біз осы мәселені шешкен болар едік. Меніңше, ағылшындардың 26 әрпін пайдалану керек. Олар бірнеше таңбамен бір дыбыс береді. Осында бір мән бар. Бізде де екі таңбамен бір дыбысты беруге болады. Алғашқы Алтынсарин енгізген грамматикада әріптерді қосарлап жазатын. Одан басқа, тағы бір жолы бар. Мысалы, «ә» әрпі жүрген жерде жіңішке буын жүреді. Мұны ағылшындар сияқты дәйекшемен бермейміз бе? Бұл жылдамдатудың, әріпті сақтаудың жолы. Түбі түркі халықтары соған қол жеткізсе, бір-бірімізді оқи беретін боламыз. Кириллица бөлінген қазақты біріктіретін болса, 20 жыл өтті емеспе. Егер білім көзі қазіргідей орыс тілі болған жағдайда, қазақ ешқашан қазақша сөйлемейді және балаларын қазақ мектебіне 100% бере қоймас. Қазірдің өзінде қала қазақтары балаларын орыс мектептеріне беріп жатыр. Оған альтернатива қазақ тілі және ағылшын тілі болуы керек, әрине латын әрпін қолдану арқылы. Латын әрпіне өткен жағдайда кең көлемде шрифтерді қолдануға болады. Еліміздің бүгінгі жеткен биігіне шығуы жолында жазу мәдениетіміз де өз үлесін қосты. Себебі жазу – мәдениеттің ажырамас бір бөлшегі. Жазбаша тілді ауызша тілдің графикалық бейнесі деуге болады. Сондықтан әліпби  мен жазу мәселесіне әлеуметтік лингвистика тұрғысынан жете назар аударған жөн. Жазудың қандай түрі болмасын белгілі бір таңбалар арқылы жасалады. Әліпби жасау  үшін алдымен  графикалық лингвистика  теориясын терең танып,  тілдің дыбыс жүйесіндегі фонемалардың өзіндік фонологиялық ерекшеліктеріне жете назар  аударып,   бөгде  тілдерден енген сөздерге қатысты фонемаларды қалай  таңбалау  керек  деген  мәселелерді шешіп алу керек, одан кейін тілдің  болмысын танытатын негізгі заңдылықтарын біліп, тілдің  табиғатына сай келетін, өзіндік дыбысталу  ерекшеліктеріне кері әсер етпейтіндей ескеріп таңбалау  керек.   Жазу барысында әр әріптің өзара кездесу жиілігі де  назарға алынуы тиіс. «Латын әліпбиін қабылдаған жағдайда келешек ұрпақ кирилл жазуы негізіндегі бұрынғы бай жазба мұрамызды оқи алмай қалады» деген қорқынышқа жол жоқ. Халқымыздың барлық жазба мұрасы  мен  жәдігерлерін латын әрпіне бірте-бірте, кезеңімен көшіріп алуға мемлекетіміздің  мүмкіндігі жетеді. Латынға  көшу – қазақтың тілінің болашағы, сондықтан кейбір қиыншылықтардан қорқудың, алаңдаушылықтың қажеті жоқ. Қазақ халқы да  осы уақытқа дейін талай тарихи кезеңдерден өтсе де, өзінің тілін жоғалтпай, тарих толқынында тура жолдан адаспай, бірнеше әліпби ауыстырса да жазба мәдени мұрасын өзімен бірге алып келеді. Латын әліпбиі, әлемде кеңінен қолданылады[1][2]. Б.з.б. 7 ғасырдада Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. 1 ғасырында қалыптасты. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай (брустрофедон бойынша) жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған. Б.з.б. 4 ғасырдан бастап жазу тек солдан оңға қарай жазылды, алғаш 20 әріпболды. Әліпбиге б.з.б. 230-жылдары G, Y және Zәріптері енген, соңғы екеуі грек тілінен кірген сөздер үшін алынған, алJ, U, W әріптерінің қолданылуы қайта өркендеу дәуіріне жатады. Орта ғасырда Латын әліпбиі Еуропаға тарады,Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Латын сөздерін оқуға негізделген әріп таңбалары қалыптасты. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. Дауысты дыбыстар созылыңқы және қысқа айтылады, осыған байланысты сөздердің мағынасы өзгереді: līber — тәуелсіз, liber — кітап. Латын әліпбиінде алты монофтонг (жалаң дауысты) — а, е, і, о, u, у,сондай-ақ екі дифтонг (қос дауысты) — аu, еu бар. Үш диграф (қос таңбалы) -- ae, oe, ue бар. Дауысты дыбыстардыңсанына, орналасу тәртібіне байланысты сөзге екпін түседі, буындар да осы негізде жабық (дауыссызға бітсе) және ашық (дауыстыға немесе дифтонгқа аяқталса) болып бөлінеді.

Негізгі таңбалар

Латынша

Кирил-қазақша







Басылуы

Жазылуы

Аталуы

Оқылуы







A a

A a

а

а







B b

B b

бы

б







C c

C c

шы

ш







D d

D d

ды

д







E e

E e

е

е







F f

F f

еф

ф







G g

G g

гі

г







H h

H h

һа

һ







I i

I i

і

і, (ы)







J j

J j

жі

ж







K k

K k

кі

к







L l

L l

ел

л







M m

M m

ем

м







N n

N n

ен

н







O o

O o

o

o







P p

P p

пы

п







Q q

Q q

қу

қ







R r

R r

ер

р







S s

S s

ес

с







T t

T t

ті

т







U u

U u

ұ

ұ







V v

V v

вый

в







W w

W w

дабылу

у







X x

X x

ғы

ғ







Y y

Y y

ай

й, (и)







Z z

Z z

зет

з










Құрама таңбалар

Басылуы

Ықшам тұрі

Оқылуы







AE

ae

Ää

ә







CH

ch




ч







GH

gh




ғ







I`

i`

Ĭ ĭ

ы







KH

kh




х







NH

nh

Ŋŋ

ң







OE

oe

Öö

ө







PH

ph




ф







SH

sh




ш







UE

ue

Üü

ү






Мемлекеттік ұлттық тіліміздің баршаға ортақтығы белгілі бір заңдылықтардың, нормалардың болуын талап етеді. Ол нормалардың тіл білімінің барлық салаларында болатыны анық. Тілдің дыбыстық және мағыналық табиғаты мен таңбалануы, сандық ерекшеліктерінің үйлесімді болып келуі. Сауатты жазудың кепілі орфографиялық ережелерді мұқият сақтап отыруда.


Қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты мәселелерді жылдар бойы ғалымдар мен әдебиеттанушылар қауымы зерттеп, халыққа үздіксіз қызмет етуде. Дегенмен де қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бірқатары терең зерттелінгенімен зерттеуді одан әрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың зерттей түсетін тұстары да баршылық.
Қазақ тілі түркі тілдес халықтардың ішіндегі сөздік қоры жағынан өте бай, дамуы жағынан да көш озық тұрған тіл. Кезінде түрколог В.Радлов «Әлем тілдерінің ішінде мен үш тілді ұлы деп білемін. Ол―орыс, француз, қазақ тілдері»―деп баға берсе, тағы бір әйгілі түрколог С.Е.Малов: «Түркі халықтары ішіндегі ең суретшіл образды тіл―қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен де, әсемауыз әдебиетімен де даңқты»―деген болатын.
Әділін айту керек, «ң» қатардағы көп дыбыстың бірі емес, қазақ тілін әлемдік тілдерден, тіпті, туыс түркі тілдерінен де даралап, өзіндік сипатын көрсететін ерекше қасиетінің бірі – осы «ң».

Қазақ баласы «іңгәлап» туады, өмірге іңкәр болады, ыңылдап әндете бастайды, дүниеге таңдана қарайды, ыңғайлы кәсіппен айналысады, сұңқар баулып, аңға салады, қалың беріп, келін алады, бір-біріне жеңіс тілеп, «оң болсын» айтады. Қысқасы, «тең-құрбымен тебісіп» өскен қазақтың шаруасы «ың-шыңсыз» бітпеген.



Аңғал, аңқау қазақ тілінің қатыгез ұл-қыздарының тепкісінен ыңыршағы шығып, «ынға»(н) айналып кеткені қашан… Журналшыларға «Ыңсыз сөйлейтін кімсіз?!» дейтін арлы, намысты бастық табылар емес.

Орыстар жұмбақ, жабық мекемені «н» деуші еді, «ң»-нан «н»-ге көшкен қазақ тілінің мәселесі «ың-шыңсыз» жабулы қазан күйінде қала берсе шешіле қоймайды-ау, сірә? Әзірге «ыңсыз» ыңғайсыз болып тұр.
Каталог: uploads -> 2018 -> post01
post01 -> Сабақ негізделген оқу мақсаттары Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау
post01 -> Кіріспе Аты аңызға айналған барлық түркі халықтарының атасы – «Алаш» атын алған партия қазақ даласындағы алғашқы дербес партия. Бұл партия либералдық көзқарасты жақтайтын ұлт зиялыларынан құралды
post01 -> Оқу ісінің меңгерушісі 2014 ж Пән аты: Информатика
post01 -> Шаян көп салалы лицей жалпы орта мектебі
post01 -> «Доптар мектебі» Білім беру саласы
post01 -> Айнұр Жүнісова Бақтиярқызы
post01 -> Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу
post01 -> Кайып Акбота Баймураткызы Ақтөбе қаласы, М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясының мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет