Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай



жүктеу 78.17 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі78.17 Kb.
түріКонкурс





РММ «Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқарамасы» 110007, Костанай облысы, Қостанай қ., Мауленова көшесі, 21 үй, анықтама үшін телефондары 8 (7142) 28-85-36, электрондық мекен-жай: D.Nygmetzhan@kgd.gov.kz, «Б» корпусына әкімшілік мемлекеттік қызметтерге бос орындарға жұмысқа орналасуға, осы мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметкерлер арасында ішкі конкурс жариялайды:
1. Мәжбүрлеп өндіріп алу және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс бөлімінің бас маманы, санаты С-R-4, 1 бірлік.
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73 289 теңгеден 99106 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:

- Қостанай қаласының жеке кәсіпкерлері мен заңды тұлғаларының жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасының, ЖЗҚ-на әлеуметтік есеп бойынша салықтық берешегінің жағдайына әрдайым талдау жасау.

- Салық төлеуші-борышкерлерге (3АЕК жоғары) салық берешегі туралы,салық заңнамасының бұзушылығын жою туралы хабарламалар құру және жолдау (3АЕК аз емес), БСАЖ жүйесінде статустарды қою.

- Салық төлеуші-борышкерлерге ЖЗҚ аударылатын зейнетақы жарнасының соммасы туралы хабарламалар құру және жолдау, БСАЖ жүйесінде статустарды қою.

- Салық төлеуші-борышкерлерге ГФСС әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын мүшелерінің тізімін салық органына ұсыну туралы хабарламалар құру және жолдау, БСАЖ жүйесінде статустарды қою.

- «берешегі-2» бойынша ҚР БСАЖ мәліметтерді енгізуді жүргізу.

- «берешегі-2» бойынша Қостанай облысы бойынша МКД және Қостанай облысының прокуратурасымен салыстыру жүргізу.

- Салық төлеушінің банкілердегі есеп шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы салық органының өкімін уақытылы құру және жолдау.

- Салық төлеушінің банкілердегі есеп шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы салық органының өкімін Салық кодексінің 611 бабы 5 тармағына сәйкес кері қайтаруды құру және жолдау.

- Салық төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы салық органының өкімін уақытылы құру және жолдау.

- Салық төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкімін Салық кодексінің 612 бабы 4 тармағына сәйкес кері қайтаруды құру және жолдау.

- Сот органының шешімі бойынша Салық төлеушінің банкілердегі есеп шоттары бойынша шығыс операцияларына тоқтату жүргізу.

- Салық төлеушінің тіркелген орны бойынша жоқ болуына байланысты, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын.

- Акт-тізімін құру арқылы салық берешегінің есебінен салық төлеушінің мүлкінің тізімін құру.

- Мүлікпен жұмыс жасау уәкілетті мемлекеттік органына мүлікті ары қарай сату үшін салық төлеушінің мүлкіне шектеу қоюына мәжбүрлеу үндеуі туралы қаулыны жолдау.

- Мәжбүрлеп өндіріп алу туралы сот органының шешімінің негізінде мүлікке шектеу қою өкімін жүргізу.

- Борышкерлерде мүліктері бар не жоғы жөнінде сұрауларды тіркеу органдары: Қостанай облысы бойынша ҚМО, Әділет басқармасына, «Астык» КУБ, Жер комитетіне, Қостанай облысы бойынша кедендік бақылау департаментіне, сонымен қатар дәрменсіз борышкерлер бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы жөнінде екінші дәрежелі банктерге жолдау.

- Мұрағатта орналасқан банкроттық жеке кәсіпкерлердің және кәсіпорындардың заң бөлімінде сақталуын қамтамасыз ету.

- Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына әлеуметтік аударымдар, ЖЗҚ зейнетақы жарналарының салықтық берешегі жөнінде, мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары туралы, жеті сайын, ай сайын, тоқсан сайынғы есептерді ұсыну бойынша бақылаудағы тапсырмаларды, Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер депаратментінен, салық төлеушілер мен құқық қорғау органдарынан келіп түскен бір реттік тапсырмаларды орындау.

- Дебиторлардың банктк шоттарындағы ақшаны өндіріп алу арызы туралы хабарламалар құру және жіберу.

- Салық төлеуші-борышкердің берешегінің болуы туралы дебиторларға тексеріс жүргізу.

- Салық төлеушілермен олардың дебиторлары арасындағы алашақ берешектерін анықтау, екінші деңгейдегі банкілерге салық тексерістерін жүргізу.

- Салық төлеушінің кассасына салықтық тақырыптық тексерістер жүргізу.

- Жазбаша сұраулар бойынша Қостанай облысы бойынша МКД мен Қостанай облысының прокуратурасымен салыстыру жүргізу.

- Салық төлеушінің банктік шоттарындағы ақша қаражаты есебінен салық берешегін өндіріп алу туралы, салық міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарын өндіріп алу туралы Қостанай қаласы бойынша МКБ инкассалық өкімдерді құру және жолдау.

- Салық кодексінің нормаларына сәйкес салық төлеушімен берешектің толық өтеуі барысында бұрынғы Қостанай қаласы бойынша МКБ инкассалық өкімді қайтарып алуды құру және жіберу.

- Салық төлеуші-дебитордың салық берешегі туралы инкассалық өкім жолдау және құру.

- Салық кодексінің нормаларына сәйкес салық төлеуші-дебитормен берешектің толық өтеуі барысында бұрынға инкассалық өкімді қайтарып алуды құру және жіберу.

- Қостанай қаласы бойынша МКБ шақырылуына қажет салық төлеушінің орналасқан орнын анықтау іс-шараларында қатысу.

- Заңнамамен бекітілген мерзімде салық төлеушілердің арыздары мен өтініштерін қарастыру.

- Салықтық міндеттерді орындау бөлімінде салық заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.

- Құзырет шегінде Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің, МКБ басшылығының, мәжбүрлеп өндіріп алу және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі бөлім басшысының тапсырмаларын орындау.

- Техникалық құралдарды пайдаланған жағдайда ақпараттардың бөлім жұмысында кемуі және жариялау жүргізілетін құпия режимдерін сақтау.

- Әкімшілік қаулылармен және хаттамалар бойынша ҚР БСАЖ деректерін енгізу бойынша мерзімді сақтау.

- АрмЕУСС мәліметтерді уақытылы және сәйкесінше енгізу.

- Әкімішілік іс бойынша сәйкесінше және уақытылы іс қозғау және жүргізу.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғарғы білім: әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, менеджменьт, есеп және аудит, қаржы), кеден ісі, салық ісі.

Орта білімді немесе техникалық және кәсіби білім жіберіледі: Қаржы (банк ісі, қаржы менеджменті, қаржыны бақылау және аудит, салық және салық төлеушілер, салық менеджменті), есеп және аудит (бухгалтер, бухгалтерлік-тексеру (аудитор), экономист бухгалтерлік есеп бойынша және шаруашылық қызметін талдау) мемлекеттік қызмет біліктілігі бір жылдан кем емес бар болу немесе облыстарда жұмыс өтілімі екі жылдан кем емес, нақты қызмет нұсқауымен дәрежесі сәйкес жібереіледі.

Келесі құзырлықтардың болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген ««Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) жарияланған деректердегі қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтініш;

2) қызметтік тізім, құжатты ұсынған күнге дейін отыз күнтізбелік күннен кем емес қызметкерлерді басқарудың кызметіне сәйкес куәландырылған.

Құжатты толық түрде ұсынылмаған болса, конкурстық комиссияның қарауына бас тартылады.

Азамат өзіне қатысты қосымша ақпарат, олардың біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби дәрежесіне және беделіне (біліктілігін жоғарлату, ғылыми дәрежесі мен атағы берілген, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар, басқада ақпараттар, олардың кәсіби қызметінің айқындайтын біліктілігі құжаттардың көшірмесін) ұсына алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлға конкурс жариялаған мемлекеттік органға келу арқылы, почта немесе D.Nygmetzhan@kgd.gov.kz электрондық почтаның мекен-жайына электронды түрде, «Е-gov» Үкімет электрондық порталы арқылы құжаттар қабылдау уақытында құжаттарды ұсынады.

Е-gov» Үкімет электрондық порталы арқылы мемлекеттік органға электрондық почта арқылы құжаттарды ұсынған кезде, олардың түпнұсқасын әңгімелесуге екі сағат қалғанда табыстау керек. Құжаттарды ұсынбаған жағдайда конкурстық комиссияға әңгімелесуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ішкі конкурс өткізу туралы жарияланған соңғы жарияланымнан кейінгі келесі есептелген жұмыс күні.

Әңгімелесу өткізу орыны: кандидаттар, ішкі конкурсқа қатысушылармен және әңгімелеуге жіберілгендер, Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер ғимаратына, мына мекен-жай бойынша: Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Мауленова көшесі, 21 үй, әңгімелесуге жіберілгені туралы қатысушыларға хабардар еткенен кейін 3 жұмыс күні аралығында келеді.

Ішкі конкурс жұмысының объективті және ашық түрде өтуін қамтамасыз ету үшін, оның отырысына бақылаушылар шақырылады.

Конкурстық комиссиясының отырысына бақылаушылар реттінде Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихаттың барлық дәрежесіндегі депутаттар, БАҚ өкілдері, аккредитив тәртібінде Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген, басқада мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдар (мемлекеттік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдармен және саяси партиялар, мемлекеттік қызмет (қарай-уәкілетті орган) істері жөніндегі уәкілетті органдардың қызметкерлері қатыса алады.

Конкурстық комиссияның отырысына бақылаушы тұлға реттінде қатысу үшін, әңгімелесу өткізу басталғанан бір күн бұрын қызметкерлерді басқару қызметінде (кадрлық қызмет) тіркеледі. Тіркеу үшін тұлға қызметкерлерді басқару қызметіне осы Тәртіптің 26 бөлімінде көрсетілген ұйымға қатысы барын айғақтайтын, электрондық құжаттар көшірмесін немесе көшірмесін, жеке басын куәландыратын электрондық құжаттардың көшірмесін немес көшірмесін ұсыну қажет.

Сарапшылар реттінде тұлға, конкурс жариялаған мемлекеттік органда қызметкер болып табылмайтын, осы салада тәжірибесі бар, бос орындар лауазымына бағытталған атқарымына сәйкес, соның ішінде ғылыми салада, сонымен қатар қызметкерлерді жылжыту және іріктеу мамандары, басқа мемлекеттік органдардан мемлекетік қызметкерлер, Қазақстан Республикасының және мәслихаттың депутатары болып табылады.

Конкурсқа қатысуға кеткен шығындарды (әңгімелесу өтетін орынға барып келу, тұрғын үй ғимаратын жалға алу, байланыс қызметінің барлы түрлері қолданылғаны үшін) азамат өз қаражатын қолданады.

Конкурстың комисиясының шешімімен келіспеген қатысушылар және кандидаттар уәкілетті органға немес оның аумақтық бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануына болады.
03.03.18 ж.

Қосымша 



Мемлекеттік орган

____________________________________________________________     
Өтініш
Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны __________________________________________

________________________________________________________________________________

__________                       _______________________________


   (қолы)                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 "____"_______________ 20__ г.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет