Қазастанда желтоқсан айында тауарлар мен қызметтер бағасының жылдық өсімі 9,8%-ды құрады. Бұл қараша айымен салыстырғанда 0,5-ке арзан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жыл бойына индикатор наурыз айынан бастап тұрақты түрде төмендеген.

Ақылы қызметтер бағасы бір жыл ішінде 12,4%-ға өскен. Коммуналдық қызметтердің ішінде қоқыс шығару бағасы 33,2%, кәріз бағасы 28,8%, орталықтандырылған жылу бағасы 26,1% өскен.

Азық-түліктік емес сектордағы инфляция 9,1%-ды құрады. Жекелеген өнімдердің ішінде дизельдік отын, бензин, баллондағы сұйытылған газ бағасы назар аудартып отвр. 

Азық-түлік бағасы жылдағымен слыстырғанда қатты қымбаттамаған. Баға небәрі 8,5 пайызға өскен. Әсіресе күріш бағасы 34,3 пайызға айтарлықтай өсті, қарақұмық 22,6 пайызға, күнбағыс майы 18 пайызға арзандаған.

Айлық инфляцияға желтоқсанда қарашадағы көрсеткіштермен салыстырғанда төмендеп, 0,8%-ды құрады. Азық-түлік 0,9%-ға, ақылы қызметтер 0,8%-ға, азық-түліктікемес тауарлар 0,5%-ға қымбаттады.

Ұлттық статистика бюросының түсіндіруінше, қызметтер мен тауарларға тарифтер мен бағаларға, барлығы 508 позицияға бақылау жүргізілуде. Сонымен қатар, 2023 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін құру кезінде азық-түлік тауарларының үлесі – 41,8%, азық-түлік емес тауарлар – 29,6%, ақылы қызметтер – 28,6 пайызды құрайды. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.