“Хабар” арнасының жабылып қалған "Бірақ…" ток-шоуының шулы эпизодының құрбаны болған Гүлмира Смаилова қазіргі жағдайын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан алынған скрин

"Қорғау Астана" қорының жетекшісі Анна Рыль Гүлмираның өзін өзі жинап, қайтадан жұмысына кіріскенін хабарлады. 

"Ол оқиғадан бері бес күн өтті.  Гүлмираны бірі қолдаса, енді бірі әртіс деп айтып жатыр. Кейбірі оның қазіргі жағдайы мен қайда екенін сұрап жатыр. Сондықтан ел алдына шығып мәлімдеме жасауды жөн көрдік. Оқиғадан кейін алғашқы екі күн бәріміз жан күйзелісінде болдық. Келесі екі күнде өзімізбен жұмыс жасап, Гүлмира психологпен сөйлесті. Қазіргі таңда жұмысына қайта кірісті. Ол қандай жағдай болмасын өз ісіне өте тиянақты әрі жауапты. 

Осы бес күн ішінде баспанамызға 4 әйел, 6 бала келді. Оларға көмек көрсетілуде, мамандар жұмыс жасауда. Бізді әлеуметтік желіде қолдағандардың бәріне алғыс айтамыз. Қолдау ісімізге қайта кірісіп, сенімімізді жоғалтпауға көп көмегін тигізді. 
Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Біздің болашағымызға әрқайсыңыз өз үлестеріңізді қоссаңыздар", — деді Анна Рыль. 

Ал Гүлмира Смаилова аз уақыт күйзелісте болғанын, алайда қазір жақсарып келе жатқанын айтты. Ол өзін қолдағандарға алғысын білдірді. 

Бұған дейін “Бірақ…” бағдарламасының алғашқы шығарылымында күйеуінен ұзақ уақыт бойы таяқ жеп жүрген әйел келіп мәселесін айтқан. Желідегі жазылған пікірлерде әйелдің ток-шоуға күйеуінің келетінін білмегені айтылады. Бағдарлама барысында күйеуі ортаға шығып, ұйымдастырушылар ұсынған гүлді әйеліне беруге ұмтылады. Алайда әйел одан көп қорлық көргенін алға тартып, гүлді алудан бас тартады. Осы сәтте жүргізуші “рамазан айы” екенін еске салып, татуласуға шақырады. Бірақ әйел бағдарламаның ортасында қатты қорқып, жылап қалғанын көруге болады. Тіпті жүргізушілер де осы сәтте не істерін білмей, абдырап қалғаны байқалды.

Осы хабардан соң желіде “Күйеуінен таяқ жеген әйелге көмектесудің орнына қайта күйеуіне қосуға тырысты, отбасындағы зорлық-зомбылыққа көз жұма қарады” деген сын көбейді. Кейбір адам телеарна әйелді жұрттың алдында қорлады деп бағдарламаның жабылуын талап еткен.

Көпшілік арасында дау тудырған жағдайдан кейін "Хабар" агенттігінің төрағасы Кемелбек Ойшыбаев көпшіліктен кешірім сұраған.

Кейіннен  мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ток-шоудың жабылғанын хабарлады. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Кризисный центр-приют "Коргау-Астана" (@korgau_astana)


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.