Қазақстандық шахматшы Бибісара Асауба “Аэрофлот Опен 2024” шахмат фестивалінде бірінші орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жарысқа FIDE рейтингінде 2 мың 300 ұпайдан жоғары шахматшылар қатысқан. Сонымен қатар, турнирге 15 жасқа дейінгі қатысушылар да бақ сынағаны айтылады.

“Асаубаевамен бірге фестивальде еліміздің намысын Қазбек Нөгербек (18 орын), Даниал Сапенов (21), Рамазан Жалмаханов (38), Әлішер Сүлейменов (65) қорғады. Турнирге барлығы 500-ден астам адам қатысты”, – делінген Қазақстан шахмат федерациясының мәлімдемесінде.

Негізгі байқаудың жүлде қоры 15 миллион рубльді (шамамен 74 миллион) құраған, оның ішінде жеңімпаз 3 миллионды (15 миллионға жуық) алған. Балалар турнирінің бұрын-соңды болмаған жүлде қоры 1 миллион рубль (5 миллион теңге шамасында) болғаны атап өтіледі.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Спортты дамыту дирекциясы (@drs_kz)


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.