Алматыда ер адам қызғаныштан екі ұлын пышақтап өлтірді. Оқиғаның мән-жайын балалардың нағашы әжесі Татьяна Негрей баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: sputnik.kz

Аталған оқиға 4 қаңтарда болған. 17 жыл отасқан ерлі-зайыпты қызғаныштың кесірінен өсіріп отырған қос ұлынан айырылды. Балалардың үлкені 12, кішісі 9 жаста болған.

"Күйеу балам үйге келіп, емханаға тексертемін деп балаларды алып кетті. Алмалы ауданында бір пәтерді алдын жалға алып, сол жерде екеуін де өлтірген. Қызыма СМС хабарлама жіберген. Сосын күйеу балам өзінің бауырына өлтірген фотосын жіберген. Кіші ұлды өлтіріп жатқанда үлкен ұл балконға қашып шығып, айқайлап көмек сұраған", — деді Татьяна Негрей.

Қарияның айтуынша, балалардың денесінде сау жері жоқ.

"Кіші жиенімнің аузынан құлағына дейін тіліп тастаған. Балалардың тамағынан да орып жіберген болуы керек, біз көргенде шүберекпен жабылып тұрды. Жалға алған пәтердің іші қан-жоса. Сосын еркек өзін өлтірмек болған", — деді Татьяна Негрей.

Балалардың әкесі соңғы бір жылға жуық жұмыс істемеген. Әйелін аңдып, қызғанумен болған. Тіпті үйге бейнекамера орнатқан. Шаңырақтың берекесі кетіп, ұрыс-керіс жиі болған екен. Оны үй иелері де мойындап отыр.

"Ол үлкен баласын жақсы көрді, бірақ екіншісін ұнатпайтын. Басқа біреуден тапқансың дейтін. Сол үшін де жиі ұрыс-керіс болатын", — деді балалардың нағашы әжесі.

Татьяна Негрейдің айтуынша, ерлі-зайыптылар 17 жыл отасқан. Алайда олардың өмірін тыныш деуге келмейді дейді. 

"Ол соңғы уақытта отбасы мүшелеріне жиі агрессия көрсете бастады. Ол әйелінен үнемі күдіктеніп, көзіме шөп салды деп ойлап жүретін. Ол қызымды қызғанатын. Бір ай бойы: "Сен мені алдап жүрсің!", деп жиі айтып жүрді. Бірақ қызым оны ешқашан алдаған емес. Қызымның үйіне бейнекамералар орнатып, оның телефонына қандай да бір бағдарлама жүктеп қойды. Сол арқылы оны әр минут сайын көріп, естіп отырған. Барлық деректер осы, бәрі полицияда", — деді әйел.

Оқиға орын алған күні ұлдардың анасы мен басқа туыстары көрсетілген мекенжайға барған. Жолда олар полиция мен жедел жәрдем шақырған. Бірақ дәрігерлер балаларды аман алып қала алмады. Балалар пышақ жарақатынан және көп қан жоғалтудан көз жұмды. 

Екі жеткіншек Алматыдағы №32 мектепте білім алған.

"Бұл факт бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық істі тергеп жатыр. Сараптама жасалады. Тергеу нәтижесіне қарай күдікті тиісті жазасын алады", — делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда ер адам қызғаныштан екі ұлын пышақтап өлтіргені туралы жазған едік. Деректерге сай ол мұндай әрекетке бірнеше жыл бұрын ажырасса да, бірге тұрған әйелінен кек алу үшін жасаған. 

Немерелерінен айырылған Валентина  Рафаэль мен Ринаттың небәрі 8 және 12 жаста болғанын жеткізді. Айтуынша, 39 жастағы ер адам ұлдарына бірнеше рет пышақ салып, кейін бұрынғы әйеліне жазба қалдырған.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.