Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 44-ке дейін артқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрліктің хабарлауынша, 23 қаңтарға қараған түні алматылықтар қатты жер сілкінісінен бас жарақаты, түрлі жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақаттары бар 44 адам медициналық көмекке жүгінді.

"Әр түрлі көрсеткіштермен олар қаланың стационарларына жеткізілді. Оның ішінде 34 ересек адам, оның 3-і ауруханаға жатқызылса, 31 адам амбулаториялық емделуге жіберілді", – делінген хабарламада.

  • Жер сілкінісі кезінде Алматыда неліктен дыбыстық дабыл қосылмады – ТЖД жауап берді

  • Алматыда жер сілкінісінен кейін афтершоктар қашанға дейін жалғаспақ – Сейсмологиялық орталық директоры жауап берді (видео)

Сонымен қатар 10 бала медициналық көмек алды. Оның 5-еуі ауруханаға жатқызылса, 5-еуі амбулаториялық емге жіберілді.

Еске сала кетейік, бүгін түнгі сағат 03:00-де 8 адам жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3-қабатынан секірген. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.