Түркістан облысында 5 жасар қызды өлтірген адамға жеңіл үкім шығарған Сарыағаш аудандық сотының судьясы Нұрқазы Шетенов ақыры қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жарлықта Нұрқазы Шетенов алқабилер алқасының шешімімен "тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін" қызметінен босатылғаны айтылған. Жарлық қол қойылған күннен бастап – осы жылдың 22 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Өткен жылы Нұрқазы Шетенов Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметін атқарды. Қазан айында Жоғарғы соттың мәліметінше, ол өз өтініші бойынша қызметінен босатылған. Сонымен бірге Шетенов сол соттың судьясы қызметінде қалды. 

  • "Рамазан айы еді": Түркістан облысында 5 жасар қыздың өліміне кінәліні жеңіл жазалаған судья жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
  • Сарыағашта педофилге жеңіл жаза берген судьяның жаңа қызметке тағайындалуы: Жоғарғы сот түсіндірді

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға осы жылдың шілде айында Сарыағаш ауданы Жібек Жолы ауылында болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 5 жасар қыздың денесін ауыл тұрғындарының бірінің үйінен өлі күйінде тапты. 

Оқиғадан кейін сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталушының химиялық кастрация процедурасынан өтуі керек деп шешілді. Педофил жазасын Қазақстандағы ең қатал түрме – "Қара бүркітте" өтейді.

Сарыағаш ауданында кісі қолынан қаза тапқан Еркежан Нұрмаханның әкесі үкіметке қылмыскердің үйін жермен-жексен етуді талап еткен еді.

Сондай-ақ Түркістан облысында 5 жасар қыздың өлтірген қылмыскерді жеңіл жазалаған судья жағдайға қатысты мәлімдеме жасағаны туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.