23 қаңтардан бері жалғасып келе жатқан жер сілкінісі алматылықтарды алаңдатып отыр. Төтенше жағдайлар департаменті мұндай жағдайды болжау өте қиын болғандықтан, дүмпулердің қашан тоқтайтынын нақты білмейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: www.earth.com

Төтенше жағдайлар департаментінің айтуынша, күшті жер сілкінісінен кейінгі 24 сағат ішінде көптеген афтершоктар байқалды. Алайда олардың күші екі баллдан аспайды және қауіпті емес.

"Дүмпу әлі күнге дейін жалғасуда. Бұл процестің нақты қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Бұл жер сілкінісінің ошағы орналасқан аймақтың сейсмикалық қасиеті, жер қыртысының геологиялық құрылымы мен тектоникалық ерекшеліктері сынды факторларға байланысты. Біртіндеп сейсмикалық белсендіру процесі әлсіреді және ол қалыпты режимге оралады", — делінген хабарламада.

Сондай-ақ әлемде жер сілкінісінің нақты орны мен уақытын ешкім болжай алмайтыны айтылады.

Еске салайық, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Астана уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы 6,7 балл. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Ал ТЖД дерегіне сәйкес алдағы уақытта қуатты жер сілкінісі болмайды, сондықтан дүрлігудің қажеті жоқ. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.