Мәжілістегі брифингте ішкі істер министрі Ержан Саденов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов жазасын қайда өтеп жатқаны туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Терроризмге қарсы комитеттің ресми сайты

“Мәсімов бір жерлерде іс-шараларда жүр деген ақпарат тарады. Ос ақпарат рас па?” деп сұрады тілшілер ішкі істер министрінен. 

“Біз барлық сотталушыны көрсете алмаймыз. Ол сотталды. Бас бостандығын шектеу мекемесінде”, – деп жауап берді Саденов. 

Тілшілердің бірі "журналистердің Мәсімов отырған колонияға кіріп, одан сұхбат алуға мүмкіндігі бар ма? Неге көрсетпейсіздер?" деп сұрады. 

"Оны неге көрсетеміз? Колонияға кірудің өз рәсімі бар ғой. Адвокаттары, адам құқығына қатысты бюролар заң шеңберінде кіре алады", — деді Ержан Саденов.

Айта кетейік, сот қаулысымен Кәрім Мәсімов Қылмыстық Кодекстің 175-бабының 1-бөлігімен "Мемлекетке опасыздық жасау", 179-бабының 3-бөлігі “Билiктi күшпен басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға бағытталған әрекеттер”, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен “Өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру” бойынша кінәлі деп танылып, үкімдерді ішінара толықтырып, түпкілікті 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. 

Соныме қатар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Мәсімов ақша жымқырды және аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.