16 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысы кезекті сот отырысы онлайн-трансляцияның үзілуімен басталды. Қазір тараптардың ресейлік сараптаманы алып тастау және жалған құжат жасауы мүмкін деген мәселе қаралып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Трансляция үзілген кезде сот залында не болып жатқанын марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы түсіндірді. 

Айтбек Амангелді әлеуметтік желіде қазір сотта прокурордың ресейлік сараптаманы алып тастау туралы шағымы қаралып жатқанын хабарлады. 

"Сондай-ақ, кеше қорғаушы тарап ұсынған қылмыстық-процессуалдық кодекс нормаларын бұзуға қатысты рецензияны алып тастау және қорғаушы Рамазанованың жалған құжат жасауына байланысты біздің тараптың өтініші қаралып жатыр. 27 наурызда өзі Астанада алқабилерді іріктеуде бола отырып, Алматыдағы маманға жауапкершілікті түсіндірген, ол маманның өзі батыста болған, Ақтөбеде сияқты. Оған қоса сұрақ туады – маманның жеке пікірі қалайша ұжымдық шешім бола алады?”, – деп жазды ол. 

  • Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Байжановқа адвокат тауып бергенін растады
  • "Мені Қуандықтың әкесі ұрды": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-жұбайының көлігімді ұрлап кетті деген айыптауына жауап берді

Айта кетейік, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотында "Гастроцентр" директоры Бақытжан Байжановтың арызы бойынша ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде қызметтік тергеу басталды. 

"Мусин Б. “Азаптауға қарсымыз" қоғамдық бірлестігінің мүшесі. Бұл ұйым өз қызметін екіжақты меморандум аясында жүзеге асырады. Өз кезегінде ұйым мүшелерінің түзеу мекемелеріндегі адам құқықтарын қадағалауы мекеме қызметкерлерінің жұмыс уақытында қатаң сүйемелдеуімен жүзеге асырылады. Сотталушы Б.Байжанов көрсеткен фактілер бойынша Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр", – деп хабарлады қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметі.

 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.