Лексикаға саяхат 11 сынып



жүктеу 59.51 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі59.51 Kb.
түріСабақ

ЛЕКСИКАҒА САЯХАТ 11 СЫНЫП

 

Сабақтың мақсаты:          1. Нақты мысалдар келтіре отырып, лексика

                                               тарауынан өткенді қайталау арқылы оқушы

                                               білімін сарапқа салу.

                                           2. Оқушының шығармашылық, ойлау қабілетін

                                               дамыту.

                                           3. Сырбай Мәуленовтің

                                               шығармаларымен жұмыс жүргізе отырып,

                                               тәрбиелі тағылымдарынан үлгі алдыру.

Сабақтың әдісі:                топтастыру, семантикалық карта, талдау, тіл

                                          дамыту.



Сабақтың түрі:                 сайыс сабағы

Сабақтың көрнекілігі:    күнтізбе, түрлі кеспелер, семнтикалық карта, калька.

Сабақтың барысы:                 Ұйымдастыру.

                                  

                                        Оқушыларды топқа бөліп, сабақтың мақсатымен таныстыру. Сабақ «Аптаның жеті күні» деген атпен сайыс түрінде өтеді.

 

                І. Дүйсенбі күні: Аптаның бастапқы күні өтетін тақырыбымызды топтастырып алайық. Жалпы қазақ тілінің лексикасын қалай топтаушы едік?



 

І топ                  

 ІІ топ

 ІІ. Сейсенбі күні.  Сырағаң жырларынан үзінділер бойынша тапсырмалар.



 

І топқа  1. Жас қайыңда жапырақ

Күзде тоңса қалтырап,

Десең қуат, әл алсын,

Жылуын бер жаныңның,

Өйткені, сен адамсың.

  Өлеңнен синоним сөздерді табу, тағы қандай синонимдер бар екенін анықтау.

 

2. Күміс шашып ойнайды күн кірпігі,



Ақшоқының қызу еңбек күн-түні.

Бұлақтардың жорға жүріс бүлкілі,

Абай айтқан масатыдай қыр түгі.

          («Ақшоқыға беттегенде»)



Өлеңдегі көнерген сөзді тауып, қай түріне жататынын анықтау.

3. Абайдың қырда көне тұр қыстауы,

Ішінен байқалады тұрмыс-халі.

Көтеріп Хан тағын көк сағымменен

Алыста еңкейеді Шыңғыс тауы.

            («Жидебайдағы Абай үйі»)



Өлеңдегі көнерген сөздің түрін анықтау.

 

ІІ топ    1.  Енесіне түскен ажал құрығы,



Жетім лақтың жетті аяныш шырылы.

Жай оғынан жан анасы мерт болған

Кісінейді қулық бие құлыны.

        («Еңлік-Кебек зиратында»)



Өлеңдегі эвфемизмді табу.

2.  Шегіп шымқай өрнекті

Ертеңгілік, кеште де,

Сыйғызасың жер-көкті

Шәйі-жібек кестені.

   («Кестеші қыз»)



Өлеңнен антоним сөздерді табу.

3.  Теңізде ойнап көрмесең,

Теңізді сырттан жырлама.

Өлеңге от боп енбесең,

Өзгенің отын ұрлама!

   («Еске алу»)

 

Өлеңнен дисфемизмді табу.

 

ІІІ. Сәрсенбі күні: «Кім жылдам?»



1. Тақтадан кеспедегі сұраққа бірден жауап береді.

І топтың кеспелері:

1. Шомылған жасыл жаңбырға,

Дала иісі келген дәмінен,

Лашықтың қарсы алдында

Өсетін еді бәдірен.



Диалект сөзді тауып, әдеби баламасын атаңыз.

  

 



2. Әбділданы сыйладым жалыны үшін,

Көрдім одан жанар тау жарылысын.

Көрдім жанын жалаңаш жанып тұрған

Поэзия бақыты, жарығы үшін.

Термин сөзді тауып қай салада қолданылатынын анықтаңыз.

3. «Бәдірен» сөзіне фонетикалық талдау жасау.

 

ІІ топтың кеспелері

1. Қоясың кейде жөтеліп,

Жөтелді көше сен жүрген.

Келеміз сені көтеріп

Емханадан зембілмен.

   («Қайнекей»)

Диалект сөзді тауып, әдеби баламасын анықтаңыз.

 

2.Өкен жандар бейіттері



Теңіз жүзіп бойлайды.

Ескі роман кейіпкері

Су бетінде ойнайды.

(«Еске алу»)



Термин сөзді тауып, қай салада қолданылатынын анықтаңыз.

3. «Зембіл» сөзіне фонетикалық талдау жасау.

2. Орнында отырған оқушылар семантикалық картаны толтырады.

 

І топ

Семантикалық карта №1

 ІV .  Бейсенбі күні: Өздік жұмыс.



І топ

Тыңдадың дала күйін жаның ұйып,

Алдың сен көкірегіңе бәрін құйып.

Болдың сен өз халқыңдай қарапайым,

Тұлғасы әрі аласа, әрі биік.

  («Өлеңнің Аманкелді батыры»)



Өлеңнен антонимдерді табу, алғашқы екі тармаққа морфологиялық талдау жасау.

 

ІІ топ

 

Сенсің жалғыз күндіз-түні тілегенім,



Мың тіріліп, сен десе мың өлемін.

Айқайласам жетпейді даусым менің,

Ойлай-ойлай ормандай түнремін.

   («Көгімде жалғыз сен тұрсаң»)



Өлеңнен антонимдерді табу, алғашқы екі тармаққа морфологиялық талдау жасау.

V. Жұма күні: Топбасшылар сайысы.

 

«Сырағаң – сырлы ақын» тақырыбына ойтолғау жазады.



Топта отырғандар: І топ   «Жас», ІІ топ   «Ер» сөздері омоним болатындай тіркестер құрайды.

VІ. Сенбі күні:  Қонақкәде Әр топтан бір оқушы ақын өлеңін оқиды.

VІ. Жексенбі күні: Демалу

 

Демалыс күн,



Мен алыспын,

Кетем кезіп қияны.

Жұрт  үстінде,

Бұлт ішінде,

Ақын жанның қиялы.

Демалыс күн,

Мен алыспын,

Өлең қызбен жолығам.

Жақын дос-жар,

Ақын достар,

Жүгірмеңдер соңымнан.

Ақын өлеңімен сабақты қорытындылап, әр топтың ұпай саны бойынша жеңімпазды анықтау.

 

Үйге тапсырма: С. Мәуленовтің 1 өлеңін жаттау.



Ұсыныстар:

1.Тиімді әдіс-тәсілдер жүйесін  шығармашылықпен қолдануды жалғастыру;



2. Педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру жолымен қазақ тілінің жүргізу сапасын арттыру;
Каталог: uploads -> konspekt -> rysskii-yazik
konspekt -> Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру басқармасы
konspekt -> Сабақ тақырыбы XVIII ғ. ақын-жыраулар шығармалары тарихи дерек көзі ретінде қаншалықты құнды?
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: «Қымыз» Этнолингвистикалық атаулар (7-сынып)
konspekt -> Ұлғайту. Ата-аналардың өз ұлттық салт дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ата-аналаға қазақтың көне сөздері және ырым, тыйым
konspekt -> «Шоќ ж±лдыздар» атты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрлері
konspekt -> Эволюциялық ілім
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Қ
rysskii-yazik -> Урок русского языка в 6 классе
rysskii-yazik -> №28 мектеп-гимназиясының


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет