Қазақстанда бесінші буын желісінің ауқымын кеңейту белсенді түрде жүргізілуде. "Қазақтелеком" тобына кіретін Kcell мен "МТ-С" ұялы компаниялары кезең сайын бұрынғы көрсеткіштерін одан әрі жақсартуда. Олар үлкен шаһарларда ғана емес, жалпы республика бойынша елді мекендер мен кішкентай қалаларда да 5G-дің қолданылу аймағын кеңейтіп, базалық станцияларды орнатып жатыр. Соның бірі осы жолы Жаңаөзен қаласы болды. 

Сурет Т.Қазанғапов

Өткен аптаның өзінде “Kcell” ұялы байланыс операторы бірден 15 жаңа базалық станцияны орнатты. Қазір қалыптасқан дәстүр бойынша республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда лицензиялық міндеттемелерге сай желілер тартылып, межелі көрсеткіштер асыра орындалуда. Әрі 5G-ді қамту картасында жаңа нүктелер де пайда болуда. Бұл жолы карта жаңа қала Жаңаөзенмен кеңейді, мұнда алғашқы базалық станция бой көтерді,  және бұл жұмыс жалғаса бермек.

Сурет Т.Қазанғапов

"Біз бесінші буын желілерін тек ірі, республикалық немесе облыстық маңызы бар қалаларда ғана емес, сонымен қатар шағын қалалар мен аудандарда да қамтуға тырысатын стратегияны ұстанамыз. Сол арқылы қазақстандықтар тұрғылықты жері мен жұмыс орнына қарамастан, барлық заманауи телекоммуникациялық қызметтер мен цифрлық сервистерді сапалы түрде жаңа деңгейде пайдалануға мүмкіндігі болса дейміз. Енді мұндай мүмкіндік 17 қаланың тұрғындарымен бірге Жаңаөзенде де пайда болды. Бұл аймақтарға біз жүздеген 5G базалық станциясын орнаттық", — деді "Kcell" АҚ басқарма төрағасы Асхат Өзбеков.

Сурет Т.Қазанғапов

Айта кетейік, бүгінде "Kcell" мобильдік операторы республиканың 18 қаласында 545 5G базалық станциясын орнатты. Станциялар саны бойынша көш басында үш мегаполис: Астана, Алматы және Шымкент қалалары тұр. Бұл аймақтарда 460 станция бар. Көшбасшылар үштігінен қалалар мен облыстық маңызы бар аймақтар да қалыспауда. Қазірдің өзінде жиырмаға жуық қалада мыңдаған қазақстандықтар жаңа байланыс технологиясы бойынша телеком-қызметтерді пайдалана алады.

Сурет Т.Қазанғапов

"Шынында да, базалық станцияларды орнату үшін орындарды жоспарлап, анықтау кезінде біз ең алдымен тартымдылық нүктелеріне немесе адамдар көп жиналатын жерлерге назар аударамыз. Осылайша қамту біркелкі жүреді әрі мүмкіндігінше пайдаланушылары да көп болады. Мысалы, қазірдің өзінде 130-ға жуық станция орнатқан елодада да университеттер, бизнес және сауда орталықтары, вокзал, қонақ үйлер, туристік көрікті жерлер және т. б. аудандар орналасқан. Ал клиенттеріміз бұл аймақта ауданнан ауданға қозғалыс үстінде жүрген кезде базалық станциялар арасында ауысып, үздіксіз, тұрақты желімен байланыста болады", — деп атап өтті бас техникалық директор Кирилл Страшенко.

Сурет Т.Қазанғапов

"Kcell" ірі телеком-операторы осы жылдың бірінші тоқсанында республика бойынша 100-ден астам жаңа буынның базалық станцияларын орнатуды жоспарлап отыр. Бұл еліміздің қалаларында, аудандарында, моноқалаларында да 5G желілерімен қамту аймағын едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді. Бірқатар сарапшылардың зерттеуі бойынша, жаңа технология, байланыс стандартын қолдану жылдамдығы мен ауқымы бойынша Қазақстан Орталық Азия өңірінде ғана емес, сонымен қатар ТМД-да да көшбасшы болып танылып, Ресейді де басып озуда. Ал Тadviser порталының мәліметінше, солтүстіктегі көршіміздің 1 миллион халқы бар ірі қалаларында 5G-ді қамту жұмысы ең жақсы жағдайдың өзінде 2030 жылға қарай қамтамасыз етілуі мүмкін. Демек бұл елдің ауқымында стандартты енгізу Сібір мен Қиыр Шығыстағы халықтың тығыздығының төмендігіне байланысты ондаған жылдарға созылмақ.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.