Көптен бері сахнаға шықпай кеткен Асқар Жүнісбеков өмірі мен өнеріне қатысты соңғы жаңалықтарын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “1001 түн” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/askar__tau/

Өнер иесінің айтуынша, сахнадан жырақтап кетсе де, жаңа әндер жазып жатқан көрінеді. 

“Жаңа әндер жазылып жатыр. Мен көп сұхбат бере бермеймін. Бала кезден назарда жүре бергім келмейді. Несібемді жан-жақтан тауып жатырмын. Той мен концерттерге шығып жүрмін. Репертуарымда 50-ге жуық ән бар. Бірақ халықтың соның 10 шақтысын ғана біледі. Жақында 40 жасқа толдым. Өзіме күн сайын есеп беремін. Екі баланың әкесі атандым”, – деді әнші. 

  • "Алматы алақандағыдай…": "Жаралы сезім" фильміндегі Арай алғаш рет эксклюзив сұхбат берді

  • "Өлген баланы босана алмай 10 күн жүрдім": Баян Алагөзова алғашқы жүктілігін есіне алды

Одан кейін жеке өмірі туралы да сыр шертіп, үлкен сынақтан өткенін айтты. 

“Әйелім – тіс дәрігері. Жақында оқуын аяқтады. Екі ұлым бар. Үлкені музыкаға қызығады. Назарбаев мектебінде оқиды. Өнер жолын қуып жатса, батамды беремін. Бірақ басқа саланы игергенін қалаймын. Екі ұлдың ортасында қызым болған. 6 айлық болып туып, шетінеп кетті. Оның да дүниеден өткеніне 10 жыл толады екен. Есімін Әйгерім деп қойдық. Тағдыр. Үлкен сынақ болды. Тағдырға қарсы келе алмаймыз. Сынақ жай берілмейді ғой. Оның артында үлкен жақсылықты дайындап қойды деп қабылдадық", – дейді өнер иесі. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.