«Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру»



жүктеу 111.74 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі111.74 Kb.

«Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру»

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты беруші паспорты





1.

Билік органы

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы

2.

Өтінішті қабылдау және нәтижесін беру

1.Мемлекеттік корпорация

2.облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО

3"электрондық үкіметтің" веб-порталы


3.

Көрсетілетін қызметті алушы

Жеке және заңды тұлға

4.

Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі

      лицензия беру, заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру және заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеу - 15 жұмыс күнін (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

      лицензияның телнұсқасын беру - 2 жұмыс күнін (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)



5.

Төлем

Ақылы

6.

Төлемдерді жүзеге асыру тәртібі

лицензия беру үшін - 10 айлық есептік көрсеткішті;

      лицензияның телнұсқасын беру үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын;

      лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 айлық есептік көрсеткіштен аспайды


7.

Құжаттар тізбесі

      1) лицензияны бірінші кезеңде алу кезінде Мемлекеттік корпорацияға және көрсетілетін қызметті берушіге:

      жеке тұлға үшін - нысан бойынша өтініш;

      заңды тұлға үшін - нысан бойынша өтініш;

      жеке басын куәландыратын құжат - мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады;

      "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

      құрылыстың нөлдік сатысындағы жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама қорытындысының көшірмесі;

      агент-банкпен шарттың көшірмесі;

      тұрғын ғимартты салу үшін агент-банктің тұрғын ғимаратты салу құнының кемінде он бес пайызы мөлшерінде немесе нөлдік циклдегі құрылыс құнына балама мөлшерде меншікті қаражатының бар екені туралы анықтамасының көшірмесі;

      қол қойылған пайдалануға беру актілерінің, жобалау компаниясының жарғылық қорында елу пайыздан астам жарғылық капиталы бар құрылтайшының, оның ішінде тапсырыс беруші ретіндегі құрылтайшының тұрғын ғимараттарды тұрғызуда кемінде үш жыл тәжірибесінің бар екенін растайтын қосалқы мердігерлік шарттарының көшірмелері;

      қол қойылған пайдалануға беру актілерінің көшірмелері, жобалау компаниясының жарғылық қорында елу пайыздан астам жарғылық капиталы бар құрылтайшының кемінде жүз пәтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде пайдалануға беру тәжірибесінің болуы;

      жобалау компаниясының жарғылық қорында елу пайыздан астам жарғылық капиталы бар құрылтайшының кемінде жүз мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде меншікті капиталының бар екені туралы агент-банк анықтамасының көшірмесі;

      2) лицензияны екінші кезеңде алу кезінде Мемлекеттік корпорацияға және көрсетілетін қызметті берушіге:

      жеке тұлға үшін - нысан бойынша өтініш;

      заңды тұлға үшін - нысан бойынша өтініш;

      жеке басын куәландыратын құжат - мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады;

      "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

      құрылыс объектісінің жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама қорытындысының көшірмесі;

      құрылыстың нөлдік циклінің аяқталғаны туралы аралық қабылдау актісінің көшірмесі;

      агент-банкте үлескерлердің тұрғын ғимарат құрылысы құнының кемінде он бес пайызы мөлшерінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарға сәйкес енгізілген депозитінің бар екені туралы агент-банк анықтамасының көшірмесі;

      құрылысты аяқтау үшін толық көлемде меншікті қаражатының не тұрғын ғимарат құрылысы құнының кемінде жиырма бес пайызы мөлшерінде меншікті қаражатының бар екені туралы агент-банк анықтамасының және құрылысты аяқтау үшін жеткілікті инвестиция беру туралы инвестормен келісімнің көшірмесі;

      сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсететін ұйыммен шарттың көшірмесі;

      3) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруіне, жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгеруіне, заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыруға, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыруға, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыруға байланысты қайта ресімдеу кезінде Мемлекеттік корпорацияға:

      жеке тұлға үшін - нысан бойынша өтініш;

      заңды тұлға үшін - нысан бойынша өтініш;

      жеке басын куәландыратын құжат - мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады;

      "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

      4) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта

      ұйымдастыруға, заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыруға байланысты, лицензияны қайта ресімдеу кезінде Мемлекеттік корпорацияға:

      заңды тұлға үшін - нысан бойынша өтініш;

      жеке басын куәландыратын құжат - мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады;

      "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

      заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген бөліп шығарған заңды тұлғаның лицензияны бөлініп шыққан заңды тұлғаға қайта ресімдеуге келіскені туралы шешімінің көшiрмесi;

      5) лицензияның телнұсқасын берген кезде Мемлекеттік корпорацияға және көрсетілетін қызметті берушіге (бұдан бұрын берілген лицензия қағаз түрінде ресімделген болса):

      жеке тұлға үшін –нысан бойынша өтініш;

      заңды тұлға үшін –нысан бойынша өтініш;

      жеке басын куәландыратын құжат - көрсетілетін қызмет алушының жеке басын сәйкестендіру үшін;

      "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат;

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация жұмыскері электрондық құжаттардың көшірмесін шығарады, содан кейін түпнұсқасын қызмет алушыға қайтарады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру (не нотариалды расталған сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушының өкілінің) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезінде тиісті құжаттарды қабылдау туралы жеке қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      6) бірінші кезеңде лицензия алған кезде порталға:

      жеке тұлға үшін - мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      заңды тұлға үшін - мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

      құрылыстың нөлдік сатысындағы жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама қорытындысының электрондық көшiрмесi;

      агент-банкпен шарттың электрондық көшiрмесi;

      тұрғын ғимартты салу үшін агент-банктің тұрғын ғимаратты салу құнының кемінде он бес пайызы мөлшерінде немесе нөлдік циклдегі құрылыс құнына балама мөлшерде меншікті қаражатының бар екені туралы анықтамасының электрондық көшiрмесi;

      қол қойылған пайдалануға беру актілерінің, жобалау компаниясының жарғылық қорында елу пайыздан астам жарғылық капиталы бар құрылтайшының, оның ішінде тапсырыс беруші ретіндегі құрылтайшының тұрғын ғимараттарды тұрғызуда кемінде үш жыл тәжірибесінің бар екенін растайтын қосалқы мердігерлік шарттарының электрондық көшiрмелері;

      қол қойылған пайдалануға беру актілерінің электрондық көшiрмелері; жобалау компаниясының жарғылық қорында елу пайыздан астам жарғылық капиталы бар құрылтайшының кемінде жүз пәтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде пайдалануға беру тәжірибесінің болуы;

      жобалау компаниясының жарғылық қорында елу пайыздан астам жарғылық капиталы бар құрылтайшының кемінде жүз мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде меншікті капиталының бар екені туралы агент-банк анықтамасының электрондық көшiрмесi;

      7) екінші кезеңде лицензия алған кезде порталға:

      жеке тұлға үшін - мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      заңды тұлға үшін - мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

      құрылыс объектісінің жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама қорытындысының электрондық көшiрмесi;

      құрылыстың нөлдік циклінің аяқталғаны туралы аралық қабылдау актісінің электрондық көшiрмесi;

      агент-банкте үлескерлердің тұрғын ғимарат құрылысы құнының кемінде он бес пайызы мөлшерінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарға сәйкес енгізілген депозитінің бар екені туралы агент-банк анықтамасының электрондық көшiрмесi;

      құрылысты аяқтау үшін толық көлемде меншікті қаражатының не тұрғын ғимарат құрылысы құнының кемінде жиырма бес пайызы мөлшерінде меншікті қаражатының бар екені туралы агент-банк анықтамасының және құрылысты аяқтау үшін жеткілікті инвестиция беру туралы инвестормен келісімнің электрондық көшiрмесi;

      сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсететін ұйыммен шарттың электрондық көшiрмесi;

      8) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген, заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеген кезде порталға:

      жеке тұлға үшін - мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      заңды тұлға үшін - мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

      9) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде, лицензияны қайта ресімдеген кезде порталға:

      заңды тұлға үшін - мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

      заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген бөліп шығарған заңды тұлғаның лицензияны бөлініп шыққан заңды тұлғаға қайта ресімдеуге келіскені туралы шешімінің электрондық көшiрмесi;

      10) лицензияның телнұсқасын берген кезде порталға (бұдан бұрын берілген лицензия қағаз түрінде ресімделген болса):

      жеке тұлға үшін –нысан бойынша өтініш;

      заңды тұлға үшін –нысан бойынша өтініш;

      "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi


8.

Өтініштер үлгісі




9.

Корсетілетін қызмет нәтижелері

Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру, не осы стандарттың 10 тармағына көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады

10.

Бас тарту үшін негіз

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;

      2) лицензиялық алым енгізілмеген;

      3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

      4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;

      5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;

      6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайларда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тартылады



11.

Шағым жасау

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі

12.

Консультация

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет