Үлестірмелі тапсырмалар



жүктеу 61.39 Kb.
Дата22.05.2018
өлшемі61.39 Kb.

8-сынып бойынша жай сөйлем түрлеріне арналған үлестірмелі тапсырмалар:
1.Берілген сөйлемдердегі толымды сөйлемді бір бөлек, толымсыз сөйлемді бір бөлек етіп көшіріңдер.

– Бір қимылды істеуін істедің. Енді сақ бол!

Тегін емес екенін де білген. Қараша қара сойылға мықты болатын.

Құнанбай қолын бұл ұрыста бастаған – Құлыншақтың батыр ұлы Манас. Қоян – қолтық жерден жақсы килікті. Ол алдарынан тосқауыл болатынын білген кісідей екен. Аналар қаптап қоя берсе де, түк сасқан жоқ.

Абай, көбінесе Жидебайдағы шешелерінің қасында болды. Көктемге дейін күндіз – түні кітап оқуға салынды. Медреседен қайтқалы қарағаны осы. Ғабитхан да оқығыш болатын. Соның кітаптарының ішінен өзін қызықтырған көп – көп асыл бұйымдар тапты.

Зере Абайдың кітапқа берген ықыласын байқап, бір күні кешке:



  • Қарағым, осының ақыл. Ішкен менен жегенге мәз болып, мойны – басы былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүрген бай баласы аз ба? Осы ала қағазыңнан айырылма! Ұқсама аналарға! – деген.

Л. « Ықылас », « ала қағаз », « медресе » сөздерінің мағынасын түсіндіріңдер.

М. Күрделі сөздерді табыңдар.

_ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _



2.Сөйлем мүшелеріне талдаңдар. Толымсыз сөйлемдерге

ауызша талдау жасап, түсіріліп тұрған мүшені орнына қойып,оны дәптерлеріңе жазыңдар.

Астаудағы суға жуындым. Жақсылап сүртініп, жалғыз аяқ жолмен үйге қарай жүгіре жөнелдім. Келсем, Әскербек далада жүр екен. Бақан бойы көтеріліп қалған күнге көзін сығырайта қарап, есінеп қояды. Мені көрген соң екі бүйірін таянып, берірек жақындады да:



  • Қайдан келесің? – деді, өз сұрағына ешқандай да мән бермей енжар ғана.

  • Құдық жақтан.

  • Маторды көрдің бе?

  • Иә.

  • Шұқылама, бұзасың.

Л. « Астау » сөзінің мағынасын түсіндіріп, синонимін сөздік дәптерлеріңе жазыңдар.
_ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

4.Толымды сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар. Неліктен толымды сөйлем саналатынын дәлелдеңдер.

Адамның көңілі шын мейірленсе, білім – ғылымның өзі де адамға мейірленеді. Ол тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.

Өз қайратыңа сүйеніп, сен өзіңнің еңбегіңді сау. Сен еңбек қылсаң, қара жер де береді, ол құр тастамайды.

Л. « Еңбегіңді сау » өз еңбегіңе сен деген мағынада айтылған.

_ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _


5.Берілген сөйлемдердің ара жігін ажыратып, тиісті тыныс белгілерін қойып, қалпына келтіріп жазыңдар. Толымды, толымсыз сөйлемдерді ажыратыңдар.

Молда болдың ба тіпті ересек адамша сөйлеп қатты айтушы болма анығын жаңа байқады (М.Ә.) Дағарадай мекен – жайға енгізді шығып бара жатып қадірлі кісіге ғұлама ұстазға айтатын жағымды сөзін қайталады шекесінен тер бұрқ етті шуақтана жымиып риза болған пейілін танытты Мұхтар мұхит таңына көзін сата телміріп қарап отырып қалың ойға малтыды мына мұхит қазақтың кең жазира сахарасына соншама ұқсайды екен – ау деген қонақ үйіне жеткенде ауа райы нілдей бұзылды



Л. « Дағарадай » сөзінің синонимін сөздік дәптерлеріңе жазыңдар.

8-сынып бойынша жай сөйлем түрлеріне арналған үлестірмелі тапсырмалар:
1. Сөйлемдерді көшіріңдер. Жай сөйлемдерді тауып, құрылысына қарай ажыратыңдар.

2. Тұйық етістіктерді тауып, қандай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғанын айтыңдар.
Бесінші сынып оқушысы Ермектің әке-шешесі құс фермасының құс өсірушісі еді. Фермада әзірге бір-ақ үйлі жан істейтін. Толып жатқан тауық. Түйетауық және үйрек, қаздарға жем, су беру олардың астын тазалау, жұмыртқаларын жинап, орталыққа апарып өткізу, тағы сондай-ақ толып жатқан қыруар шаруалардан олар үйлеріне түн ішінде ғана ұйықтауға жатады. Таң қараңғысында қайта тұрады, өйткені құстар ерте оянады.

(Д.И.)
_ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _



3. Мәтінді оқып шығып, бірыңғай мүшелі сөйлемдерді теріп жазыңдар.
Қазақтың сәулет өнерінен

Қазақстандағы сәулет және құрылыс техникасының өрлеуі, кейінгі қола заманының өзінен-ақ ( б.з.д. 2-мыңжылдықтың соңы – 1-мыңжылдықтың басы ) анық байқалады. Оның айшықты белгілері – Арал төңірегіндегі шикі кірпіштен өрілген Тегіскен кесенесінен, Сарыарқадағы Ақсу-Аюлы, Беғазы-Дәндібай тақта бейіттастарынан көрінеді.

Ежелгі түріктер заманында ( VI – IX ғасырлар ) діни атрибуттары мол құрылыстар – қорапты және күмбезді жабындылары бар шикі кірпіштен қаланған ескерткіштер салу жаппай сипат алды.

Монғолға дейінгі кезеңде-ақ қазақ өңірінің құрылысы мен сәулет өнері жаңа сатыға көтерілген еді. Олардың қатарында Оңтүстік Қазақстандағы Айша бибі, Бабажы қатын кесенелерін, Арал өңіріндегі Бегім ана, Сараман мұнаралы құрылыстарын, Маңғыстаудағы жартастақа салынған Шақпақ ата мешітін ерекше бөліп атауға болады.

(«Парасат» журналынан)

М. Күрделі сөздерді тауып, түрлеріне қарай ажыратыңдар.

4. Төмендегі сөз тіркестері сөйлем болатындай етіп мәтін құраңдар.

1) Тұңғыш ғарышкер; 2) есте қалған оқиға; 3) жол үстіндегі үй.

_ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

5. Тиісті тыныс белгісін қойып, тұрлаулы сөйлем мүшелерінің астын сыза отырып көшіріңдер.

Қос іші жым-жырт (Ә.Н.) Кемпір де келіні де тынышсыздана бастады. (М.Ә.) Бағила үйде жүрген кезінде өз әкесін сирек көретін Ерте кетеді кеш келеді Балаларымен де сирек сөйлеседі Бағила таң қалушы еді (Д.И.) Күн қасиетті нұрын аямай төгіп тұр (Б.С.) Темірдің көп аялдайтын жері әрі астана санайтын мекені Түркістан болған (Қ.Рахм.)


_ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
6. Сөйлемдерді көшіріп, тұрлаулы сөйлем мүшелерінің қай сөз табынан жасалғанын айтыңдар.

Суық жаңбыр тоқтамастан бірнеше күн құйып тұрды. Бақта ылғалды жел соғып тұр. Бұл – жыл мезгілінің ең көңілсіз кезі. Үй сыртында адам сенгісіз тыныштық орнады. Бұндай тыныштықты «өлі күн» деп атайды. Жаңбыр тоқтады. Жел соқпады. Толассыз қозғалатын ағаш шуылы да естілмейді.

(«Ұлан» газетінен)
_ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

8-сынып бойынша жай сөйлем мен

құрмалас сөйлем түрлеріне арналған

үлестірмелі тапсырмалар:


  1. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді ажыратыңдар.

Биылғы көктем – талайдан болмаған көктем. Өзі тіпті күзге ұқсай ма әлде (не). Жарқырап, жадыраған әсем көктемі жоғы былай тұрсын, егіс бітіп, көк шығып қалған кезде қар (да) жауды. Май ортасы ауып бара жатса (да) әлі күнге үскірік суық айықпайды. Талайдан бері күн көзін көрсетпей жөңкіліп бүктеліп көшкен қою қара бұлт бүгін (де) бітпестей боп баяу қалқып маңып барады. (М.Ә.)
_ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
2.Мәтінді тиісті тыныс белгілерін қоя отырып көшіріңдер. Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің өзара қалай байланысқанын көрсетіңдер.

Бірнеше минуттан соң машина орнынан қозғалды бірақ көпке дейін ешкім жақ ашпады. Ойда жоқта кездескен мына жағдай, әсіресе совхоз директорын тұйыққа тіреп тілін біржолата байлап кеткен секілді. Оның үстіне мына грейдерші жігіт аудан басшысының келуіне орай аяғын үсітіп алғанына масаттанғандай бір өзі екі кісінің орнын алып жайылып жатыр. Ол көзінің қиығымен грейдіршіге қарап еді жылы жерге келген соң ба маужырап кірпіктері жұмылып бара жатыр екен.

(Д.И.)

М. Те шылауының жазылу ережесін еске түсіріңдер.

О. Қарамен жазылған сөз тіркесінің мағынасын түсіндіріңдер.
_ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _


3.Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қоя отырып көшіріңдер. Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің өзара қалай байланысқанын көрсетіңдер.

Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткен болар

Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үй...не барса, хан Қараман тана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен.

– Балалар аман ба? – депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дау...стап:

– Жүр, кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой! – дейді.

Малайсары жалт қарап.

– Ата тұрып ұл сөйлеген...ен без,

Ана тұрып қыз сөйлеген...ен без.

Сырнайдай сарнаған мына бала кім? – дейді.

Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар,

Ана тұрып қыз сөйлесе, бойжеткені болар, -- дейді Сырым.

– Сен толған екенсі..., мен тозған екенмін, -- деп, Малайсары сонда Сырымды қасына шақырған екен.

(«Шешендік сөздер» кітабынан)



Л. Қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндіріңдер.

_ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет