Балқашта "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС қоймасында өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

19 қаңтарда сағат 19:17-де Балқаш қаласында "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің қоймасында өрт шықты. Бір қабатты №21 жеке қоймада кеңсе тауарлары сақталатын. 

Қойманың жалпы ауданы – 1800 ш.м. Көмекші тауар материалдар өртенген.

  • Ресейдегі Wildberries қоймасындағы өрттен қазақстандықтар шығынға ұшырады ма – Министр жауап берді
  • 1 адам күдікті деп танылды: Прокуратура "Almaty" хостелінде 13 адамның өмірін қиған өртке қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын айтты
  • "Ақшадан қиналып кетті": Атырау облысында өзін өртеп жіберген ер адам көз жұмды

Кешке жалынды сөндіруге 24 өрт сөндіруші мен 11 техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебін тергеу анықтайды.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.