Лицензиялау туралы Мұрағаттық версия



жүктеу 0.61 Mb.
бет1/3
Дата21.04.2019
өлшемі0.61 Mb.
  1   2   3

Лицензиялау туралы

Мұрағаттық версия

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 214 Заңы

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ


РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 52-баптың 1-тармағынан қараңыз.РҚАО-ның ескертпесі!
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 2011.12.28 N 524-IV Заңына сәйкес Заңның бүкіл мәтіні бойынша «бірыңғай тіркеуші», «бірыңғай тіркеушінің» деген сөздер «тіркеуші», «тіркеушінің» деген сөздер деп есептелсін.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда реттелетін қатынастар

      1. Осы Заңда қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледі.
      2. Осы Заңда жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасында жасалған лицензиялық шарт шеңберінде лицензиялар беруге байланысты қатынастар реттелмейді.

      2-бап. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы


              заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.


      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

      3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) бiлiктiлiк талаптары – өтiнiш берушiнiң және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрiмен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрiнiң кiшi түрiмен айналысу қабiлетiн сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткiштердiң жиынтығы;
      2) бірыңғай технологиялық процесс - лицензияланатын бір қызмет түрінің шеңберінде өндіріс процесінде орындалатын технологиялық өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;
      3) жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау - лицензия беру мониторингтеу мақсатында белгіленген шара;
      3-1) құжаттың электрондық көшiрмесi – өтініш беруші, лицензиат немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттігі бар адам не халыққа қызмет көрсету орталығының уәкiлетті қызметкерi электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырған, түпнұсқа қағаз құжаттың түрін және ондағы деректерді электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететін электрондық құжат;
      3-2) құзыреттi (салалық) орган – мемлекеттiк басқарудың лицензияланатын қызмет түрiне жататын тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      4) лицензиар - осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      4-1) лицензиардың электрондық тізілімі – берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы лицензиар енгізген мәліметтерді қамтитын лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінің ажырамас бөлімі;
      5) лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
      6) лицензия - тиісті лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға қызметтің жекелеген түрімен айналысуға беретін рұқсаты;
      7) лицензияланатын қызмет түрі (бұдан әрі - қызмет түрі) - айналысу үшін осы Заңға сәйкес лицензия алу талап етілетін қызмет түрі (белгілі бір іс-әрекет (операция, сақтандыру сыныптары);
      8) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі (бұдан әрі - қызметтің кіші түрі) - тиісті қызмет түрін бір лицензия шеңберінде нақтылау;
      8-1) лицензиялар тізілімі - берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданысы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәлiметтердi қамтитын дерекқор базасы;
      9) (алып тасталды - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен);
      9-1) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімі – берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтерді қамтитын, лицензиарлар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын ақпараттық жүйе;
      9-2) лицензиялардың сәйкестендіру нөмірі – әкімшілік құжаттарды нөмірлеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесінің стандартына сәйкес лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде генерацияланатын бірегей нөмір;
      10) лицензиялау - лицензияларды беруге және қайта ресімдеуге, лицензиаттардың тиісті талаптарды сақтауын лицензиарлардың бақылауды жүзеге асыруына, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруға және қайта бастауға, лицензиялардан айыруға байланысты іс-шаралар кешені;
      11) лицензиялық бақылау – лицензиардың лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілгенге дейiн өтініш берушінің немесе лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн тексеруге, сондай-ақ ол берілгеннен кейін лицензиаттардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;
      11-1) лицензияның электрондық нысаны – қағаз жеткiзгiштегi лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресiмделетiн және берiлетiн электрондық құжат нысанындағы лицензия;
      12) өтініш беруші - лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы тиісті лицензиарға өтініш жасаған жеке немесе заңды тұлға;
      13) уәкілетті орган - мемлекеттік саясатты әзірлеу мен жүргізуді жүзеге асыратын және лицензиялау саласындағы басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіретін мемлекеттік орган;
      14) электрондық лицензия – қағаз жеткізгіштегі лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресімделетін және берілетін электрондық құжат нысанындағы лицензия.
      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      4-бап. Лицензиялаудың негізгі принциптері



      1. Лицензиялар беру белгілі бір қызмет түрі үшін белгіленген талаптарға сай барлық тұлғалар үшін тең негіздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады.
      2. Қызметтің жекелеген түрлері бойынша лицензиялық тәртіп енгізу ұлттық қауіпсіздік, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында белгіленеді.
      3. Осы Заңда қызмет түрлерінің және қызметтің кіші түрлерінің егжей-тегжейлі тізбесі белгіленеді.
      4. Осы Заңға жаңа қызмет түрлерi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi енгiзiлген кезде оларды лицензиялау бiлiктiлiк талаптарын белгiлейтiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданғаннан кейiн жүзеге асырылады.
      Жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ экспорты немесе импорты лицензиялануға жататын жекелеген тауарлар тiзбесiн бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлердi осы актiлер ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күндiк мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзуге болмайды.
      5. Қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өнімге қойылатын талаптар, жекелеген өнім түрлерінің, процестердің сәйкестігін міндетті түрде растау жөніндегі талаптар мемлекеттік әкімшілік ету мақсаттарына жету үшін жеткіліксіз болған жағдайларда белгіленеді.
      6. Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
      7. Лицензияның күші, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
      8. Бірыңғай технологиялық процеске кіретін және (немесе) қызмет түрін жүзеге асырудың қажетті элементі болып табылатын қызмет түрлері лицензиялануға жатпайды.
      Қызмет түрінің бірыңғай технологиялық процеске кіретіні және (немесе) оны қызмет түрін жүзеге асырудың қажетті элементіне жатқызу туралы қорытындыны өтініш берушінің өтініші негізінде лицензиардың сұрауы бойынша құзыретті (салалық) орган береді.
      9. Мемлекеттiк органдар, дербес бiлiм беру ұйымдары және олардың ұйымдары, оның iшiнде аталған ұйымдарда бiлiм беру бағдарламаларын енгiзетiн және (немесе) iске асыратын шетелдiк заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыратын қызметтi қоспағанда, лицензиялау талап етiлетiн қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға немесе белгiлi бiр iс-әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.
      Кредиттік серіктестіктер, орталық депозитарий, бірыңғай тіркеуші, мемлекет қатысатын кредиттік бюро, өзара сақтандыру қоғамдары, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы, сондай-ақ Ұлттық почта операторы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүргізетін қызметті қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда ғана жол беріледі.
      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЖҮЙЕСІ

      5-бап. Мемлекеттік лицензиялау жүйесінің құрылымы

      Мемлекеттік лицензиялау жүйесі:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметінен;
      2) уәкілетті органнан;
      3) лицензиарлардан тұрады.

      6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне:
      1) лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлеу;
      2) лицензиарларды айқындау;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекiтетiн бiлiктiлiк талаптарын, сондай-ақ ойын бизнесi саласындағы қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын қоспағанда, бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекiту;
      4) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін өтініш нысанын қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш нысанын бекіту;
      6) өндірілуі, өңделуі, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға тиіс улардың тізбесін бекіту;
      7) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      8) өтініш берушiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетіндігі бөлiгiнде лицензия беруге келiсудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды айқындау;
      9) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидасын бекіту;
      9-1) халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің құжаттардың электрондық көшiрмелерiн растауы қағидаларын бекiтуі;
      10) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      7-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкiлеттi органның құзыретiне:
      1) лицензиялау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру;
      2) лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тізіліміне қол жеткізу құқықтарын дамыту, белгілеу процесін, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудi басқару;
      2-1) халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің құжаттардың электрондық көшiрмелерiн растауы қағидаларын әзірлеуі;
      3) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидасын әзірлеу;
      4) қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын қоспағанда, лицензиялардың және лицензиялардың қосымшаларының нысандарын әзірлеу;
      5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті



      Лицензиарлардың құзыретіне:
      1) жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын бiлiктiлiк талаптары жобаларын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін әзiрлеу және уәкілетті органмен келісу.
      Жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарының жобаларын және оларға сәйкестiгін растайтын құжаттар тiзбесін әзiрлеудi, егер жергiлiктi атқарушы орган лицензиар болып табылған жағдайда, орталық мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады;
      2) өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу;
      3) лицензиялау;
      4) лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      5) азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға арналған лицензияларды қоспағанда, лицензиялар тізілімін жүргізу және оны ай сайын өзінің интернет-ресурсында орналастыру жатады.
      Лицензиардың электрондық тiзiлiмiнде және лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiнде мынадай мәлiметтер:
      лицензиардың атауы;
      лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның берiлген күнi және нөмiрi;
      дара кәсiпкер үшiн - жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), сондай-ақ жеке тұлға дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелген жағдайда куәлiктiң нөмiрi және оның берiлген күнi;
      заңды тұлға үшiн – заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, оны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нөмiрi және берiлген күнi;
      қызмет түрi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi;
      лицензияның қолданылу мерзiмi;
      салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      төлем тапсырмасының нөмiрi және лицензиялық алым төленген күн;
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу негiздерi және күнi;
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, жаңарту негiздерi және күнi;
      лицензияның қолданылуын тоқтату негiздерi және күнi;
      лицензиаттың лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын филиалдары, өкілдіктері, объектілері, пункттері, учаскелері (болған жағдайда) туралы деректер көрсетiлуге тиiс;
      6) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының біліктілік талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруді келісу туралы мемлекеттік органдарға сауал жіберу;
      7) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып электрондық қызмет көрсету;
      8) берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастыру жатады.
      Лицензиат филиалын (өкілдігін, объектісін, пунктін, учаскесін) құрған, оның орналасқан жерін өзгерткен жағдайда он жұмыс күні ішінде – лицензиардың мекен-жайына, егер жергілікті атқарушы орган лицензиар болған жағдайда - филиалдың (өкілдіктің, объектінің, пункттің, учаскесінің) орналасқан жері бойынша оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса хат жолдауға міндетті. Лицензиар лицензиаттың хатын (хабарламасын) алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушінің тиісті қызмет түріне (кіші түріне) қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін белгілейді. Ол біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда тиісті деректерді лицензиялар тізіліміне енгізеді.
      Қаржы саласында және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметте лицензиялар тізіліміне филиал (өкілеттік, пункт) құру, оның орналасқан жерін өзгерту туралы деректерді енгізуді лицензиар лицензиаттан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9-бап. Лицензиялардың түрлері мен қолданысы

      Лицензиялар мынадай белгілері бойынша:
      1. Субъектілер бойынша:
      1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына берілетін;
      2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға берілетін болып бөлінеді.
      2. Қызмет көлемі бойынша:
      1) бас лицензия – қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға қолданыс мерзімі шектеусіз берілетін;
      2) біржолғы лицензия – рұқсат етілген мерзім, көлем, салмақ немесе саны шегінде (заттай не ақшалай алғанда) жекелеген қызмет түрімен айналысуға, сондай-ақ «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзім шегінде ойын бизнесі саласында қызмет түрлерімен айналысуға және «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген көлем шегінде үлескерлердің ақшаларын тарту есебінен тұрғын үйлердің құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысуға;
      3) операциялық лицензия – банк қызметінде жекелеген операциялармен айналысуға, сақтандыру қызметінде сыныптарды (сақтандыру сыныптарын) иеленуге берілетін болып бөлінеді.
      3. Тауарлар экспорты мен импорты саласында:
      1) бас лицензия – кеден одағына мүше мемлекеттің шешімі негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және лицензияда айқындалған санымен жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия;
      2) ерекше лицензия – сыртқы сауда қызметіне қатысушыға жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық беретін лицензия;
      3) біржолғы лицензия – сыртқы сауда шарты (келісімшарты) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және белгілі бір санымен лицензияланатын тауардың экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9-1-бап. Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары

      Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары лицензияға:
      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау кезінде лицензиаттың санатын;
      өнеркәсіп саласындағы қызметті лицензиялау кезінде лицензияланатын қызмет түрі жүзеге асырылатын саланы көрсету үшін енгізіледі.
      Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10-бап. Лицензияның және лицензияға қосымшалардың нысаны

      Лицензияның және оның қосымшаларының нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Қызметтің кіші түрлері көрсетілетін лицензияға қосымша лицензияның ажырамас бөлігі болып табылады.
      Осы Заңның 32-бабында көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
      Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық нысанда беріледі. Өтініш беруші немесе лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште алуға өтініш білдірген жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және лицензиар-органның мөрімен және басшысының қолымен расталады.
      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық форматта беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қағаз жеткізгіште беріледі.
       Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      11-бап. Лицензиялау салалары

      Мынадай:
      1) өнеркәсіп; P080080
      2) атом энергиясын пайдалану;
      3) улы заттар айналымы; 
      4) алынып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5) көлік; 
      6) есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы;
      7) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 
      8) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар;
      9) қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің,  жарылғыш заттар және олар қолданыла отырып жасалған бұйымдар айналымы; 
      10) ғарыш кеңістігін пайдалану;
      11) ақпараттандыру және байланыс;
      12) білім беру;
      13) бұқаралық ақпарат құралдары;
      14) ауыл шаруашылығы;
      15) денсаулық сақтау;
      16) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету; 
      17) ойын бизнесі; 
      18) ветеринария;
      19) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелері ескеріле отырып, сот-сараптама;
      20) мәдениет;
      21) қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет; 
      22) сәулет, қала құрылысы және құрылыс;  
      23) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау; 
      24) алынып тасталды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      25) этил спирті мен алкоголь өнімдерін, темекі өнімдерін өндіру және олардың айналымы;
      26) алынып тасталды - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      27) тауарлар экспорты мен импорты;
      28) тауар биржалары салаларындағы қызметтің жекелеген түрлері лицензиялануға тиіс.
      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.05.04 N 156 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз, 2009.05.08. жарияланды), 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі),  2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.28 N 24-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Каталог: Handlers


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет