Ұлылар ешқашан ұмтылмайды. Мақсаты



жүктеу 31.73 Kb.
Дата01.05.2019
өлшемі31.73 Kb.

Ұлылар ешқашан ұмтылмайды.

Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүйуге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен қазақстандықтардың ерлік істермен таныстырып, ой- өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнкекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері.

Өту барысы: Топ ішін безендіру. Музыка ойнап тұрады. «Әнұран»

Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмтылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүрсілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апайларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22- де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9- мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне содан бері 72 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы жеңіске 72 жылдығын тойлағалы жатырмыз. Сендер телевизордан көресіңдер ме? Ұлы Жеңіс туралы айтып жатады. Соғысқа қатысқан адамдар туралы айтады ия.

Балалар сендер соғыс кино көріппедіңдер? Ия қандай аянышты соғыстың алғашқы күндерінін бастап Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Немістермен аянбай шайқасты.

Соғыс жалмап аға-іні бауырды,

Заржылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

Осындай сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен қандай ағаларымыз бен апайларымызды білеміз?

Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова т.б. көптеген батырларымыз болған. Осы батырларымыз туралы тақпақты кім біледі? Қане ортаға келіңдер.

1) Гүлім: 3)Абылай:

Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін, Әлияны бұл күнде,

Оқ борап снариаттар қаққанда ызың. Барлық бала біледі.

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған, Әлия атты-көңілде

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын. Әпкеміздеп жүреді.

2) Қарақат 4) Аяла:

Жаралғандай жалыннан Өр тұлғалы, келбетті

Жайсаң батыр – Бауыржан. Қошқарбаев Рақымжан

Естігенде есімін, Сын сағатта ерлепті,

Жау есінен жаңылған. Ел сүйсінген батыр жан
Жеңіс күні Берлинде,

Рейхстакқа ту тіккен.


Ия Рақымжан Қошқарбаев жаңбырдай жауған оқтың астында Рейхстак төбесіне жеңіс туын тіккен батыр ағамыз.

Сонымен бірге біздің мектебіміз қай батырдың атымен аталады? Абай ауданы өзіміздің аулымызда дүниеге келген. Батыр азаматымыз Жаңғазы Молдағалиев 1943 жылы қараша айында Украйна жерінде Днепр жағасында жау дзотын кеудесімен жауып, өз әскерлеріне жол ашып, өз Отан үшін құрбан болған. Өзінің ерлігімен, ер жүректігімен көрсетті. 1963 жылы октябрде осы өзіміздің мектепке Жанғазы Молдағалиев атын берді. Содан бері біздің мектебіміз Ж.Молдағалиев атындағы орта мектеп деп аталады.

Ия сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Халықтардың бірлігі, батырлардың ерлігінің арқасында Ұлы жеңісте келді.

Қане балалар жеңіс туралы тақпақ айтайық.

1) : 2)

Жеңілмейді астана Жеңіс келді қалама,

Берілуге болмайды. Жеңіс келді далама!

Артымызда- Москва, Жеңіс келді әке боп,

Шегінуге болмайды. Елдегі бар балаға.

3) Балауса 4)

Жеңіс келді ән болып, 70-жыл бейбіт көктем таң атқалы,

Келді ауылға сән көрік, 70-жыл шуақты күн таратты әнін.

Жеңіс келді, алақай, Есімде содан бері 70 рет

Тоя жейтін нан болып! Ашылды Жеңіс күннің парақтары.


Ия балалар 70-жыл бейбіт көктем таң атқалы- дейді қазір біздің елімізде бейбіт өмір, тыныштық. Қашан бомба атылыды деп қорқынышпен отырған жоқпыз. Тамағымыз тоқ, сабағымызды оқып алаңсыз ойнайсыңдар ия балалар. Лайым осы өмірден айырмасын деп.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» хормен орындайық.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет