Қырғызстанда жеті атаға дейін туыстардың отау құруына тыйым салу заңмен бекітілмек. Бұл талап отбасы кодексінің жаңа жобасына енгізіліп, қоғамдық талқылауға шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Елдің еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігі некеге тұра алмайтын азаматтардың санаттарын әзірлеген. Соған сәйкес, жеті атаға дейін туыс жандар, асырап алушы мен асырандылар, жазасын өтеп жатқан сотталғандар және бір жыныстылар бір-бірімен шаңырақ көтере алмайды. Ал бұл тізімге жатпайтын жастар еш кедергісіз отбасын құра алады.

Сонымен қатар жастар үйленер алдында бір-біріне өздерінің денсаулық жағдайын хабарлауы тиіс. Ол үшін арнайы медициналық тексеруден өтеді. Жауапты ведомство оның қорытындысы құпия болып қалатынын мәлімдеді.

Жеті атадан аспай, қыз алыспау қазақ дәстүрінде де бар. Алайда елімізде мұндай заңды талап жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстанның депутаты Қазақстаннан үлгі алып, бастауыш сыныпта орыс тілін оқытпауды талап еткен еді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.