Лисаков қаласы жастарының Алтын кітабының ережесі жалпы ережелер



жүктеу 68.43 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі68.43 Kb.


Лисаков қаласы жастарының Алтын кітабының

ЕРЕЖЕСІ


  1. Жалпы ережелер

Лисаков қаласы жастарының Алтын кітабы әлемдік және республикалық деңгейлерде зияткерлік, шығармашылық, спорттық, ғылыми, өндірістік жетістіктер саласында ерекше жетістікке жеткен жас адамдардың және мемлекеттік және өңірлік жастар саясатын іске асыруда жетістіктері бар жастар өкілдерінің жеке жетістіктерін қоғамда таныту мақсатында тағайындалады.



  1. Міндеттері:

Қазақстан халқының бірлігін нығайту, қоғамдық келісімді қамтамасыз ету;

жастарды жан-жақты дамыту және мемлекеттік тілді, мәдениетті, өнерді, дәстүрлерді, тарихи мұраны жастар ортасында дәріптеу;

Қазақстанның бейнесін шетелде ілгерілететін жастарды ынталандыру;

Қазақстанның жас патриоты бейнесін дәріптеу.



  1. Жеңімпаздарды анықтау Лисаков қаласы жастарынының Алтын кітабының ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) шешімімен жүзеге асырылады.

  2. Ұйымдастыру комитетінің құрамына қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, номинация тағайындалатын салалардағы мамандар кіре алады.

  3. Жастардың алтын кітабын өткізудің жалпы үйлестіруі Ұйымдастыру комитетіне және «Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ жүктеледі.

  4. Осы Ереже танысу үшін Жастардың алтын кітабына қатысуға үміттенетін барлық мүдделі тұлғаларға беріледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

  5. Сыйлық Ұйымдастыру комитетінің шешімімен анықталған номинациялар бойынша жылына бір рет тағайындалады.

  6. Үміткер бірден көп емес конкурстық өтінімді беруге құқылы.

  7. Үміткерлердің саны шектелмейді.

  8. Конкурсқа жіберілген материалдар қайтарып берілмейді.

  9. Лисаков қаласы жастарының Алтын кітабына енгізілген тұлғаларға қала әкімінің қол қоюымен атаулы сертификаттар тапсырылады.

  10. Жастардың алтын кітабы сыйлығының үміткерлері лауреаттары жылына бір рет тағайындалады және марапаттау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мерекелеу шеңберінде өткізіледі.


2. Лисаков қаласы жастарының Алтын кітабының сипаттамасы
Жастардың алтын кітабы қалың тонирленген картоннан, 35-те 45 см форматында, алтын түсті мұқабада, жапсырма парақтармен, фольгирленген алтын нақышта жасалады.

Алтын кітаптың электрондық нұсқасы ақпараттық мәліметтер базасы түрінде болады және Алтын кітаптың үміткерлері туралы мәліметтері бар.

Жастардың Алтын кітабына енгізу құрметіне ие болған әр тұлғаға бір бет беріледі, онда 10-15 см көлемінде фотосурет және қала алдындағы оның сіңірген еңбегін ашатын мәтін кіреді.

Жастардың алтын кітабы және оның электрондық көшірмесі «Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ тұрақты сақталуында болады.

Сертификаттарды тапсыру қорытындылары бойынша ағымдағы жылдың жастар Алтын кітабы номинаттарының тұсаукесері бұқаралық ақпарат құралдарында ұйымдастырылады.


  1. Сыйлыққа қатысу шарттары

Сыйлыққа қатысушылар.

Лисаков қаласы жастарының Алтын кітабына ғылым мен білім, экономика, ақпарат, саясат, мәдениет, спорт саласында үздік нәтижелерге қол жеткізген 14 жастан бастап 29 жақса дейін Қазақстан Республикасының азаматтары – Лисаков қаласының тұрғындары кіре алады.

Сыйлық келесі бағыттар бойынша:

спорт саласындағы жетістіктері үшін;

мәдениет пен көркемөнер және мемлекеттік тіл саясаты саласындағы жетістіктері үшін;

білім мен ғылым саласындағы жетістіктері үшін;

денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері үшін;

журналистика саласындағы жетістіктері үшін;

кәсіпкерлік саласындағы жетістіктері үшін;

өнеркәсіп және агроөнеркәсп кешенінің жас мамандары;

жас көшбасшылар;

жас мемлекеттік қызметшілер;

азаматтық қауіпсіздік саласындағы кәсіби қызметі үшін тағайындалады.




  1. Өткізу кезеңдері

Бастапқы кезең.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында Лисаков қаласы жастарының Алтын кітабын өткізу және қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы хабарландыру жарияланады. Сонымен қатар, ақпарат мемлекеттік мекемелер, әлеуметтік желілер арқылы таратылады, қабылдау мерзімі – 2016 жылғы 7 қарашадан бастап 18 қарашаға дейін.

Негізгі кезең.

Сыйлыққа қатысушылар материалдарды электрондық немесе қағаз түрінде:

1) ұсынатын ұйым басшысының, қаланың жастар ісі жөніндегі Кеңестің қолдаухатын;

2) оның жетістіктерін толық көлемде ашатын үміткердің өмірбаянын;

3) Лисаков қаласының, қаланың кәсіпорындары мен ұйымдары алдында оның жетістіктері мен сіңірген еңбегінің тізімімен мінездеме-ұсынысты;

4) электроды тасылмалдаушыда және баспа түрінде 10-15 см көлемінде үміткердің сандық фотосуретін;

5) 1-қосымшаға сәйкес толтырылған нысанды жолдайды.

Ұйымдастыру комитеті әр номинация бойынша материалдарды бөліп, тізімді қалыптастырады және Ұйымдастыру комитетінің қарауына ұсынады.

Ұйымдастыру комитеті өз жұмысының нәтижелері бойынша Лисаков қаласы жастарының Алтын кітабының лауреаттарын анықтайды.

Конкурстық іріктеуден өтпеген номинаттар, Ұйымдастыру комитетінің қорытындысы бойынша қала алдында сіңірген еңбегі бар болса, алғыс хаттармен атап өтілуі мүмкін.
5. Үміткерлерді бағалау және іріктеу рәсімі
Ұйымдастыру комитеті ізденушілерді таңдаған кезде келесі критерийлерді басшылыққа алады:

үміткердің қоғамда алатын орны мен беделі;

шығармашылық жобаның мән-мағына тұрғысынан тереңдігі;

қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан үлесі;

ұлтаралық достастық пен келісімді нығайтуға тигізген әсері;

ұлттық мәдениетті, тілді, өнерді, салт-дәстүрлерді насихаттау мен жаңғыртуға қосқан үлесі;

танымалдылығы;

конкурстық жұмыстармен, жеке, кәсіби жетістіктермен туындаған қоғамдық резонанс.

Ұйымдастыру комитеті шешім шығару барысында шығармашылық және кәсіби одақтардың, қоғамдық бірлестіктердің пікірін ескеруге құқылы.

Ұйымдастыру комитеті шешімі ашық дауыс беру жолымен қабылданады және оған Ұйымдастыру комитеті мүшелерінің жалпы санынан басым бөлігі дауыс берсе, қабылданған деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданған деп саналады. Шешім хаттамамен ресімделеді


6. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері
Ұйымдастыру комитеті:

барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасауға;

Сыйлықты өткізудің жариялығын қамтамасыз етуге;

Нәтижелер туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеуге міндетті.

Ұйымдастыру комитеті:

ұсынылған жұмыстар осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, қатысуға үміткерді қабылдамауға;

келіп түскен материалдарға баға беруге;

конкурс қорытындыларын шығаруға;

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері өз өкілеттігін теріс пайдаланғаны анықталған жағдайда қорытындыларды жоққа шығаруға құқылы.
7. Үміткерлердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
Үміткер:

Лисаков қаласы жастарының Алтын кітабын өткізу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат алуға;

Ұйымдастыру комитетіне осы Ереженің тармақтары бойынша түсіндірме алу үшін жүгінуге құқылы

Үміткер:


осы Ереженің талаптарына сәйкес ресімделген материалдарды уақытылы ұсынуға;

Ереже шарттарымен алдын-ала танысуға, қатысу үшін қойылатын талаптарды зерттеуге;

осы Ережеде көзделген шарттарды сақтауға міндетті

Үміткер материалдар мен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін, сондай-ақ осы Ережеде белгіленген шарттарды сақтамағаны үшін жауапты болады.


8. Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты
Ұйымдастыру комитеті: «Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ Лисаков қ., Мир көш. 31, 8 714 33 38880, электрондық почта мекен-жайы: vnpl@yandex.kz
Лисаков қаласы жастарының

Алтын кітабына қатысу өтініміне

1-қосымша

ФОТО

ТЕГІ АТЫ ӘКЕСІНІҢ АТЫ



Байланыс ақпараты

Қала (аудан, село)

Көше, үй, пәтер

Үй және жұмыс телефондары

8 714


Ұялы телефоны

Туған күні

Күні, айы, туған жылы




Білімі

Оқу орынның атауы

Мамандығы, сыныбы

Ағымдағы жұмыс орны, лауазымы




Сіз өткізетін қоғамдық, әлеуметтік-маңызды қызмет




Конференцияларға, жәрмеңкелерге қатысу




Қосымша білім (тренингтерге, семинарларға қатысу)




Наградалар (сертификаттар, мақтау қағаздар, дипломдар)




Жеке қасиеттері






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет