The New York Times басылымының “2024 жылы бару керек 52 жер” деген материалында Алматы қаласы да тізімге енген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото:The New York Times

Шетелдік БАҚ әлемнің 52 қаласын биыл саяхаттауға кеңес береді. Соның ішінде Алматы баруға тұрарлық 25-орында тұр. Онда Алматы қаласы люкс моншалар, калейдоскопиялық соборлар және заманауи тағамдар деген үш сөзбен сипатталған. Алматы туралы ақпаратта “Арасан” моншасы мен христиандардың соборы, базар мен мейрамханалар бар.

Журналистің айтуынша, Қазақстанның оңтүстік астанасы – өте тыныш, ауыл атмосферасын сыйлайтын мекен.

“Екі миллион халқы бар Қазақстанның ең үлкен қаласы – тыныш, бірақ ауылдық белсенді өмірді сезіндіретін қала. Метро күрделі плиталармен жабдықталған. “Арасан” моншасында шомылу ләззат сыйлайды. Онда мәрмәр тақталар үстінде жатып массаж алуға болады, салқын суға шомылып, адам төзгісіз ыстық сауналарға кіре аласыз. Жапырағы жайқалған көшелермен серуендеу жақсы көңіл-күй сыйлайды, түрлі жағымды көріністерді байқайсыз. Мысалы калейдоскопиялық Вознесен соборының алдында баян тартып тұрған мұртты адамды кезіктіре аласыз”, – делінген мақалада.

Материалда Алматының мәдени орталық ретіндегі мәртебесі оның асханаларында көрінетіні айтылған.

“Ұн, су және еттен жасалатын тағамдары бар "нео-көшпенділер" асханасы заманауи түрде насихатталуда. “Ауыл” немесе “Төр” сынды мейрамханасына барып, сынап көріңіз. Қытайдың тағамдары Lanzhou Noodle-да беріледі, ал Sensilyo Coffee, JumpinGoat-да тамаша кофе ұсынылады. Көк базардан жемістер мен жаңғақтар көрпе сынды тізіле орналасқан, содан кейін кеңес модернизмі бойынша салынған ғимаратта ашылған үлкен мейрамхана залы PlatformA-ға барып көріңіз”, – делінген онда.

Бұған дейін шетелдік БАҚ Қазақстан туралы жасанды интеллект жазған жалған ақпарат жариялаған еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.