Танымал әнші, композитор, “Құрмет” орденінің иегері Әли Оқапов денсаулығы сыр беріп, даусын жоғалтып алғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Менің өмірім” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aliokapov/

Атақ аламын деп басы дауға қалған әнші қатты күйзеліске түскен. 

“Өнер адамы болғаннан кейін бүкіл ауыртпалықты жүрегіме қабылдаймын. Күйзеліске түсіп, даусымды жоғалтып алдым. Нақты себебін айта алмаймын. Бірнеше жағдай қабаттасты. Өзімнің қалпыма келу үшін уақыт керек болды. Өнердің адамы болғасын эмоцияға ерік бермесең, өнеріңе кері әсерін тигізеді. Сен эмоцияға, сезімге жақын болуың керек. Соның нәтижесі – ән, шығарма, ойлар, шабыт. Сен оны басқаша шығара алмайсың. Мен – композитормын. Маған жаңа әннің идеясын құрастыру үшін сол сезімдерді бастан өткеру керек”, – дейді әнші. 

  • "3 тәулік бойы ауырды": Сәкен Майғазиев сырқаттанып қалған жұбайын ел алдында еркелетті

  • "10 есе өзгердім": Ақерке Бүркітбай ана болғаннан кейінгі өміріндегі өзгерісті айтты

Сонымен қатар, өнер иесінің өмір сүргісі келмеген де кездері болғанын жасырмайды. Сол кезде ән де жарық көрмей, өзі де сахнадан кетіп қалған.

“Бүкіл ішкі жан-дүниең құлазып тұрғанда қайдағы ән шығарған?! Тіпті ұйқың қашып, тамаққа да тәбетің болмайды. Далаға шыққың келмейді. Өмір сүргім келмеген жағдайлар да болған. Сөйтсем, ол депрессия сезімі екен. Соның кесірінен даусымды жоғалтып алдым. Әлі күнге дейін даусымды қалпына келтірдім деп айта алмаймын. Бірнеше маманға бардым. Олар бәрі жақсы деп шығарып салады. Барлығы ішкі сезімім мен миыма байланысты екен. Вокал сабаққа қатысып, студияда ән жазып, жеңіп жүрмін. Дауысты жібітетін, жұмсартатын дәрілер бар. Оны да ішіп көрдім”, – деп жан сырын ақтарды эстрада жұлдызы. 

Еске салайық, өнер иесі інісі Мәдидің шаңырақ көтеруге асықпайтынын айтқанын жазған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.