Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің 2016 жылда атқарған жұмысы туралы есептік баяндамасы Бюджет



жүктеу 59.52 Kb.
Дата16.04.2018
өлшемі59.52 Kb.

Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің 2016 жылда атқарған жұмысы туралы есептік баяндамасы

Бюджет

2016 жылы Үлкен Нарын округі бойынша округ әкімшілігінің арнайы есеп-шотына ғимараттарды жалға беруден – 1 млн 007 мың 663 теңге, салықтан 32 млн. 302 мың 368 теңге түсті, ол болжамның 108,8 пайызы. Оның ішінде мүлік салығы – 658 мың 845 теңге, жер салығы – 752 мың 467 теңге, көлік салығы 14 млн 908 мың 372 теңгені құрады. Округке қарасты ауылдар бойынша алсақ: Үлкен Нарыннан -30 млн. 202мың 867 теңге, Көкбастаудан – 253 мың 417 теңге, Жұлдыздан – 363 мың 715 теңге, Балғыннан – 516 мың 312 теңге, Көктеректен –497 мың 81 теңге, Свинчаткадан – 468 мың 514 теңге салық түсті.



Ауыл шаруашылығы саласында

Округтің агроөнеркәсіптік кешені негізгі екі бағыттар - егін және мал шаруашылығын дамыту бойынша жұмыс істейді. Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша барлығы – 201 шаруа қожалығы тіркелген, оның ішінде мал өсірумен шұғылданатын 35 қожалық.

2017 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша ауылдық округтегі мал саны: ірі- қара мал басы -7076 бас, қой мен ешкі – 15914 бас, жылқы – 2680 бас, құс –10387 бас, шошқа – 293 басты құрады.

2016 жылы округ бойынша 5 адам жеке мал шаруашылығын дамыту мақсатында Қаржылай көмек қоры және Несиелік серіктестіктер арқылы 11,3 млн теңге шағын несие алып 21 бас ірі- қара мал сатып алды және 2 адам омарташылық өнімдерін өндіру бойынша 3,5 млн теңге несие алды.

2016 жылы селекциялық жұмыстарға, жем-шөпке және асыл тұқымды бұқалар сатып алуға 12 шаруа қожалығына үкіметтен 30,6 млн тг. субсидия берілді.

2016 жылы мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын жоғарылату мақсатында қымыз өңдіргені үшін округ бойынша 3 шаруа қожалығына 3,5 млн. теңге көлемінде субсидия берілді.

2016 жылдың басынан ірі қара – 5441 бас, қой-ешкі – 6392 бас, жылқы – 1268 бас, шошқа – 199 бас бірдеңгейлендірілді.

Округтің көптеген фермерлік және жеке шаруашылықтарында мал азығының жеткілікті мөлшері дайындалды.

Ауылшаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін округте ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізіліп тұрады.

Округ бойынша 6 шаруа қожалығы 27 гектар алқапқа картоп егіп, 2 млн. 300 000 теңге субсидия алды.

2016 жылы бидай – 982 гектарға, сұлы – 1086 гектарға, қара бидай – 174 гектарға, арпа– 336 гектарға, көпжілдік жем – 2919 гектарға, күнбағыс – 6838 гектарға, барлығы 11480 гектар алқапты құрайтын егін егілді.

Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық бойынша атқарылған жұмыстар

Округ тұрғындарына мал ұстау мен елдімекендерді абаттандыру ережелерін түсіндіру және бақылау мақсатында 2016 жылы ауылдық округ, СЭС және АІІБ-нен құрылған комиссиямен бірлескен 7 рейд жүргізіліп, абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 28 жекеменшік және 36 сауда нүктелері иелеріне ескертулер жасалды.

Округ бойынша жыл басынан бері ұйым, мекеме, мектеп және тұрғындар санатынан 6300 адам қатысқан 24 сенбілік өткізілді. Көктем мезгілінде 1925 дана шырша, күз мезгілінде 500 дана үйеңкі, барлығы 2425 дана ағаш өскіндері отырғызылды.

Қоғамдық жұмысқа тартылған жұмысшылар мен «Жасыл ел» бағдарламасына қатысушылардың күшімен 1300 ш.м. гүлзарлар жасалып, жаз маусымында күн сайын суарылып, күтімге алынды. Орталық саябақта 80000 ш.м. алаң қоқыстан тазартылып, санитарлық кесу жұмыстары жүргізілді, Тәуелсіздік саябағының 9000 ш.м., орталық алаңның 3000 ш.м., 17 кішігірім саябақтың 5100 ш.м алаңы аумағына арамшөптер мен қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді. 26 әкімшілік және тұрғын-үй аумақтары қоқыстан тазартылды, 14 қоқыс төгетін орындар жойылды, «Нарын-Сервис» ЖШС автокөліктерімен 5200 тонна қоқыс шығарылды, ұзындығы 7000 м бас канал тазартылды. Алаңдағы және басқа саябақтың 1400 м. темір қоршаумен қоршалып, боялды. Тәуелсіздік саябағында орнатылған субүрккішке 928500 теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Московская және Астана көшелеріне 3710000 теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары өткізілді.

Астана көшесіне 27 млн. теңгеге асфальт төселді. Өткізілген сенбіліктерде «Нарын Сервис» ЖШС және жүк көліктері иелерінің көмегімен Үлкен Нарын ауылында Назыров, Северная, Гагарин, Калинин және Алтайэнерго көшелеріне тас (қиыршық) төселді. Үлкен Нарын ауылында 762 метр ұзындықта 40 млн. теңгеге су құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауыл орталығында 25 млн. теңгеге абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, орталық көшелерге кансольдар және әсемдеу құрылғылары орнатылды, Жаңа жылдық безендірулерге 10 млн. теңге жұмсалды. Ауыл орталығының екі қиылысына 5320000 теңгеге бағдаршам, 677000 теңгеге 48 дана жол көрсеткіштері орнатылды. Үлкен Нарын ауылының Боран аумағында орналасқан христиандар бейітінің қоршауын жаңалауға – 958000 теңге жұмсалды.

Тұрғын-үй және коммуналдық шаруашылық саласында қызмет көрсету сапасын арттыру қажет.

Үлкен Нарын ауылындағы көппәтерлі үйлердің кәріз, ауыз су және жылумен қамту жүйелерінің көп бөлігінің тозығы жетіп, ескіргендіктен, алмастыруды талап етеді.

Әлеуметтік қолдау және еңбек

Округтер тұрғындар саны 6205 адамды құрады (Үлкен Нарын-4789, Көкбастау-291, Жұлдыз-270, Балғын-361, Көктерек-424, Свинчатка 70 адам).

Тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша да айтарлықтай жұмыстар атқарылды.

2017 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздар саны - 35 адамды құрады, өткен жылмен салыстырғанда 2 адамға кем.

2016 жылдың 12 айында жұмыспен қамту үшін жүгінгендер саны - 319 адам, оның 162 жұмыспен қамтылды. Жобаланған 160 жаңа жұмыс орнына 162 жұмыс орны құрылды. Жоспарланған 12 кәсіби оқуға 21 адам жіберілді.

Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына көмек көрсету үшін күнделікті жұмыстар атқарылуда. 2016 жылы 1388,2 мың теңге көлемінде 10 отбасыға атау лы әлеуметтік көмек, 96 отбасыға 4614,4 млн.теңге балалар жәрдемақысы, 28 отбасыға 996 мың теңге көлемінде тұрғын-үй көмегі көрсетілді.

Аз қамтылған отбасыларға округіміздің жеке кәсіпкерлері тарапынан көптеген демеушілік көмек көрсетілді.

Туризм саласы

Аудандағы туризмді дамыту мақсатында Бұқтырма су қоймасының жағалауында А.Соколенко өз қаражатына 40 орындық демалыс базасын құрылысын жүргізуде. Құрылыс 150 млн теңгеге жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта құрылыс әлі жалғасуда.

Демалыс орнының негізгі бағыты - демалушыларға қайықпен жүзуге, бассейнге шомылуға, балық аулауға мүмкіндік жасау. Алдағы уақытта 12 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Алдағы уақытта жеке кәсіпкер Айдар Бахтияров өз қаражаты есебінен 20 млн. теңгеге Үлкен Нарын ауылының айналма жолының бойында ЖҚС және жол сервисін (шағын дәмхана, дүкен, дөңгелек жөндеу т.б) ашуды көздеп отыр. Бүгінгі таңда жер телімінің құжаттары әзірленген.

2016 жылы жеке кәсіпкер С.Айдабулин автокөліктерді газбен толтыру станциясын өз қаражатына ашты.

Облыс мәслихатының депутаты Л.Ш.Тумашиновтың демеушілігімен Үлкен Нарын ауылында қонақ үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.



Білім беру

Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша 2 балабақша, 7 мектеп, 2 кітапхана, 1 агротехникалық колледж бар. «Күншуақ» балабақшасында 2 топ (1 топ қазақ тілінде, 1 топ орыс тілінде), «Балбөбек» балабақшасында 11 топ (аралас) және Көкбастау, Жұлдыз, Балғын ауылдарының мектептерінде шағын орталықтар өз жұмысын жүргізуде, яғни, мектепке дейінгі тәрбиелеумен толық қамтылған. Округ бойынша мектептерде 975 оқушы бар. Тегін тамақтандырылатындары – 238 оқушы, 16 - қамқорлыққа алынған.

Үлкен Нарын ауылындағы агроколледжде 178 оқушы бар. Барлығы тегін тамақтандырылады.

Дене шынықтыру және спорт

Аудан спортын дамыту мақсатында біршама жұмыстар атқарылып келеді. Округте көпшілік спортпен шұғылданатын 30 спорт нысаны, оның ішінде 2 спорттық кешен, 1 шаңғы базасы, 13 спорт алаңдары, 11 спорт залы, 10 футбол алаңы, 3 хоккей қорабы жұмыс жасайды. Дене шынықтырумен және спортпен округ бойынша 1652 адам шұғылданады. Спорттық кешендерде волейбол, шағын футбол, қазақ күресі, еркін күрестен үйірмелер ашылып, оған 624 адам қатысып отыр.



Денсаулық сақтау

Округта 6 денсаулық сақтау мекемесі, 6 дәріхана бар. 2016 жылы округ бойынша 97 сәби дүниеге келді, өткен кезеңмен салыстырғанда 57 сәбиге көбейген, ал қайтыс болған адамдардың саны – 51, 21 адамға кеміген.Туберкулезбен ауырғандар саны - 2 адам.



Қоғамдық тәртіпті қадағалау

Қоғамдық тәртіп бұзушылықтың алдын-алу мақсатында мекеме, ұйымдармен бірлесе отырып, ерікті халық жасақтары құрылып, жұмыстар жүргізіледі. Ауылдық округте Сарбаздар жасағы, Ақсақалдар алқасы, Әйелдер кеңесі құрылған.

Үлкен Нарын ауылында тәртіп, жол жүру ережелерін бұзу деректерін анықтауға көмектесетін 6 бейнебақылау камералары орнатылған.

«Катонқарағай агротехникалық колледжі» КММ-нің және «Нұр Отан» партиясының ғимаратында учаскелік полиция пункті орналасқан.



2016 жылы округ бойынша барлығы 90 қылмыс жасалған оның 50 ұрлық, оның ішінде 1 мал ұрлығы. Жазбаша түрде 100 адамға аббаттандыру бойынша ескерту берілді.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет