Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысындағы Сәтбаев маңында "сейсмикалық оқиғалардың" тіркелгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото ашық дереккөзден

“14 ақпанда сағат 08.00-ден 11.42-ге дейінгі аралықта Ұлытау облысының Сәтпаев қаласында "Қазақмыс" ЖШС бас геомеханигі Оңтүстік Жезқазған кенішінің жұмыс істеп тұрған №65 шахтасында бос орындарды мәжбүрлеп жоспарлы өтеу болғаны туралы хабарлама түсті. Соның салдарынан сезілмеген сейсмикалық оқиғалар тіркелді”, – делінген сәрсенбіде тараған ақпаратта.

Министрлік зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ екенін айтты.

  • Алматыдағы жер сілкінісін қытайлықтар қолдан жасаған ба – Сейсмолог жауабы
  • "1-қабатта кафе болған": Түркиялық әйел жер сілкінісі кезінде ұлы мерт болған ғимаратқа өзі зерттеу жүргізіп, кінәлілерді табуға көмектескен

Айта кетейік, Қазақстанның ұлттық деректер орталығы 14 ақпанда сағат 10.41 және 11.09-да Сәтбаев қаласынан 9 шақырым жерде 4 және 4,6 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлаған.

“Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері (шамамен 20 км қашықтық) шықты. Сейсмикалық станциялар желісімен "ННЦСН и И" ЖШС ҚР ТЖМ осы кезеңде жер сілкінісі тіркелген жоқ”, – деп қосты ТЖД.

Бұған дейін желіде 14 ақпанда Алматыда жер сілкінеді деген ақпарат тараған еді. Бұл ақпаратты сейсмологтар түсіндірді.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.