Алматы прокуратурасы университетті сату кезінде мемлекет мүддесіне нұқсан келтірді деп санап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қазақстан-Британ техникалық университетінің сайты

Прокуратура 2018 жылы "Қазмұнайгаз" және Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қорын "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ-ның сатып алу-сату шартын жарамсыз деп танып сотқа берді.

2000 жылы университет елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Ұлыбританиямен уағдаластық бойынша құрылған еді. 

Бірінші құрылтайшысы ретінде білім және ғылым министрлігі атынан үкімет болды. Кейін 2003 жылдан бастап "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы иелік етті. Ал 2018 жылы "Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры" қоғамдық қоры жекешелендіру кезінде жоғары оқу орындары акцияларының пакетін 11,3 миллиард теңгеге сатып алды.

  • "Томирис" кітабының авторы Нұрсұлтан мен Әлия Назарбаевтарды сотқа берді: Орымбетов талап еткен 50 миллион теңгесін алды ма?

  • Ресейлік қос компания Қазақстан депозитарийін сотқа берді

"Бағалау туралы есепті тікелей орындаған өкіл ретінде мен мемлекетке 11 миллиард теңге шығын келтіргені үшін айыптауды негізсіз деп санаймын", – деді аудиторлық компанияның өкілі.

Сот істі қарауды тоқтатқан. Себебі тараптардан медиативтік келісімнің шарттарын талқылауға уақыт беру туралы өтініш түсті.

Айта кетейік, ҚБТУ-дың бас ғимараты Алматының орталығында орналасқан. Бұрын ғимаратта ҚазКСР компартиясының орталық комитеті орналасты. Мекеменің дөңгелек үстелінде тарихи маңызды құжаттарға, соның ішінде Қазақстан Тәуелсіздігі декларациясына қол қойылған.
 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.