Ұлттық бас киім дайындатудағы жаңа оқыту әдістерінің тиімділігі



жүктеу 40.83 Kb.
Дата11.04.2018
өлшемі40.83 Kb.

Қарағанды облысы

Шахтинск қаласы

Әлихан Бөкейханов атындағы мнктеп-лицейі

Технология пәнінің мұғалімы

Нургелдина Таттигайша Темиргалиевна



Ұлттық бас киім дайындатудағы

жаңа оқыту әдістерінің тиімділігі.

Жалпы білім беретін мектептің білім мазмұны тұжырымдамасында: «Білім мазмұнын, оның құрылымын анықтауды дамыта отырып оқытудың ұстанымынан басқа мазмұнын интергацитивті сипатын қамтамасыз ету басшылыққа алынады» делінген.

ХХІ ғасырдың өзінде-ақ Ж.Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Сондықтан осы мақсатпен оқушының шығармашылық қасиетін дамыту – негізгі басты қағидам. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялардың ерекше ықпал жасайтыны сөзсіз және әрбір әдіс-тәсілдің ұстаздар үшін маңызы өте зор. Білім беру жүйесін реформалау оны ұйымдастыру мен мазмұнына жаңа әдістемелік тұрғыдан келуді талап ететін оның басты идеясы – оқу материалын интегративтеу, оның тығыздығы мен пәнаралық байланыс негізінде құрылуын қамтамасыз ету. Осы орайда технология пәні мазмұны бойынша өтілетін сабақтарды, оның ішінде «Сәндік қолданбалы өнері негізіндегі көркем қолөнер» сабақтарын басқа пәндермен байланыстыра өткізуде жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану оқушыларға білімді жүйелі және жан-жақты беруді қамтамасыз етеді. Ал жаңа білім мазмұны талабына сай оқу процесінде әдістемелік жүйелерді жаңарту - бүгінгі оқытуға қойылып отырған талаптардың бірі. Осыған байланысты, технология пәні бойынша берілетін білім-дағдыларды игертуде оқушыларды жан-жақты дамытып, іскерліктерін қалыптастыру мақсатында жаңашыл, озық әдіс-тәсілдерді сабақтарымда кеңінен қолданамын. Ал сабақтарды интеграциялау, яғни кіріктірілген сабақтар бойынша ұлттық қолөнері сабақтарын ұйымдастыру, оның ішінде ісмерлік өнерін үйрету барысында оқушылардың тарих, бейнелеу өнері, сызу, математика сабақтарында алған білімдері интеграциялық негіз болып табылады. Оқу процесін осылайша ұйымдастыру, ұлттық өнерге қызығушылықтарын арттырумен қатар жан-жақты, жүйелі білім береді. Сонымен қатар, көркем еңбек сабақтарын өз дәрежесіне жеткізу үшін қолөнер сабақтарын халықтық педагогикамен ұштастырамын.

Технология пәні негізінде ұлттық қолөнер сабақтарын игерту үшін

оқыту процесінде сабақтың ақпараттық картасын (САК) дайындап алу керек. САК педагогикалық технологияны дұрыс жобалау үшін қажет.

САК-та оқу материалының мазмұны, сабақтың түрі, мақсаттары, міндеттері, мұғалім мен оқушы арасындағы қатынас нәтижесі, оқыту құралдарын қолдану кездерін қарастырылады. САК мұғалімге арналған әдістемелік құрал болып табылады және сабақ міндеттерін жүзеге асыру жолдарын көрсетеді. Төменде, «Ұлттық бас киімдер дайындау технологиясы» сабақтарына арналған сабақтың ақпараттық картасы көрсетілген.



Оқушыларды халқының өнеріне тәнті етіп тәрбиелеу

Өнерге үйрету жолында оқушылар бойында шеберлік, эстетикалық қасиет-терін қалыптастыру

Өз бетінше бұйымдар әзірлей білу

«Қолөнер өмірлік өнер» атты шығармашылық жоба қорғау.


жаңалықты эвристика- зерттеу проблемалық

диалог арқылы лық өз бетінше арқылы білім ізденіс, оқу

білу еңбектену алу мотивациясы


Ұлттық бас киімдерді дайындату сабақтарының ақпараттық картасы құрылғаннан кейін, оқытудың жаңа технологияларының ішінен тиімді әдістерін таңдау барысында мына жағдайларды ескеремін:

  • алынып отырған әдіс-тәсілдердің мектептің, оқушының мүмкін-дігімен нақты жағдайға сай болуы;

  • өтілетін сабақ алдына қойылып отырған мақсат пен міндеттерге жеткізе алуы;

- жүйелілігі, тиімділігі.

Сонымен қатар, ол әдіс-тәсілдер оқушы ынтасына, оқушы тәртібіне, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар, шығармашылық қабілеттерін дамытып, эстетикалық талғамдарына әсер ететіндей болу керек. Былайша айтқанда, таңдалып алынған жаңа технология оқу-тәрбие процесін шығармашылықпен терең ойластырып, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлік ретінде рөл атқаруы керек. «Ұлттық бас киімдер» тақырыбын жоба сабақтарында игеру барысында модульді технологияны оқытуда қолдану сабақтың нәтижелі және қызықтыөтуіне бірден-бір ықпал етеді. Ұлттық бас киімдер – халқымыздың көнеден келе жатқан дәстүрлі мәдениетінің бірі, тұрмыс-салтының айнасы. Қазақ халқының қалыпта-суына байланысты бас киімдер түрлері өзгеріп отырды. Өмірде болған құбылыстар бас киім тігу өнерінде де өз көрінісін тауып отырды. Қазақ халқының әр дәуірде, түрлі кезең-кезеңде ойлап тапқан, тұрмысына сай өңдеп, жетілдіріп пайдаланып келген бас киім атаулары болды. Мысалы: бүгінгі тілдік қорымызда «біреудің қарқаралы бәйбішесі», немесе «қасабалы қызы» деген сөздер бар. Мұнда: бай адамның бәйбішесі малынып киінген кимешек түрімен желке жағы төмен қарай ұзын етіп түсірілген тақия түріндегі, қас сұлуға арналған сәнді бас киім үлгісі айтылып отыр.

Қорыта келгенде, жаңа әдісті қолдану – оқушы белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Оқушы осы жұмыстар нәтижесінде «Өз көзқарасының авторы», «іс-әрекет біліктері мен дағдыларының шебері», «белсенді ізденгіш» сияқты атақтарға ие болады. Сонымен қатар атадан балаға мұра ретінде қалыптасып келе жатқан кәсіп түрлерін игереді.Ендеше, технология пәні бойынша өтілетін ұлтық өнерімізді игерту сабақтарындағы оқушылар шығармашылығын арттыратын оқытудың жаңа технологиялары өз жемісін нәтижелі берері сөзсіз.

Пайдаланған әдебиеттер:



  1. Ақназарова.Ұ. Ұлттық бас киімдер.Олардың түрлері жасалу жолдары

Мектептегі технология.2003

  1. Ш.Т.Таубаева.Оқытудың қазіргі технологиялары. Қазақстан мектебі.2010



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет