Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің



жүктеу 35.03 Kb.
Дата24.07.2018
өлшемі35.03 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2018 жылғы «__» ______

№ _____ қаулысымен

бекітілген


Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 22-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1141 қаулысымен айқындалған Бәсекелес ортаға беру ұсынылатын заңды тұлғалардың тізбесі бойынша (бұдан әрі – Тізбе) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына (бұдан әрі – Ұлттық қор) түсетін түсімдердің тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

компаниялардың активтері – Тізбеде көрсетілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтері;

мемлекет тікелей қатысатын компаниялар – Қазақстан Республикасы Үкіметінің не Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның атынан мемлекет жалғыз акционері болып табылатын компаниялар;

мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу және қалыптастыру саласындағы, сондай-ақ өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Компаниялардың активтерін бәсекелес ортаға беруден

Ұлттық қорға түсетін қаражат түсімдерінің тәртібі
3. Мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражатты Ұлттық қорға жіберу жария орналастыру шеңберінде компаниялар акцияларының қосымша эмиссиясы нәтижесінде түскен қаражатты қоспағанда:

1) мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың таза кірісі есебінен түсетін түсімдер:

2) Ұлттық қор алдындағы міндеттемелерді өтеу ретінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың таза кірісін бөлуді және Ұлттық қорға жіберілетін қаражат мөлшерін бекітуді ішкі корпоративтік рәсімдер шеңберінде мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың жалғыз акционері жүзеге асырады.

Тізбеде көрсетілген компаниялардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражат есебінен Ұлттық қор алдындағы өтелетін міндеттемелер мөлшерін бекітуді ішкі корпоративтік рәсімдер шеңберінде мемлекет тікелей қатысатын компанияның директорлар кеңесі жүзеге асырады.

5. «Қазақстан темiр жолы» ұлттық компаниясы», «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы», «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамдарының активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражат есебінен Ұлттық қорға аударылатын қаражат мөлшері Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес сыртқы борышты өтеу үшін қажет сомаға түзетіледі.

6. Мемлекет тікелей қатысатын компаниялар тиісті қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі бесінші айдан кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға:

1) әр ұйым бөлінісінде, оның ішінде мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың активтерін сатудан түскен нақты түсімдердің мөлшері туралы есепті кезеңдегі ақпаратты;

2) егер актив қаражатты бөліп төлеу шартымен сатылған болса, Тізбеде көрсетілген компаниялардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражат түсімдерінің графиктерін ұсынады.

7. Ұлттық қорға түсетін қаражат Мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың жалғыз акционерге мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың таза кірісі есебінен түсетін түсімдер ретінде төлейтін қаражаты жалғыз акционердің шешімі негізінде Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың тиісті коды бойынша қолма-қол ақшасыз нысанда аударылады.



8. Мемлекет тікелей қатысатын компаниялар Ұлттық қор алдындағы міндеттемелерді өтеуге жолдайтын қаражат мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың директорлар кеңесінің шешімі негізінде облигацияларды шығару проспектісінің шарттарына сәйкес аударылады.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет