«Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына



жүктеу 45.54 Kb.
Дата05.05.2019
өлшемі45.54 Kb.


«Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына

ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ



п/п


Түсініктеме хатта сипатталатын мәліметтер тізбесі

Мемлекеттік әзірлеуші-орган ақпараты


1.

Мемлекеттік әзірлеуші-орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

2.

Жобаны қабылдау негіздемесі сәйкес нормативтік-құқықтық актлерге, қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттар нормаларына, Үкімет немесе Кеңсенің хаттамалық және басқа да тапсырмалары және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелеріне сілтемемен

«Мемлекеттік мүлік туралы»
2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің
2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты
Жолдауын орындау мақсатында

3.

Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамсыздануы, оның ішінде қаржыландыру көзі, сонымен қатар қажеттілік туындап жатса, Республикалық бюджеттік комиссия шешімі (сәйкес келетін есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме жасау, Республикалық бюджеттік комиссия шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсініктеме хатқа тіркелуі керек)

Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарға әкелмейді.

4.

Жобаны қабылдаған жағдайдағы мүмкін болатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары

Жобаны қабылдау қандай да бір жағымды немесе жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдар тудырмайды. Сонымен қатар, жобаны қабылдау медициналық қызметтер сапасын жақсартуға әкеледі.

5.

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары, мерзімдері

Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықты құру.

Онкологиялық орталықты құру ұлттық және халықаралық талаптарға сәйкес келуіне, денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған медицина саласында жоғарғы білікті, жоғарғы технологиялық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.



6.

Жобада қарастырылатын мәселелер бойынша бұрынырақ қабылданған Президент және/немесе Үкімет актлері және оны іске асыру туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Заңнаманы қабылданған жағдайда енгізілетін жобаға сәйкестендіру қажеттілігі (басқа да нормативтік актлер қабылдау немесе қолданыстағы актлерге өзгертулер мен/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) немесе бұндай қажеттіліктің болмауы

Талап етілмейді

8.

Реттегіштік әсер талдауын өткізу нәтижелері туралы ақпарат (болған жағдайда)

Талап етілмейді

9.

Жобаның Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттардың жобаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Талап етілмейді

10.

Премьер-Министрдің басқа ұйымдардағы қосымша сараптамасының (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және т.б.) қорытындылары

Талап етілмейді

11.

Жобалар мен олардың материалдарын 2011 жылдың 20 мамырдағы № 25-1-32дсп/22П-дсп Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрінің бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мобильді кеңсесі» ақпараттық жүйесіне жіберуге рұқсат етілген қызметтік ақпараттар тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) мемелекеттік ақпарат құрамдас жобалардан басқа «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мобильді кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильді құрылғыларына жобалар мен материалдарды жіберу мүмкіндігі

Жобалар мен олардың материалдарын «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мобильді кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильді құрылғыларына жіберу мүмкіндігі


12.

Жобаның мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналасуы туралы ақпарат (веб-сайт, интернет-портал, сонымен қатар ашық нормативтік-құқықтық актлердің интернет-порталында (күні, байттар саны)

Қаулының жобасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында (www.mz.gov.kz, 2018 жылғы
20 сәуірде, 26 КБ), сонда-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (2018 жылғы
20 сәуірде, 16 КБ) орналасқан

13.

Тауарларды, қызметтерді немесе зияткерлік меншік құқықтарын сатумен айналысуға қатысты жобаны орналастыру туралы ақпарат, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына пресс-релиз өкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылады.

Қаулы жобасының баспасөз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет ресурсында орналасқан (www.mz.gov.kz,
2018 жылғы 20 сәуірде, 26 КБ)

14.

Халықаралық шартты бекіту қажеттілігі туралы ақпарат

Талап етілмейді


Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрінің А. Цой

міндетін атқарушы
2018 жылғы «__» __________




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет