«Ұлттық тәрбие ел болашағы» Динасилова Жайдары Қуанышбековна



жүктеу 94.99 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі94.99 Kb.

«Ұлттық тәрбие – ел болашағы»



Динасилова Жайдары Қуанышбековна

Қарағанды қаласы

68 МИББ кешені

Тәрбиеші
Мақалада оқушылардың ұлттық сана – сезімдерін және ұлттық ойлау қабілеттерін ұлттық тәрбие арқылы дамыту мәселелері қарастырылған.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса  алатын азамат өсіре аламыз, – деген болатын. Ұлттық сана-сезім, ұлттық патриотизм әр адамды, әр халықты ұлттық ойлау қабілеті, ұлттық әдет-ғұрып, ұлттық салт-дәстүр қоршауында сақтайтын негізгі рухани байлық. Халықты ұлт ретінде сақтайтын жалғыз жол бар. Ол жол – жас ұрпақты ұлттық сана-сезім негізінде тәрбиелеу. Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт дәстүрін, тілін, білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.

Қазақстан Ресаубликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында: «Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деп елбасы болашақ ұрпаққа сенім артты.

Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ  жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі.

Бүгiнгi қазақ мектептерінің алдында тұрған басты мiндет – окушының ұлттық сана-сезiмiн оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тiл, дiн, тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгi-өнегенi сiңiру, ұлттық дүниетанымын қалыптастыру өмір талабы. Ондағы мақсат: ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Осы ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:

-  оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;

-  жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік,

мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;

-  ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін,

рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;

-  жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді

ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.

Ұлт болып қалу мүмкіндігі ұлт өкілдері өздерін ерекшелейтін ұлттық құндылықтарын жоғалтып алмағанға дейін ұласады. Қай ұлтты алып қарасаңыз да дәстүрге негізделген тұрмыс-тіршілігі, тарихы, мәдениеті, өркениеті бар екендігі мәлім. Сондықтан жастардың бойына ұлттық құндылықтарды және жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерді қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, салт - дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелеріне тоқталу керек. Қазақ мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Жалпы адамзаттық құндылық қасиеттері ұлттық тәрбиемен ұлттық мәдениеттің дамуындағы қозғаушы күші болып табылады. Сондықтан да бүгінгі зерттеулерде «құндылық» , «ұлттық құндылық» ұғымдарына мынадай анықтамалар берілген:

- құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Құндылықтар адам мүддесінің объектісі бола тұра, әлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Оның шынайы өмірге құндылықтық қатынасы тек сана негізінде болуы мүмкін. Құндылықтық сана заттың біз үшін қаншалықты бағалы, оның құндылығы неде екенін зерттейді.

- құндылықтар – шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дегенмен ол адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде  тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді. Дәлірек айтсақ, ана тілі мен ұлттық салт-дәстүрін құрметтейтін, басқа тілде де жетік сөйлей білетін, дүниетанымы, ақыл-ой парасаттылығы қалыптасқан, еңбекқор, мақсат қоя алатын және сол мақсатқа жету жолдарын таңдай білетін, жауапкершілігі мол, мінез-құлқы, айналадағы адамдарға қарым-қатынас мәдениеті жоғары, Отанын сүйетін, күрделі жағдайларда нақты шешім қабылдай алатын, өзіне сын көзбен қарай білетін салауатты тұлға .

- ұлттық құндылықтар - халқымыздың ұлттық бет-болмысын, ерекшелігін көрсететін мәдениеті, өнері, тілі. Ал, ұлттық тәрбие мен жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерінің мәселесі – адамзат тарихынан өн - бойына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бұл адамзаттың өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып табылады. Сол себепті ұлттық тәрбиеге патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы және жалпы адамзаттық қасиеттерді жатқызамыз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық  сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Бүгінде ұлттық тәрбиенің ғылыми негізі толық қаланып, ол жаңа тәжірибелермен байытылуда. Ұлттық тәрбиенің көздері: фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады.

Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазір де солай. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Міне, бұл орайда  ұлттық салт-дәстүрлерді үйрету сабақта және сыныптан тыс тәрбие сағаттарында көрсету үрдіске айналып келеді . Еліміздің ертеңін сеніп тапсыратын отансүйгіш, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу үшін аянбай тер төгіп келеміз. «Қазақстанның болашағы –ана тілінде» болғандықтан оқушыларға   ұлттымыздың болмыс тіршілігін баяндайтын ертегі, шешендік сөздерғ халық ауызекі шығармалары арқылы оқушының  санасына сіңіріп, мағынасына терең бойлатуға тырысамыз.
Ұлттық сананы қалыптастырудың үлкен бір саласы – қазақ халқының салт-дәстүрі болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыпқа, әсерлі әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлерге, халықтың өмірінде қалыптасқан салт-дәстүрлер, салт-сана болып қалыптасқан. Халықтың салт-дәстүрлері рәсімдер мен жөн-жоралғылар, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады. Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым сөздер. Бұл сөздер оқушыларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырады. Осы орайда оқушылармен «Атадан қалған асыл сөз», «Бабадан бізге не қалған», «Салт – дәстүрді білеміз бе?» «Тыйым сөздер – тәрбие көзі», « Кім көп біледі ?» т.б тақырыптарда тәрбие шарларын өткізілді. Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. "Баланы жастан" демекші, оқушылардың санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы - салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.

Ата-бабадан қалған асыл мұра – батырлар жыры десек, батырлар жыры – ұлттық тәрбие бесігі. Онда Алпамыс батырдың елін-жерін қоғаудағы ерлігі, Қобыландының ел-жұртына, сүйген жарына деген махаббаты, т.б. үлгі аларлық қасиеттер бар. Осындай эпостық жырларды оқыта отырып, мектеп оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды сезіне білу және әрбір жасөспірімнің бойына сіңіру, олардың көзқарасын ұлттық құндылықтарға негіздеп тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты мәселесі. Бұл құндылықтарға зат, құбылыстардың ықпалымен ғана емес, сөздің әсерімен де ықпал етуге болады. Себебі аса күрделі сезімдердің қалыптасуына сөздің әсері мол.

Ұлттық құндылықтардың келісті көрініс табуы – халықтың мақал-мәтелдерінде, шешендік сөздерінде, даналықтарында, әдебиетінде көрсетілген. Мақал-мәтелдердің өзі қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізі болып табылатынын білеміз. Осыған орай оқушылармен «Ескірмейтін есті сөз», «Асылдың сөзі – ақылдың кені», «Білгенге маржан», «Бабалар сөзі» және т.б тақырыптарда тәрбие шаралары өткізілді.

Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай бiлу мұғалiмдердiң, ата-аналармен қосылып жүргiзген шараларына да байланысты, өйткенi, бiрiншi ұлттық тәрбиенің ошағы - отбасында, екiншiден, мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп болып бiрiгiп жұмыс атқару - біздің басты мiндетiмiз.  Халқымыздың асыл қазынасын тиiмдi пайдалану, оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарау мақсатында ата – аналармен «Үздік отбасы», «Ата салты – асыл қазынамыз», «Салт – дәстүрі елімнің», «Армысың, әз Наурыз!» сияқты қызықты шаралар мен отырыстар өткізілді. Осы тәрбие шараларының нәтижесінде оқушылар ұлттық рух, ұлттық намыс, ұлттық сана ұғымдарының мәнін ұғынып, қазақ халқына тән жауапкершілікті, парызды толық мойындап, ескереді. Сонымен қатар оқушылар бойынан ұлттық намыс пен жігер қалыптасқанын байқадық.



Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Ел болу, мемлекет құру сонау түркі заманынан желісі үзілмей келе жатқан ұлттық арман. Ел болу – болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол болашаққа ашылған даңғыл жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Бұдан шығатын қорытынды – ұлттық тәрбие идеясы ата-бабалар алдындағы – қарыз бен өкшебасар ұрпақтың алдындағы – парыз деп түсінуіміз керек. Яғни, парыз бен қарыздың түйісер тұсы осы ұлттық тәрбие деп білеміз.

М.Әуезов «Ел боламын десең, бесi­гiңдi түзе» дегендей, ертеңгi ұрпақтың  тәрбиесiн бүгiннен  бастап қолға алып, жастарымызды ұлтын сүйетiн ұлт­жанды, Отанын сүйетiн патриот, жо­ғары адамгершiлiк иесi, ұлттық рухы биiк парасатты азамат етiп тәрбиелеу үшiн оларға ұлттық тәрбие қажет еке­нiн өмiрдiң өзi-ақ көрсетiп отыр.  Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн».  Олай болса, ұлттық сезім мен ұлттық намысты, ұлттық рухты көтеру – бүгінгі таңның кезек күттірмес міндеті болып қала бермек. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы дей келе, халқымыздың сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан ұлттық құндылық­тарымызды, дархан халқымыздың тарат­қан үлгi-насихаты –асыл мұралары­мызды оқушылар бойына сiңiрiп, ұлттық мәдениетiмiздi  сақтай бiлейiк!

 

Пайдаланған әдебиеттер


1. Н.Ә Назарбаев «Қазақстан -2030». – А.: Білім, 1997жыл

2. Жанна Иманқұлова: «Ұлттық құндылықтар ұлағаты» - Жалын,

23 ақпан , 2011жыл

3. Құндылық. Уикипедия – ашық энциклопедиясы



4. Мұхтар Абрарұлы Құл – Мұхаммед: «Ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуда келелі жұмыстар атқарамыз» - Замана желісімен жарасқан – Қазанат журналы, Сұхбат

5. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2014 жыл
Каталог: uploads -> doc -> 03ce
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
03ce -> Негізгі қимыл түрлерін жоспарлау үлгісі (даярлық топ) Қыркүйек
03ce -> Цель исследования- знакомство с разнообразием раннецветущих растений своей местности, произрастающих в различных экологических условиях


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет