Көкшетау қалалық сотында интернет арқылы бүйрегін сатпақ болған ақтөбелікке қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Сотта анықталғандай, Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғыны өз бүйрегін сату туралы заңсыз мәміле жасаған. Ер адам әлеуметтік желіде өзінің ішкі органын келісімді бағамен сату жөнінде хабарландыру жариялаған. Ол шартты сатып алушымен мәміле жасасу кезінде ұсталды. 

Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс сотталушының кінәсін мойындау туралы мәміле нысанында жасалған іс жүргізу келісімімен сотқа түсті.

"Жаза тағайындау кезінде сот оның шын жүректен өкінуін, сондай-ақ ауырлататын мән-жайдың жоқтығын ескерді. Сот үкімімен ер адамға шартты түрде 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғанға пробациялық бақылау белгіленді. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ", — делінген ақпаратта.

Еске салсақ, депутат Қазақстанда бүйрек сатуды заңдастыруды ұсынды.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.