М. Х. Дулати еңбектерінің ТӘлім-тәрбиелік маңызы керімбаева Р.Қ., Момынова С. Н



жүктеу 66.23 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі66.23 Kb.

ӘОЖ 821.512.122: 82-94
М.Х. ДУЛАТИ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ
Керімбаева Р.Қ., Момынова С.Н.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз


Көшпелі қазақ халқы өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениетіне, тарихына орайлас бабалардың сара жолын, салт-санасы, әдет-ғұрыпы мен дәстүрін ерекше сыилаған. Халқымыз әр кезеңде ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындарын өздерінің сан ғасырлар бойы тарихында жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беріп отырған.

«Қоғам – бүкіл әлемдік тарих арнасындағы аса ірі оқиғалар тұрғысынан өзіндік сенімді сезінуге мүмкіндік беретін ақпарат құралы. Тарихи-мәдени мұра, бұл сонымен бірге болашаққа айқын сұлбасын түсіруде, уақытқа байланысын қалпына келтіруде. Біздің өткеніміздің нақты мазмұны туралы сұрақтар бере отырып, біз қазіргі кездің түсінігін байытамыз және болашағымыздың рухтандырушы бейнесін қалыптастыра аламыз»,- деген Елбасы сөзі тарих пәніндегі өткен мен бүгінгінің арасындағы байланыстың зерттелу қажеттілігін көрсетеді.

Бүгінгі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ақпараттық дамыған заманында да бұл үрдіс жалғасын табуда. Еліміздің барлық білім беру саласында жас ұрпаққа этнопедагогикалық тәрбие беріліп келеді. Әсіресе педагогикалық мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарының оқу жоспарларына этнопедагогика, этнопсихология, педагогика тарихы сияқты пәндер енгізілген.

Пәннің негізгі мақсаты білімгерлерге халқымыздың сонау ғасырлар бой жинақтаған салт-дәстүрлері, ғұлама ойшылдардың еңбектері, мәдениеті, тыныс-тіршілігі, ұлттық ерекшеліктерді жайлы тәлім-тәрбие беру. Аталған пәндерді оқытуда М.Х.Дулатидың өмірі мен шығармашылығына, еңбектеріне ерекше мән беріледі. М.Х.Дулатиды педагогика, психология ғылымдарының негізін салушы, ғұлама ойшыл ретінде қарастырамыз.

Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551)-әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы деп оқытамыз. Ол Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағынан шыққан. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты.

Бүгінгі таңда білімгерлерге Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» атты еңбегін жастарды адамгершілікке, отансүйгіштікке, ұлтжандылық пен патриоттық сезімді қалыптастыру құралы ретінде оқытып келеміз. Оның басты еңбегі әлемге әйгілі «Тарих-и Рашиди» қазақ тіліне аударылған жоқ. Бәлкім, бұл Хайдар Дулати шығармасының парсы тілінде жазылып дүние жүзіне шашырап кеткендігінен де болар.

«Тарих-и Рашиди» атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті-Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар.

Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» еңбегі 1544—1546 жылдар шамасында Кашмирде жазылған деген деректер бар. Ол екі дәптерден, яғни екі бөлімнен тұрады. Біріншісінде Мәуераннаһрдегі Шағатай әулеті құрған мемлекеттің XIV ғасыр ортасына таман бір жола ыдырап, екіге бөлінуі, Моғолстан деген атпен белгілі болған шығыс бөлігіне Жетісу, Тараз-Талас маңын мекендеген беделді де белгілі тайпа - дулаттардың күшімен дербес мемлекеттің негізі қаланғаны жайлы баяндайды.. 1348 жылы осы мемлекетке дулаттардың қолдауымен Тоғылық Темір (1330—1362) хан болған.

Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашидиі» - автордың көзімен көрген және құлағымен естіген тарихи оқиғаларды баяндап қана қоятын шығарма емес. Шығарманың құрылымы, екі бөлімде де хронологиялық, жүйелілік принциптердің сақталынуы еңбектің ғылыми сипатын көрсетеді.

Жалпы шығарманың ғылыми құнылықтарының бірін – онда қолданылған деректік негіздер анықтайды. Жас ғалым, дулатитанушы Манзура Калиекованың дәлелдеп көрсетуінше, Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашидиді» жазу барысында үш түрлі дерек көздеріне сүйенген:

Біріншіден: Діни деректер, олардың саны-9;

Екіншіден: Тарихи деректер, олар–12;

Үшіншіден: Әдеби шығармалардың деректері, олар - 6.

Сонымен қатар Дулати жазба деректерден басқа жергілікті түрік халықтары арасындағы ауыз әдебиетінің, ауызша мәлімет берушілердің материалдарын да өз еңбегінде жақсы пайдаланған.

Міне, осы айтылған ойларымыздың бәрі Мұхаммед Хайдар Дулатидың ірі ғалым екендігін, оның шығармасында ғылыми сипаттың басым екендігін көрсетеді. Біз оны ғалымдардың Қазақ хандығы тарихының алғашқы кезеңдерін баяндауынан аңғарамыз.

Дулатидың «Тарих-и Рашиди» еңбегінде Қазақ хандығы тарихының алғашқы кезеңдері қалай қарастырылып, көрініс тапқаны ерекше баяндалған.

«Тарих-и Рашидидің» екі бөлімнен немесе екі кітаптан тұратыны белгілі. 1541-42 жылы мемуарлық сипаттағы екінші кітап, ал тарихи сипаттағы бірінші кітап - 1546 жылы 3 наурызда жазылған. Аталған екі кітапта да қазақ тарихына қатысты материалдар жиі кездеседі. Моғолстан тарихының Есенбұға хан билік құрған жылдарында болған оқиғалардың бірі ретінде баяндалады.

Мухаммед Қасым һиндушаһ Астрабади (XVI ғ.), Мухаммед Ағзам (XVIII ғ.), Мухаммед Уәли (XVII ғ.), Сайф Челеби (XVI ғ.) және т. б. үнді, парсы, түрік тарихшылары Мұхаммед Хайдар Дулатидың жақсы дипломат, шешен, ойшыл, не істесе де ақылмен шешетін, өмірге, өнерге үлкен ой, терең парасатпен қараған мәдениетті де білімді адам болғанын жазады.

Әбд ар-Рашидтен көп жәбір көрсе де, ол жауықпай, оған қолынан келгенінше жақсылық істеуге тырысқан. Тіпті өзінің атақты шығармасы «Тарих-и Рашидиді» де соған арнаған. «Саид ханнан көп нәрсе үйрендім, ал өзім тәрбиелеген Әбд ар-Рашидтен көп жәбір көрдім» деп жазады ол өз еңбегінде. Сөйтсе де Хайдар мырза, оған ешқандай жаманшылық тілемепті. Туған-әкесіндей мәпелеген Саид ханның рухы үшін ол өз шығармасын оның баласына арнаған. Бұдан асқан адамгершілік, мұндай кешірімділік, кішіпейілділік жоқ шығар. Осы бір жәйттің өзі-ақ Мұхаммед Хайдар Дулатидың бүкіл болмысын ашып, оның үлкен жүректі азамат екендігін анық керсетеді.

Мұхаммед Хайдар Дулати белгілі бектің отбасында дүниеге келіп, Бабыр, Саид хан секілді өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу адамдарының сарайында тұрғандықтан да өз кезі, өз заманы үшін жақсы білім алған. Оның түркі тілінен басқа араб, парсы, тілдерін де білгендігі туралы да тарихи деректер бар. Ол өзіне дейін ғұмыр кешкен мұсылман ғалымдары мен шежірешілері, ақындары мен сөз зергерлері шығармаларын зердесіне жете тоқып өскен.

Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» еңбегі ұзақ жылдар бойы колжазба күйінде қалып келгендігіне қарамастан, тарихи деректердің нақтылығы, дәйектілігі, айқындылығы мен шынайылығына орай Үнді, Пәкістан, Ауғанстан, Иран һәм Орта Азияның ғана емес, сондай-ақ Ресей, Еуропа елдері ғалымдарының назарында аударумен келген.

Шоқан Уалиханов (1835-1865) Мұхаммед Хайдар Дулати еңбегін зерделей оқып, құрметпен қараса, В.В.Вельяминов-Зернов (1830-1904) Хайдар мырзанын қазақтар туралы деректеріне қатты мән бере келе: «Мұхммед Хайдардың жазғандарының барлығы дерлік жаңалық және мейлінше қызғылықты. Әңгімелері қай жағынан қарағанда да үйлесімді және жауапкершілігімен ерекшеленеді», -дейді.

Әрі ол бабамыздың жазбаларын өз зерттеулеріне молынан пайдаланған, Орта Азия мен Қазақстан тарихын кеңінен зерттеген В.В.Бартольд те Мұхаммед Хайдар Дулати еңбегіне зор мән берген.

Кеңес дәуірінде «Тарих-и Рашиди» жайлы әр жылдары Ә.X.Марғұлан, Н.Н.Мингулов, Т.И.Сұлтанов, Б.Қожабеков, өзбек оқымыстыларынан Р.Г.Мукминов,С. Ә. Әзімжанова, X.Хасанова және тағы басқаялардың үлкенді-кішілі зерттеулері жарияланды. Әлкей Марғұлан Хайдар мырзаны қазақтың тұңғыш тарихшысы деп атаған. «Тарихи Рашидидің» кейбір үзінділері ағылшын, орыс қазақ тілдеріне аударылып жарияланғанымен, күні бүгінге дейін ол толық баспа бетін көрген жоқ.

Дегенмен де ұлттың ұлт болуы үшін қажетті аумақтық, экономикалық, мәдени, психологиялық, педагогикалық бірлікпен бірге, санасы басты және ең негізгі белгілердің бірі болып саналады.

Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу, ол үшін білімгерлердің тарихи санасы мен патриоттық сана- сезімін арттыруда Отан тарихын өлке тарихы арқылы оқытудың тиімді әдісі екендігі бүгінгі таңдағы тарих ғылымындағы маңызды бағыттардың бірі болып отыр.

Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» еңбегі жастарды нағыз Отансүйгіштікке тәрбиелейтін құрал болып табылады.

Жас ұрпақтың жан дүниесіндегі мінез-құлық, сана-сезім (этнопсихологиясы) мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр (этнологиясы) ерекшелігі ұрпақтан-ұрпаққа тәрбие арқылы берілген тарихи деректерден жетеді. Ұлттық сана-сезімнің өсуі мен өшуі, бір жағынан, бабалардың еңбегінен ұлттық тәрбие, тарих арқылы берілді десек артық айтқанымыз емес.



Әдебиет


  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан 14 желтоқсан 2010ж.

  2. С.Қалиев, Қ.Жарықбаев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. –Алматы, 1995 ж.

  3. Қ.Бөлеев Қазақ ұлттық тәрбиесі. –Алматы, 2007 ж.

  4. С.Қалиев.Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. -Алматы:Рауан, 1998-128б.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> Dulaty2014
Dulaty2014 -> Ғалым а. ҚЫраубаева зерттеулеріндегі алтын орда кезеңі мен түркі тілді әдебиет
Dulaty2014 -> Тараз қаласының МӘдени тарихы көшербаева А. Ж., Иманбекова Г. М
Dulaty2014 -> Қытай деректемелеріндегі қазақ тарихының Өзекті мәселелері шолпанқұлова Қ. А
Dulaty2014 -> Қазақ мемлекеттілігі тарих толқынында
Dulaty2014 -> Әож 82-94: 930. 1: 929 М. Х. Дулатидің «тарих-и рашиди» ЕҢбегіндегі тарихи танымдық деректер
Dulaty2014 -> Әож 821. 512. 122. 091 «тарихи-и рашиди» Қазақ тарихының этникалық дерегі
Dulaty2014 -> М. Х. Дулат шығармасындағы сопылық таным көріністері мырзахметұлы М
Dulaty2014 -> Әож 82-94: 297 МҰхаммед хайдар дулати «тарих-и рашиди» ЕҢбегіндегі ислам дініне деген сенімі
Dulaty2014 -> Әож 342. 22: 323 тараз аймағындағы архитектуралық ескерткіштер тарихы
Dulaty2014 -> Тараз мыңжылдық өркениеттер тарихының тоғысында


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет