М. Х. Дулати мұрасы қазақ Ғалымдарының зерттеу нысанында



жүктеу 80.54 Kb.
Дата06.05.2019
өлшемі80.54 Kb.
түріДиплом

ӘОЖ 82–94:94(574)
М.Х. ДУЛАТИ МҰРАСЫ - ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ

ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫНДА
Фил.ғыл.канд. З.Д. Сағыбай

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз



Бұл ғылыми мақалада ғұлама ғалым, ірі қоғам қайраткері, тарих-шы, колбасшы, ақын, әрі дипломат М.Х.Дулати бабамыздың мұрасының зерттелу жайы қарастырылған. М.Х.Дулатидың тарихи, әдеби шығар-маларының түпнұсқа қолжазбаларының көшірмелерін Отанына ора-луына зор үлес қосқан, тәржімалаған, зерттеген атақты ғалымдары-мыз бен зертеушілеріміздің еңбектері арқау болған.

Түйінді сөздер: деректеме, құжаттама, қайраткер, колбасшы, дипломат, таным, тағылым, қолжазба нұсқасы, қоғам қайраткері, тұңғыш, қоғам, тұлға, атақ, даныш-пан, тайпа, тарих, қолжазба.
М.Х. Дулати баба мұрасын жан-жақты терең зерттеп, «қазақ хандығының құ-рылуының ортағасырлық тарихын ғылыми, тарихи тұрғыда бізге жеткізуші ғұлама ғалым, ірі қоғам қайраткері, колбасшы, әрі дипломат, тарихшы, ақын, жазушы екен-дігін жазып, әлемдік өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде қазақ халқының өсу тарихы мен мәдениетіне қосқан еңбегін жан-жақты терең зерттеп, зерделеп қазақ ғалымдары өздерінің ғылыми еңбектерінде басты нысана етіп, әділ бағасын беріп бағалауда.

Біз болашақ ұрпақ, М.Х. Дулатидің өмірі мен шығармашылық қызметін осы уақытқа дейін зерттеген, ерекше жоғары баға берген, ғылыми айналымға қосқан қазақ ғалымдарымыз және зерттеушілеріміздің еңбегін негізге ала отырып ғылыми тақырыпта ізденіс жұмыстарын жүргізуіміз қажет.

Қазақ зиялылардың ішінде алғаш рет «Тарихи-и Рашиди» қолжазбасын Санкт-Петербургте оқып танысқан, қазақтың тұңғыш зерттеушісі, этнограф, Ш.Уәли-ханов болатын. Ол ұлы ғалымның белгілі «Тарих-и Рашиди» кітабын мұқият зерттеп, талдап, тарихи маңызына тоқталып, терең, құнды пікірлер білдірген. 1861 жылы Петербургте шыққан өзінің әйгілі «Жоңғария очеректері» деген ғылыми еңбегінде 22 беттен тұратын бөлімінде белгілі ғалымның мұрасына арнайы тоқталып, қолжазба мазмұнынның ғылымилығын, нақтылығын дәлелдеп, дүние жүзілік ғылыми айна-лымға енгізген алғашқы дулатитанушы ғалым болды. «Қолжазба екі бөлімнен тұра-ды, бірінші бөлімі Қашқар хандары Тоғлық Темірден яғни 1362 жылы Шыңғысхан ұрпағынан Рашид ханға дейінгі 1554 ж. тарихты қамтиды, ал екінші бөлім мемуар түрінде автор естеліктерінен тұрады. ХІХ ғасырдың орта кезінде Қашқар сапарынан алып келген «Тарих-иРашиди» шығармасының түркі тіліндегі нұсқасында Мұхаммед Хайдар мырзаның шыққан тегі Дулат, руы Болашы бидің ұрпағы екенін анық жазып, онда «Дулати» деген атау кездеспейді. Мұхаммед Хайдардың өз әкесі - Мұхаммед Хұсайын Жетісу, Шу өзені, Талас бойын мекен еткен дулаттар ортасында туып-өсіп, оның ел билеген атақты адамдарынан саналған», - деп атап көрсеткен [1,3б.].

Шығыстың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов: «Мұхаммед Хайдар тарихты нақты, дәйекті деректермен, шындық тұрғыда, шынайы көзқараспен жазған, Отандық бірінші тарихшы деп есептеп,», - өз заманында әділ тарихи қорытынды жасаған.

Қазақ халқының тұңғыш профессоры С.Асфендияров ғалым еңбегінен үзінді-лер аударды. 1935 жылы С.Д. Асфендиаров пен П.А.Кунтенің жалпы редакциясымен шыққан «Қазақстанның ежелгі дәуірінің деректемелері мен материалдары (б.з.д.Vғ. - б.з.д. ХVІІІ ғ.).

Қазақ ғалымдарының арасындағы археолог-тарихшы, академик Әлкей Мар-ғұланның 1941 жылы жазған өзінің «Мұхаммед Хайдар - қазақтың тұңғыш тарихшы-сы» деген тарихи мақаласында, қазақ тарихын зерттеу еңбегіне, қосқан үлесіне терең үңіліп, талдап, ғылымдағы ролін анықтап, деректемелік зерттеу жүргізді. Тарихшы ғалым ескі қолжазбаны оқып, өте тың, түйінді пікірлер айтып: Мұхаммед Хайдар-дың жазғандарын мұра етіп, Орта Азия халықтарымен бірге мақтаныш ететін, оның тікелей ұрпағы - қазақтың ұлы жүз тайпасы, оның ішінде Дулаттар. Өйткені ХV- ХVІІ ғасырларда қазақ ортасынан шыққан кейбір сұлтан мен билердің өз Отанынан шығып, басқа жерге барып тіршілік жасап, барған жеріндегі әлеуметтік тіршілікке қатысқандары аз емес. Мұхаммед Хайдарда ата-бабалары сияқты өзінің туып өскен, тәрбие алған туған жерінен жырақта басқа елді билеу үстінде қайтыс болған кісінің бірі» [2,76.], - деп қорытынды тұжырым жасады.

Академик Әлкей Марғұлан дүние жүзіне атақты «Тарих-и Рашиди» еңбегін терең зерттеп, оның адамзат мәдениетіне қосылған аса зор үлес екенін, біздің оқыр-мандарымыздың қолына тимей келе жатқанын айтты. «Мұхаммед Хайдар Дулати» деген мақаласында белгілі ғалым: «Күн шығыс әдебиетінің іргелі салаларын ақтарып отырсаңыз, Мұхаммед Хайдардың кім болғаны, оның адамшылық тұлғасы көз алдыңызда суреттеліп, бұл кісі де сол кездегі Мір Әлішер Навои, Бабыр сияқты Орта Азия көлемінен шыққан атақты данышпан, ғалым, жазушылардың бірі екенін көресіз» [2,8б.], - деп жазып қалдырған.

Ә. Марғұлан Дулатиға өте жоғары баға берді: «Түркі тілдес халықтардың ұлы тарихшысы, данышпан, дана ретінде, ғалым ретінде танып, әспеттеп, қазақтан шық-қан қазақ туралы ең алғаш жазып хатқа түсіріп кеткен кемеңгер жазушы» [2,9.б.], - деп Ұлы бабамыздың «Тарих-и Рашиди» еңбегі Қазақстан, Қырғыстан, Түрікменстан, Өзбекстан мемлекеттерінің негізін құраған түркі тілдес тайпалар туралы аса құнды, баға жетпес энциклопедия болып, ғұламамыздың өмірі-өнеге, тарихи танымы - тағы-лым екені, ғалымның жоғарыдағы құнды қағидалары арқылы көз жеткізе аламыз.

Кеңес заманының ғұлама тарихшысы Әлкей Марғұланның «Мұхаммед Хайдар Дулати» туралы портреттік ғылыми эссе-зертеуі, тарихи деректерге көбірек сүйеніліп жазылған туынды. Бұл еңбек оның баба мұрасын зерттеуге қосқан үлкен үлесі.

Әрине, біз ұлы баба мұрасын зерттегенде оны тарихшы ретінде ғана танып білсек, бұл оның тұлғасын тек бір жақты ғана ашқан болар едік. Республикалық «Дулатитану қоғамдық қорымен» байланыс орнатылған және бірлескен «М.Х.Дула-титану энциклопедиясын» дайындау мақсатында ғылыми жұмыс тобымен бірлесіп жұмыс атқарып, деректемелік, құжаттамалық материалдарды жинақтауға тарихшы-лырымыз көмектесіп отыр.

Мұхаммед Хайдар Дулатидың тарихи, әдеби шығармаларының түпнұсқа қолжазбаларының көшірмелерін Отанына оралуына зор үлес қосқан, тәржімалаған, зерттеген атақты ғалымдарымыз бен зертеушілеріміз аз болған жоқ. Солардың бірі, бірегейі бабамыздың мұрасын зерттеп, шығармашылығын насихаттап жүрген, дулаттанушы ғалым Әбсаттар Дербісәлі. Ол 1981 жылы Қашқар қаласынан қазақ ғалымы Ахметбек Кіршібаевтан қолжазбаның бір көшірмесін Алматыға алып келген, М.Х.Дулаттың «Жаһан наме» поэмасының ежелгі түркі (шағатай тілінен) Берлин нұсқасы бойынша жолма-жол аудармасын және оны Қашғар нұсқасымен салыстыра ғылыми транскрипциясын жасаған, сөздікті құрастырған, түсінік, ескерту, аннотация және көрсеткіштерін дайындап, баспаға әзірлеген ф.ғ.д., профессор, академик Әбсаттар Дербісәлі.

Қазіргі уақытта Тараз мемлекеттік университетінде «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығында белгілі дулаттанушы ғалымдары: Мекемтас Мырзахметұлы, Ислам Жеменей, А.Б.Абдуалы бастаған бір топ зерттеушілер жүргізіп жатқан ғылыми зерттеу жұмыстарын айтуға болады.

Шығыстанушы ғалым Ислам Жеменейдің қазақ әдебиеті мен тарихына қосқан айрықша үлесі ретінде оның Мырза Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» әдеби-тарихи монографиялық туындысын парсы тілінен тікелей қазақшаға 2003 жылы аударылған білуге болады.

Сонымен бірге Ислам Жеменейдің «Мұхаммед Хайдар Дулат» (1499-1551) тарихшы-қаламгер (монографиясы) зерттеу еңбегі 2007 жылы жарыққа шықты. Қолжазбаның қазақ тіліндегі нұсқасы қолымызға түскеннен кейін бұл кітаптың жазылу мәдениеті, ғылыми маңыздылығына, этнографиялық, этникалық, жағрафия-лық, археологиялық мәліметтерінің сонылығына, тарихи оқиғалардың нақты баян-далуы, беймәлім деректердің молдығына көз жеткіздік. Орталық Азия, Қазақстан халықтары мен олардың мәдениет, әдет-ғұрпы туралы танымдық мәліметтермен таныса отырып, басшылыққа алып ғылыми жұмыстарында пайдалануда.

Зерттеуші ғалымдар И.Жеменей, «Тарихи-и Рашиди» еңбегінің әдеби әлемі», «Көне Тараз», «Түркі халықтары әдебиетінің тарихы» зерттеу еңбектері жарыққа шығып, тарих және әдебиет саласына қосқан үлесін ерекше атап өтуге болады.

И.Жеменей, А.Б.Абдуалы «Тарихи-и Рашиди» еңбегінің тарихи әлемі» атты оқу құралы 2009 жарыққа шықты. Авторлар осы еңбекті көпшілікке тиімді, пайдалы болу үшін оны әр салаға бөліп қарастырған. Осы мақсатта шығармада сөз болған түрлі саяси тұлғалар, саяси ағымдарды тек қана саяси-тарихи қырынан қарастырып, еңбектің тарихи мақсатын айқындауға тырысады. Мырза Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» еңбегінде пайдаланған мәселен Әта Мәлік Жовейнидің «Тарих-е Жаһан-гошай», Фәзлолла Рашидеддиннің «Жами-ат-тауарих» Шәрәфеддин Әли Иәздидің «Зәфәрнаме» сынды тарихи жазба деректер туралы толығырақ мәлімет беріп, оқыр-ман қауымды орта ғасырлық жазба деректермен таныстырады.

А.Б.Абдуалы, [Бақтияр Әбілдаұлы] «М.Х.Дулат және Кашмир» кітабы 2011 жылы жарыққа шықты. Бұл тарихи танымдық кітабы ортағасырлық ғұлама тарихшы, ақын, мемлекеттік және әскери қайраткер, ойшыл Дулат Мұхаммед Хайдар мырза-ның өмірі мен шығармашылығына арналған. Ғұламаның Кашмирді билеуі, қасіретті қазасы туралы Үнді ғалымдарының пікірлері жайлы мәліметтер берілген. «Еңбек екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Мырза Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» еңбегінен және Захир аддин Мұхаммед Бабырдың «Жаһаннаме» дастанынан бамыз-дың өміріне, көзқарасына және қазақ хандығының құрылуына қатысты мәліметтерді үзінді ретінде берілген. Бұл кітаптың құндылығын бүгінгі таңда ұлы бабамыздың өмірі мен қызметіне арналған 500-ден аса жазылған ойлары мен шет елдік әдебиет-терге қосылған өзіндік ізденіс болып табылады. Кітаптың екінші бөлімінде «Тарих-и Рашидиден» бірінші және екінші кітаптарды, еркін аударма өлеңдерден үзінділер аударылған» [4,7б.].

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Орталық Азияның ХҮІ ғасырдағы көрнекті мемлекет қайраткері, қазақтың тұңғыш тарихшысы, ұлы ойшыл ғалым М.Х.Дулатиға арналған дәстүрлі «Дулати оқулары» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы бүгінгі күнге дейін жеті рет тұрақты түрде ұйымдастырылып өткізілді.

Оқу ордамыздың профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар және іздену-ші білімгерлеріміз конференция жұмысына белсенділікпен ат салысып, ғалым мұра-сына қатысты ғылыми мақалаларын үзбей жариялайды. Өткізілген конференцияларға ғылымның барлық саласы бойынша техникалық, гуманитарлық, экономикалық, әлеу-меттік, жаратылыстану секцияларынан профессор-оқытушылар құрамы тарапынан жалпы саны 5000 мыңнан астам баяндама келіп түсті, оның нәтижесінде «І-ҮІІ Дулати оқуларының» материалдары «Тараз баспасынан» ғылыми жинақ болып жарияланған.

Ежелгі 2000 мың жылдық астам тарихы бар көне Таразда, қара шаңырағы-мызда ұлы ғалымның туғанына 515 жыл толуына арналған «ҮІІІ Дулати оқулары» конференциясы «М.Х.Дулати - тарихи танымы және қазіргі кезең» атты тақырыппен өткізу белгіленіп отыр.

Бұл халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның негізгі мақсаты - Ұлы бабамыздың осы күнге дейін әлі де беймәлім күйде қалып келген ғылыми мұраларын көпшілік қауымға жеткізу болып табылады. Осы себеппен деректемелік және құжаттамалық материалдарды молайту үшін алыс және жақын шетелдердегі ғалымдармен байланыс орнатып, ғылыми баяндамалар жасап ой бөлісіп отыру өте маңызды.

Біз жоғарыда бүгінгі күнге дейін ғалым мұрасының парсы тілінде жазылған еңбектерін оқып, зертеп қазақ тіліне аударып ел тарихына елеулі үлес қосқан білікті дулатитанушы ғалымдардың еңбектеріне қысқаша тоқталдық.

Келешекте М.Х.Дулати мұрасын зерттеу әлі де болса біздің болашақ ұрпақ-тарымыздың еншісінде, зерттелуінде күмән жоқ.

Ұлы ғалым М.Х.Дулатиді бүкіл Орталық Азия мен Шығыстың тарихшысы, қазақ тарихының негізін қалыптастырушы, оны тарих қойнауынан бізге жеткізуші ғұлама ғалым, ірі қоғам қайраткері, жазушы, екендігін жадымызда берік ұстауымыз керек.


Әдебиет
1 Уалиханов Ш. Таңдамалы шығармалар жинағы. - А., 1961. - Т. 1. - Б. 437-451.

2 Марғұлан Ә. Шығармалар жинағы. - 1991.

3 Жеменей И. Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) тарихшы-қаламгер (монографиясы). - 2007.

4 Абдуалы А.Б., Бақтияр Әбілдаұлы «М.Х.Дулати және Кашмир» кітабы. - 2011.


НАСЛЕДИЕ М.Х. ДУЛАТИ В ЦЕЛИ ИССЛЕДОВАНИЯ

КАЗАХСКИХ УЧЕНЫХ
Канд.фил.наук З.Д.Сагыбай

Таразский государственный университет им. М.Х. Дулати, Тараз


В научной статье рассматривалось наследие нашего предка, выдающегося общественного деятеля, ученого, историка и дипломата М.Х.Дулати, который имел большой вклад в исследований литературно-исторических сочинений, в копий рукописях.

Ключевые слова: реквизит, документация, деятель, полководец, дипломат, познание, традиция, рукопись, общественный деятель, первоначальный, общество, личность, слава, мудрец, племя, история, рукопись.
HERITAGE OF M.KH. DULATY FOR INVESTIGATING

KAZAKH GCIENTISTS
Cand.phil.sci. Z.D. Sagybay

Taraz state university of a name of M.Kh. Dulati, Taraz



In it scientific the article a scientist scientist, large society figure, historian, diplomat M.Kh. Dulati heritage our of ancestor examined place research. M.Kh. Dulati historical, motherland composition original manuscript copy wrapped around large deposit adds, investigates glorified scientist labour it is not enough is no.
Keywords: requisite, documentafion, public sigure, commander, diplomat, knowledge, tradition, manuscript, primary, society, person, fame, thinker, tribe, history.
Каталог: rus -> all.doc -> Vest 2014-1
Vest 2014-1 -> Ұлттық экономиканың БӘсекеге қабілеттілігінің теориялық аспектері мәселелері
Vest 2014-1 -> Электронды оқыту технологиясының МҮмкіндіктері
Vest 2014-1 -> Текстильным материалам
Vest 2014-1 -> Аса-талас өзендері алабында суармалы жерлердің экология-мелиоративтік жағдайы
Vest 2014-1 -> Қытай және жаһандық басқарудың негізгі мәселелері
Vest 2014-1 -> Әож 37. 013. 41/. 77 ТӘрбиенің жеке тұЛҒа дамуындағы мәНІ
Vest 2014-1 -> Шайынды суларды тазартуда су өсімдіктерін пайдалану мүмкіндігін зерттеу


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет