М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универсиетті



жүктеу 0.96 Mb.
бет4/7
Дата13.03.2018
өлшемі0.96 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1.Материалдық өндірістің бұл саласының орасан зор рөл атқаратын қандай көрсеткіштерден көруге болады.

2. Аграрлық қатынастар деген не және олардың қазіргіә дүниедегі географиясы қандай.

3.Егіншілік пен мал шаруашылығының арақатынасы қандай факторларға байланысты.

4. Аграрлық қатынастар деген не

5.Жоғары дамыған елдер мен дамушы елдердің агроөнеркәсіптік кешендерін салыстыр.



Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая культура мира, 1 б
7 апта.

13 кредит сағат.

7 дәріс.



Тақырыбы: Дүние жүзілік көлік жүйесі.

Дәріс мазмұны: 1. Көлік жүйесіне анықтамасы.

2. Дүние жүзілік темір жол көлігі.

3. Дүние жүзілік автомобиль көлігі.

4. Дүние жүзілік құбыр көлігі.

5. Дүние жүзілік су көлігі.

6. Дүние жүзілік ауа көлігі.



Дәріс мақсаты: Дүние көлік жүйесі ерекшеліктері және көлік жүйесіндегі айырмашылықтар білу.

Көлік - дегеніміз дүние жүзілік шаруашылықтың күрделі организміндегі қан тамырлары жүйесі. Ол мемлекет ішіндегі және халықаралық еңбек бөлінісінің материалдық негізі болып табылады. Аумағы өте кең елдер үшін көліктің дамытылуы ерекше маңызды. Аумақтың үлкен болуы көлік саласындағы құрылысқа көп қаржы жұмсалуына себеп болады.

Ғылыми – техникалық революция көліктің негізгі түрлерінің бәрін- автомобиль, темір жол, теңіз, өзен, әуе жолдарын, құбыр желісін- түгел қамтыды. Жылдамдық қауырт артты, жүк көтергіштік көбейді, жылжымалы тасымал молайды. Осының бәрінің нетижесінде толып жатқан көлік артерияларымен дүние жүзі «сығылғандай» болып қарым-қатынас оңайлайды.Бүгінде әуе жолдары тіпті Солтүстік полюстің өзін басып өтеді.Су астындағы теспе жолдар Жапон аралдарының бүкіл тізбегін жалғастырып қосты. Теңіздердің түбімен газ, мұнай құбырлары төселді, ал мұхиттар түбімен кабель тармақтары тартылды.Дүние жүзінің электрлендірілген таңдаулы темір жолдарындағы жылдамдық бүгінде сағатына 200 километрге жақын және тіпті бұл шамадан асып түседі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

Көліктің ескі және жаңа түрлері

Көліктің көп тараған түрлері

Көлік кешені деген не

«Жүк айналымы» және «жолаушы айналымы» деген не

Елдің даму деңгейі мен оның көлік жүйесінің сипаты арасында қандай тәуелділік бар



Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая культура мира, 1 б
8 апта

15 кредит сағат.

8 дәріс.



Тақырыбы: Халықаралық қатынастар географиясы.

Дәріс мазмұны: 1. Халықаралық қатынастар ұғымы.

2. Ашық экономика және Еркін экономикалық зона.

3. Дүние жүзілік сауданың динамикасы және құрылымы.

4. Дүние жүзінің офшорлы зоналары.



Дәріс мақсаты: Халықаралық қатым-қатынастар ұғымы, Еркін экономикалық зона туралы мағлұмат беру.

Халықаралық экономикалық байланыстардың негізгі түрлері. Қазіргі заманғы дүние жүзінде әрбір елдің ілгерілеуі ол материалдық және рухани игіліктердің халықаралық айырбасына қатынаспайынша мүмкін емес. Бүгінде ең дамыған елдердің бірде-біреуі де заманға лайық өнімдердің бәрін бірдей түгел ойдағыдай өндіре алмайды. Сөйтіп, ұлттық оқшауланушылық заманы, мемелкеттердің шаруашылық тұрғысынан тұйықталушылығы келмеске кетті. Халықаралық қарым-қатынастарда осы уақытқа дейін «суу» мен «жылыну» кезеңдерінің алма-кезек ауысуларына қарамастан, халықаралық экономикалық байланыстардың үнемі ұлғая түскені әлдеқалай емес. Бұл орайда мұндай байланыстар сол нақты бір елдер үшін экономикалық тұрғыдан тиімді болып қана қоймайды, сонымен қатар Жер шарында бейбітшіліктің нығаюына жәрдемдесті.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1.Елдердің шаруашылық түрғысынан оқшаулануының келмеске кеткені неліктен?

2.Халықаралық экономикалық байланыстар қандай түрде көрінеді?

3.Шығыс-батыс экономикалық қарым-қатынастары: бұларда нені өзгерту керек.

4.Халықаралық экономикалық байланыстардың басты-басты түрлері.

5.Халықаралық еңбек бөлініс және сыртқы сауда деген ұғымдардың мағынасы.



Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая картина мира, 1 б
9 апта

17 кредит сағат.

9 дәріс.



Тақырыбы: Дүние жүзінің ғаламдық мәселелері.

Дәріс мазмұны:

1. Ғаламдану үрдісі.

2.Ғаламдық ақпараттық кеңістік.

3.Ғаламдық мәселелер.

Дәріс мақсаты: Дүние жүзінің ғаламдық мәселелері туралы мәлімет беру.

Қазіргі заман электрон заманы, ғарыш заманы, ядролық заман дейтін көптеген эпитеттері бар.Бүгінде көбіне «ғаламдық проблемалар заманы» деген анықтама орнығып келеді. Бұл біздің қарама-қайшылықты әлеміміздің барлық елдерінің өскелең өзара тәуелділігіне айғақ.

Ғаламдық проблемалар дегеніміз бүкіл адамзатқа қатысты проблемалар. Олар дүние жүзілік қоғамдастық елдерінің арасындағы қарым-қатынастарды, қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарды, ресурстармен қамтамасыз етуді бірлесіп шешу мәселерін қамтиды. Ғаламдық сұрақтар ғаламдық жауаптар болуын- оларды шешу үшін кең көлемдегі халықаралық ынтымақтастық болуын талап етеді.

Сипаттары жағынан ғаламдық проблемалар әр түрлі, бірақ олардың бәрінен арқауы адамзаттың географиялық бірлігі және оның аман қалуы идеясы. Ең алдымен бұлардың қатарына мыналар аталады.1. қарусыздану және Жер шарында бейбітшіліктің сақталуы. 2. табиғи ортаның бүлінуіне байланысты экологиялық проблемалар. 3. дамушы елдерде халық санының тез көбеюімен байланысты демографиялық проблема. 4. дамуфы қалыңқы көптеген елдердегі миллиондаған адамдардың үнемі ашқұрсақ жүруі мен ашаршылық көруіне байланысты азық-түлік проблемасы. 5.планетаның минерал-шикізат ресурстарының және басқа да табиғи ресурстарының шектелуінен туындаған энергетика және шикізат проблемалары. Және т.б. проблемаларды жатқызуға болады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.


  1. Қазіргі заманды ғаламдық проблемалар заманы деп атайтыны неліктен.

  2. Бүгінде бұл адамзатты толғандырып отырған проблемалар қандай.

  3. Қарусызданданудың адамзат үшін экономикалық тиімділігі қандай.

  4. ғаламдық проблемалардың мәне неде

  5. Ядролық қыс және ядролық жаз дегеніміз не

Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая картина мира, 1 б
10 апта.

19 кредит сағат.

10 дәріс.



Тақырыбы: Батыс Европа.

Дәріс мазмұны: 1. Батыс Европаның қазіргі елдер арасындағы орны.

2. Батыс Европаның аймақтары және саяси картасы.

3. Европалық одақ: интеграция сабақтары.

Дәріс мақсаты: Батыс Европаның елдер арасындағы орнымен, саяси картасы және аймақтарымен Европалық одақ елдерімен таныстыру.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая картина мира, 2 б
11 апта.

21 кредит сағат.

11 дәріс.



Тақырыбы: Азия.

Дәріс мазмұны:

1. Азияның саяси картасы және субаймақтары.

2. Азия халқының ұдайы өсуі, этностық және діни құрамы.

Дәріс мақсаты: Азияның саяси картасымен және субаймақтарынмен таныстыру.

Азия елдері барынша әр алуан. Олар жер аумағы мен табиғи байлықтары, әлеуметтік- экономикалық даму деңгейі мен тәуелсіздік стажы, саяси құрылымы және т.б. тұрғысынан әр түрлі. Онда аумағы зор Үндістан да, кішкентай мальдив республикасы да бар. Жерінің қойнауында сан миллиард тонна мұнай бар, жыл сайын әрбір тұрғынына шаққанда 20 мың доллардан астам ұлттық табыс келетін Кувейт те, жан басына шаққанда бұл көрсеткіш 200-300 доллардан аспайтын Ауғаныстан да осы Азияда.Дүние жүзінің мыңдаған жылдық тарихы бар ең ежелгі елдерінің бірі – Иран да, тотарлық жүйе күйрегеннен кейін ғана мемлекет болып өмір сүре бастаған Біріккен Араб Әмірліктері де осында. Онда жартылай феодальдық монархия да, буржуазиялық республика да және т.б. бар.

Азия елдерінің әр алуандығы әсіресе екінші дүние жүзілік соғыстан кейін айқын көрініп,олардың саяси және әлеуметтік- экономикалық даму қарқындарының айырмашылығы күшейе түсті.Өндірігіш күштерді өркендетуде Жапония ондаған мемлекеттерден озып, суырылып алға шықты да , АҚШ- ты қуып жетуге таяды. Малайзия, Сингапур, Корея Республикасы және басқа бірсыпыра елдер де едәуір дамып «жаңа индустриалы елдермен» қатарласты. Ал Азияның енді біраз елдері өздерінің әлеуметтік- экономикалық өрлеуіне бөгет болған қиыншылықтарға кезекті.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1.Азияның жекелеген мемлекеттердің шаруашылық бейнесіне әсер-ықпалы бар табиғи жағдайлар қандай.

2.Континенттің қандай аймақтары мен елдері әлеуметтік –экономикалық тұрғыда неғұрлым шапшаң қарқынмен дамып келеді.

3.Азия елдері шаруашылғының салалық және аумақтық құрылымына табиғи-ресурстық қарымның ықпалы қандай.

4. Азия мемлекеттерінің басым көпшілігіндегі халықтың жас жөніндегі құрылымына тән сипат не.

5. Халықтың жас ерекшеліктері бұл елдерің әлеуметтік- экономикалық дамуына қалай әсер етіп отыр.



Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая картина мира, 2 б
12 апта.

23 кредит сағат.

12 дәріс.



Тақырыбы: Африка.

Дәріс мазмұны: 1. Африканың саяси картасы және субаймақтары.

2.Африка конфликттер континентті.



Дәріс мақсаты: Африканың саяси картасы туралы түсінік беру және Африканың субаймақтарымен таныстыру.

Африка дегеніміз Жер шары құрлығының 1\5 бөлігі, онда 600 миллион адмағ жуық халқы бар, 50-ден аса мемлекет орналасқан. Көптеген ғалымдардың пікірінше, нақ осы континент адамзаттың бесігі болған. әлемнің басқа да аудандары сияқты мұнда да адмзат қоғамының өркендеуіне өз үлестерін қосқан ежелгі өркениеттер болған.

Осыдан біраз ғана уақыт бұрынның өзіне Африканың бүкіл саяси картасы түгел дерлік отаршыл державалар. Англияның, Францияның Бельгияның, Португалияның, Испанияның, Италияның түстерімен алақұла болды. 1990 жылы Африка континентіндегі ең соңғы отар- Намибия егемен мемлекет болды. Бүгінде Африка экономика тұрғысынан дүниежүзілік шаруашылықтың ең артта қалаған бөлігі, оның перифериясы. Мұның өзі көбіне Африка халықтарының тағдырына ауыр зардабы болған өткен отаршылықтың салдары.

Африка сауатсыздық жөнінен дүние жүзінде бірінші орында, балалардың ең көп өлімі осында, өмірдің ең төмен орташа ұзақтығы да осы континентте. Континент халқының 70 пайызыына жуығы әлі де кедейшілік кебінде күн кешуде.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1.Африканың дамушы елдері дүние жүзілік қоғамдастықтың неғұрлым артта қалаған бөлігі болып отырғаны. Неліктен.

2.Олардың шаруашылық географиясында отаршылықтың мұрасы неден көрінеді.

3.Африканың қандай елдері халықаралық еңбек бөлінісіне көбірек тартылған.

4.Африка елдері бастарынан кешіп отырған әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтардың себебі не.

5.Африканың саяси картасын талда.



Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая картина мира, 2 б
13 апта.

25 кредит сағат.

13 дәріс.



Тақырыбы: Солтүстік Америка.

Дәріс мазмұны: 1. АҚШ-тың мемлекеттік территориясының қалыптасуы.

2.АҚШ иммиграннтар елі.

3.АҚШ-тағы урбандалу үрдісі.

Дәріс мақсаты: Солтүстік Америка елдерімен танысу, мемлекеттік территориясының қалыптасуытарихы мен иммангранттар елі туралы , мемлекеттегі урбандалу процесә туралы мағлұматтар беру.

АҚШ көптеген экономикалық көрсеткіштер бойынша дүние жүзінің жетекші державасы. Оның 50 штат пен федеральды Колумбия округінен (астана Вашингтонның аумағы) тұратын демократиялық республика екені белгілі, 48 штат шоғырлана орналасқан, екеуі негізгі аумақтан бөлек: Аляска және гавай аралдары «Мұхиттың арғы жағына» орналасқандығы және Еуропа мен Азияда тұтынып тұрған соғыс ошақтарының шалғайлығы бұрынғы уақытта бұл елдің қауіпсіздігіне сенімді кепіл болды, Атлантика, сондай-ақ Тынық мұхиты аймағында орналасқан мемлекеттермен еркін сауда қарым-қатынастарын оңайлатты.

Құрама штаттарының қазіргі өркендеп отырған жағдайы орасан мол табиғи байлықтарды игеруінің нәтижесі.Бүгінде АҚШ Батыс әлемінде тас көмір мен қоңыр көмір, сондай-ақ уран қоры жөнінен бірінші орын, газ, мыс, мырыш қоры жөнінен екінші, мұнай, темір рудасының қоры жөнінен алтыншы орын алады. Соның өзінде пайдаланылып жатқан көптеген кен орындары сарқылған,Никель, марганец, хромит, кобальт, және т.б. жетіспейді. (не мүлде жоқ)

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1.Бұл елдің дүние жүзіндегі рөлі қандай

2.Оның қуаты зор екенін қалай түсіндіруге болады.

3.Дүние жүзілік шаруашылықтағы АҚШ-тың арасалмағы қалай және неліктен өзгеруде.

4.АҚШ-тың саяси, экономикалық-географиялық жағдайын, оның елдің шаруашылық дамуы мен қауіпсіздігіне ықпалын сипатта.

5.АҚШ аумағындағы пайдалы қазбалардың құрамы мен орналасу ерекшеліктері.

Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая картина мира, 2 б
14 апта.

27 кредит сағат.

14 дәріс.



Тақырыбы: Латын Америка елдері.

Дәріс мазмұны: 1. Латын Американың географиялық атауларының пайда болуы.

2.Латын Американың саяси картасы.

3.Латын Американың этникалық құрамының қалыптасуы.

Дәріс мақсаты: Латын Американың географиялық атауларының пайда болу тарихы, саяси картасы туралы және этникалық құрамының қалыптасуының қалыптасуы туралы мағлұматтар беру.

Латын Америкасы деп Америка құрама штаттарының оңтүстікке қарай орналасқан елдерді (Вест Индия аралдарын қоса) атайды. Картаға қарағанның өзінде олардың үлкен және кіші, халқының қоныстануы сирек және тығыз, жазық және таулы континентік және аралдық әр алуан елдер екені көрінеді. Аймақ елдері әлеуметтік- экономикалық даму деңгейлері жөнінен де едеәуір сараланады, мұның өзі табиғи, тарихи, саяси және басқа жағдайларының алуан түрлі болуымен байланысты.

Латын Америкасы мемлекеттерінің төлтума мәдениеті, өзіндік ерекшелігі көп әрі оқиғаларға бай тарихы бар. Үндіс тайпалары мен ұлыстары ацтектерінің, майялардың, кеуалардың, инктердің кемел дамыған ежелгі өркениеттері дүние жүзіне мәлім.

Испан және португал отаршылдарына қарсы ұзақ та қантөгіс күрестің нәтижесінде Латын Америкасы елдерінің көпшілігінің халықтары 19 ғасырдың басында-ақ тәуелсіздігіне қол жеткізді.

Сөйтіп, латын Америкасы елдерін олардың өткен отарлық заманы едәуір дәрежеде біріктіреді. Олардың солтүстіктегі қуатты көршісі- АҚШ-қа қазіргі экономикалық тәуелділігі де ортақ жағдай болып отыр. Бұл елдің сыртта іске қосқан капиталының жартысынан астамы нақ осы Латын Америкасында орналастырылған.Өзіне қажетті стратегиялық шикізаттың 70 пайызына дейінін, соның ішінде қалайы жентегі мен бокситтердің 90 пайызынан астамын, мыс және темір рудаларының 50 пайызыны жуығын АҚШ нақ латын Америкасынана алады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1.Азия мен африканың дамушы елдерімен салыстырғанда Латын Америкасының әлеуметтік –экономикалық дамуы деңгейінің неғұрлым болуының себебі не

2.Латын Америкасы елдерінің өнеркәсіптік ұйтқысы қай жерлерде пайда болды.

3.Латын Америкасы немен сауда жасайды.

4.Аймақтың физикалық- географиялық ерекшеліктерінің Латын америкасы елдері шаруашылығының географиясына қандай ықпалы бар.

5.Латын Америкасы қалаларының қауырт өсуіне қандай факторлар себепші болып отыр.



Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая картина мира, 2 б
15 апта.

29 кредит сағт.

15 дәріс.



Тақырыбы: Австралия және Океания.

Дәріс мазмұны:

1. Австралияның қоныстануы және қазіргі қоныстану ерекшеліктері.

2.Океанияға сипаттама.

Дәріс мақсаты: Австралияның қоныстануы және қазіргі қоныстану ерекшеліктері туралы түсінік беру және Океанияға сипаттама беру.

Австралия одағы немесе Австралия мемлекетінің құрамына австралия материгі, Тасмания аралы, сондай-ақ іргелес шағын аралдар кіреді.Бұл елдің географиялық жағдайының сипатты бір белгісі-өзге континенттер мен әлемнің жетекші мемлекеттерінен тым шалғайлығы,Бұл – кемел дамыған мемлекет, Ұлыбритания бастаған Достастықтың мүшесі.

Халық саны біршама аз бола тұра ел орасан зор аумаққа орналасқан. Негізінен тропик өңірінде жатқан Австралияның табиғаты көп жағынан бірегій табиғат. Ол дүние жүзіндегі Ең жазық континент.Оның климаты өте-мөте құрғақ, жер беті сулары аз.жер шарында бірде-бір материкте ағын сулары жоқ өңірлер мұндағыдай көп емес. Жер бетінде суы тапшы аумақтарда артезиан сулар жиі кездеседі.Оқтын-оқтын болатын қуаңшылықтар, шаңды дауылдар, ормандардың өртенуі, апатты нөсер жауындар австралияның экономикасына жиі-жиі нұқсан келтіріп отырады.

Елде минерал ресурстар мол. Бокситтің дүниежүзілік қорының үштен бірі осында.Темір рудасы, түсті металдар рудалары, тас көмір көп.Соңғы жылдары мұнайдың ( Квинсленд штатында және қайраңда) және табиғи газдың келешегі мол.

Неғұрлым құнарлы топырақтары Австралияның далалық аудандарында.Онда орман көп емес.

Снымен, Австралияның экономиканы дамытатындай жақсы табиғи мүмкіндіктері бар.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1.Бір-бірінен соншалық шалғай елдер-австралия мен канаданы біріктіретін не

2.Австарлия табиғатының бірегейлігі неден көрінеді.

3.Мұхит аралдары елдерін табиғатының ғажап әсемдігіне қарап арал тұрғындары үшін бір жұмақ өңір екен деуге болады

4.Австралияның табиғатының ерекшелігі неде және ол осы елдің шаруашлығының дамуы мен орналасуның қалай әсер етіп отыр.

5.Австралиялықтардың қоныстануында, олардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірінде иммиграцияның рөлі қандай



Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая картина мира, 2 б

Әдебиеттер тізімі.

1.Алаев Э.Б. Социально-экономическая география. Понятийно- терминалогический словарь. М; 1983

2. Баранский Н.Н. Становление советской экономической географии. М., Мысль.,1980

3. Гладкевич Г.И. Введение в экономическую и социальную географию. Смоленск, 1994,1997

4. Дмитриевский Ю.Д., Вольф М.Б. География сельского хозяйства. М., 1980

5. Максаковский В.П. «Географическая культура». М., 1998

6. Саушкин Ю.Г. Введение в экономическую географию М., МГУ,1970

7. Саушкин Ю.Г. Экономическая география: история, теория, методы, практика. М; Мысль,1973

8. Семевский Б. Введение в экономическую географию,, Л,,1978.

9. Скопин А.Ю. Введение в экономическую географию М., 2001

10. Калашникова Т.М. Экономическое районирование М., 1982

11. Ковалев С.А., Ковальская Н.Я. География населения СССР. М.,1980

12. Экономическая и социальная география. Основы науки. Под ред. Голубчик М.М. – М.: Владос ,2003

13. Максаковский В.П. Географическая картина мира. Кн. 1: Общая характеристика мира. – М.: Дрофа,2003

14. Максаковский В.П. Географическая картина мира. Кн 2. Региональная характеристика мира. – М.: Дрофа,2007

15. Хрущев А.Г. География промышленности. – М.: Мысль,1986

16. Холина В.Н. География человеческой деятельности: экономика, культура, политика: Учебное пособие для 10-11 кл. школ гуманитарного профиля.- М.: Просвещение,2001

17. Вернадский В.И. Биосфера и ноосфера. – М.,1989

18. Родионова И.А. Политическая карта мира: учебно-справочное пособие по географии. М.: Московский лицей,2000

19. Ром В.Я. Экономическая и социальная география СССР –М.: Просвещение .1986

20. Экономическая и социальная география в СССР. История и современное развитие.- М.: Просвещение,1977

21.Саушкин Ю.Г. Географическая наука в прошлом, настоящем, будущем.- М.: Просвещение ,1980

22. Географические проблемы устойчивого развития.- Уральск,2001

23. Лаппо Г.М. География городов.- М.: Владос,1997

24. Краткие итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан,- Алматы.: 1999

25. Моисеев Н.Н. Человек и ноосфера-М.,1990- с. 263



26. Развитие народного хозяйства в Западном Казахстане: потенциал, проблемы и перспективы.- Материалы международной научно- практической конференции, посвященной 40-летию ЗКАТУ.- Уральск,2003
«Дүние жүзілік география» пәні бойынша глоссарий
1.Экономико-географиялық жағдай – қандай да бір обьект, аудан немесе қала экономикалық маңыздылығы.

2.Географиялық еңбек бөлінісі – қоғам еңбек бөлінісінің таралу түрі.

3.Географиялық ойлау – біріншіден территориямен байланысты, өзінің қорытындыларын картада көрсету, 2-ден бір элемент немесе бір саланың байланысты кешені.

4.Экономикалық аудан – бұл өзінің маманданған, ерекшеленген шаруашылықтың кешенді дамуымен, географиялық жағдайымен, табиғи және еңбек ресурстары.

5.Қоғамды территориалды ұйымдастыру – материалдық кәсіпорын өндірісінң таралуы және тұрғындардың табиғатты пайдалану байланысына өзара байланыстылығына әрекет етуші аудан мақсатында.

6.Территория – бұл құрлықтың бір бөлігі оның табиғи және антропогендік ерекшеліктерімен.

7.Локалитет – бұл геотаралудың кешенді ұяшығы, өзіне 3 міндетті элементті қамтиды: орынды ресурс базасы және мекен ету негізі, елді мекен, тұрғындардың концентрация орны және технокешен (кәсіпорын мен коммуникация) табиғат ресурстарын қайта өңдеу.

8.Шаруашылық диверсификациясы – ауданның салалық құрылымының күрделенген процессі, еңбектің жаңа салаларының дамуы мен пайда болуы.

9.Территорияның бөлінуі – ауданның құрылымдың территориалдық бөліну үрдісі.

10.Делимитация – мемлекеттік шекараның жалпы өту бағытының анықталуы және оның географиялық картаға түсірілуі.

11.Демаркация – белгілі орынға мемлекеттік шекара сызығын өткізу және оның өзіне тән шекаралық белгілерінің қойылуы.

12.Территория сыйымдылығы - өзгермейтін жағдайларға байланысты фактілік және тығыздың арасындағы қатынас.

13.Өндіріс күштерінің таралу ерекшеліктері – бұл жалпы объективті себепті- ілесушілік қоғамдық өндіріспен территорияның арасындағы, таралу аспектінен соңғы дамудың анықталу байланысы.

14.Интеграция – географиялық білім арасындағы үлкен процесі, көбінесе жалпы белгілерінің өсуімен ерекшеленеді.

15.Инфроқұрылым - өндірісте тікелей қатысы жоқ материальдық жүйе, желі, бірақ өндіріс үрдісіне қажет.

16. Классификация – сандық белгілеріне қарай өзара бөлінетін объект тобы, ал бұнда сапалық бөліну көрші класстар бойынша объект дамуының қозғалысын немесе иерархиялық тәртіп.

17.Комплекс – жоғарғы деңгейлі және зат, энергия және ақпараттық құрайтын жүйе, жоғары энергетикалық үнемдеу және ішкі ортамен салыстырғанда үлкен тұрақтылық жүйесі.

18.Мегаполис – бірлескен урбандалған ареалға біріккен қалалардың өсуі.

19.Миграция – адамдардың территория бойынша көшіп-қонуы.

20.Орналасудың тірек қалақаны – ірі орталықтармен олардың қосатын магистральдық бірігуі.

21.Территорияны игеру – территорияны халық шаруашылығына қосу, бұған дейін табиғи өзгермеген ландшафтқа ие.

22.Шаруашылықтың салалық құрылымы – бұл бөлінген, өндірістік емес шаруашылықтың құрамы бұл немесе басқа территориалдық объект.

23.Периферия – орталыққа қарсы және басқа территорияны қосатын бірлігі.

24.Таралу – геотерритория бойынша құбылыстардың таралуы.

25.Территориалдық құрылым – бұл таралымда міндетті жағдай байланыстардың болуы.

26.Типология – зерттелгелі тұрған объектінің турлері бойынша бөлінуі, бұл сапалық белгілері бойынша ерекшеленеді.

27.Урбанизация - қала тұрғындарының өсу процессі, ондағы тұрғындар концентрациясы, әсіресе үлкен қалаларда және қалалық өмір таралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет