Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына арналған Үш бірдей бақытым бар алақанда



жүктеу 106.4 Kb.
Дата26.02.2018
өлшемі106.4 Kb.


20 орта мектеп

Мұқағали Мақатаевтың

80 жылдығына арналған

«Үш бірдей бақытым бар алақанда...»

атты әдеби-шығармашылық кеш


Жауапты қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері:

П.Қ.Әшіралиева
Астана қаласы

2014 жыл

Кристина: Кеш жарық! Құрметті қонақтар мен ұстаздар, оқушылар! Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына арналған «Үш бірдей бақытым бар алақанда...» атты әдеби-шығармашылық кешті бастауға рұқсат етіңіздер.
Арман: Мұқағали Мақатаев қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы. Мұқағалиды білгенің қазақты білгенің. Қиналсаң жаныңа ем болар, жабырқасаң жаныңды жұбатар, жыласаң бірге жылайтын, қуансаң бірге қуанар – Мұқағалидың дертке дауа өлеңдері десек артық айтқан болмас едік. Осы ақиық ақынымыздың өлеңдерін келешек ұрпаққа насихаттау кейінгі жастың, яғни біздің қолымызда.
Кристина: Иә, Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол – бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Мұқағали аға! Жатқан жеріңнен, туған топырағыңнан тұрып, бір сәт болса да орал, арамызда бол!
Мұқағали Мақатаевтың фильм көрсете отырып, өз даусымен оқыған өлеңін тыңдату

Нұрбек: Мұқағали Мақатаев рөлінде «Менің анкетам» өлеңі оқылады.

Туған жерің?

Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.



Туған жылың?

1931. Құрдасымын Шәмілдің.



Жынысың кім?

Еркекпін ғой, еркекпін!

Және-дағы тәуірмін...

Ана тілің?

Қазақша.


Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.

Қайда істедің?

Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.

Оқымаған, дипломсыз демесең,

Бір басымнан бар мамандық табылар.



Шетелдерде болдың ба?

Болғаным жоқ.

Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.

Қалсам болды, өлсем болды жәйменен,

Осы отырған орнымда-ақ.

Мекен-жәйің?

Мекен-жәйім – жер менің.

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгемін!

Арман: Мұқағали аға! Бүгінгі кеш өзіңіз жайлы сыр ашып, ой толғайтын, жамандықтан арашалайтын, ұраныңызды бар халыққа паш ететін бүгінгі жастарды ортаға шақырсақ.
Имран:

Ең бірінші бақытым - Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

Түтін түтет,

Өс, өрбі, көгере бер,

Немерелер көбейсін, шөберелер.

Жадыңда ұста,

Жақсылық күтпегейсің!

От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

(Мені мұндай бақытты жаратар ма!)

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
Дмитрий

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем

Асқар тау, ағынды өзен, гүлін сүйем

Мен оның қасиетті тілін сүйем

Мен оның құдіретті үнін сүйем!

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған

Бәрі маған "ОТАН" деп сыбырлаған

Жаным менің кеудемді жарып шық та

Бозторғайы бол оның шырылдаған
Сабина

Отан, Отан, бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем

Отанды сүймеу деген күйік екен

Отанды сүю-дағы күйік екен

Карина:

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Сарылып сал-сері кеткен жер.

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер!


Олеся:

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда

Құлшылық етемін тұрғанға,

Құлшылық етемін құмдарға,

Тағзым жасаймын қырларға!

Шүкірлік етемін қашан да

Осы бір Отанда тұрғанға!

Асылхан:

Жақсы аттанды демессің сүйем десем,

Табынатын тәңірім, ием де - сен.

Адам болып күн кешу қиын маған.

Арқа тұтып, өзіңе сүйенбесем.

Сен менің сүйегім мен қанымдасың,

Жанымдасың, ұятым, арымдасың.

Саған деген махаббат дамылдасын,

Тек сенің топырағыңды жамылғасын.

Өзіңше түсің де ерек, ісің де ерек,

(Сырым бар саған айтар ішімде көп.)

Қомағай көзімді бір тойдыра алмай,

Қорқамын бәрі осының түсім бе деп.

Айшырын:

Жапырақ–жүрек, жас қайың!

Жанымды айырбастайын.

Сен адам бола бастасаң.

Мен қайың бола бастайын.

Келсесің бе, жас қайың?


Көрінер, мүмкін, кімге ерсі,

Өміріңді маған бір берші!

Дүрбелең мына дүниені,

Адам көзімен бір көрші.


Әсел:

Жапырақ-жүрек, жас қайың!

Жанымызды айырбастайық?

Адам боп жүрсең қасқайып,

Қайың боп тұрам қасқайып,

Тәуекел, айырбастайық!


Өмірге өмір жалғасып,

Анамыз жерге жармасып,

Бірде адам, бірде қайың боп,

Сүрейік өмір алмасып...


Арман: Кристина мен Динараның орындауында «Жаса, Қазақстан» әні орындалады
Кристина: Мұқағали өлеңдері адам баласының жүрегіне жылылық сыйлар ізгі туындылар. Оның өлеңдері адамды ерекше әсерге бөлеп, ертеңіңе үміт пен сеніммен қаратады.
Арман: Мұқағали Мақатаевты оқыған әрбір қазақ баласы жамандықтан жеріген жақсылыққа жол ашатын ізгі жандар боларына кәміл сенемін. Оның өлеңдерінен махаббат отын сезінген жандар қашанда Мұқағали өлеңдерін ұмытпай оқып, келешекте қазақ елінің нағыз патриоты, Отансүйгіш азаматы болары сөзсіз.
Магомед:

Поэзия!


Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.


Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.

Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,

Сені іздедім жоғалған замандардан.


Сені іздедім досымнан, қасымнан да,

Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да,

Сен бе дедім ақ нөсер ашылған да,

Қызыл-жасыл шұғыла шашылғанда,

Көкжиек пен көжиек қосылғанда.

Aйгерім:

Тау дейтін алып жүрек Ана туған

Мен таулықпын!

Таудан ман жаратылғам.

Киіктің сүтін еміп ержеткенмін,

Қуат алып қыранның қанатынан.


Мен таулықпын!

Таудан мен жаратылғам.

Бұлт бүркеніп, жай отын ала туғам.

Күн алғашқы сәулесін маған шашып,

Маған келіп түнейді қара тұман.
Тау ұлымын,

Тау – менің дәу бесігім,

Мен оның әуресімін, сәулесімін.

Асқар шыңдар желпиді бесігімді,

Бір орамын ағытып сәлдесінің.

Данагүл:

Ақпан кетті араз боп науырызбен,

Науырыз жүр жоғалған бағын іздеп.

Көктем жетті көрісіп, жанын үзген,

Қыс аттанды қоштасып, тағы бізбен.
Көктем жетті көл-көсір шуақ қуып,

Қыс барады қиылып, жылап тұрып.

Шатырында үйлердің науырыз жүр,

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.



Арман: «Наурыз – думан» әні орындалады /9 «в» сынып/

Кристина: Мұқағалидай асқар, ақиық ақынымыздың өлеңдері бәрімізге мәңгілік мұра! Сондықтан ақын жанынана жол тапқан жырлар, әрбір пенденің жүрегіне жылы сезім оятады ғой, тек Мұқағалидай ағамызды ешқашан ұмытпайық!
Арман: Махаббат, сұлулық, аққу – осы үш сөзді бірдей теңестіріп, теңдестіре білген кім десек, ол – Мұқағали Мақатаев. Сұлулықты аққудай, аққуды махаббаттың символындай суреттей білген жаны нәзік, кеудесі тылсымға толы Мұқағалидың қарымды қаламы бұл тақырыпты өте кең қамтыды.
МАХАББАТ ДИАЛОГЫ

– Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?

– Сені іздеумен мәңгілік өтер едім,

– Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?

– Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.

– Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

– Жел боп қуып, ақыры жетер едім.

– Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

– Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.
Айжан:

Фариза, Фариза жан, Фариза қыз,

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз

Шыдай, шыдай ақыры жалығармыз

Бірімізден, біріміз арылармыз

Біздерді де жоқтайтын жан болса егер

Шаң басқан архивтерден табылармыз
Сен мені білесің бе, білесің бе

Жаралмаған жан екем күресуге

Жылай жүріп, отірік күлесің де

Жүресің де қоясың, жүресің де.

Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,

Тастағысы келеді күресінге.


Зайда:

Жанарымды тұманмен тұмшаладым

Серіппесі үзіліп тұр садағым

Жігітінен қазақтың дос таба алмай

Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.

Ауырлар деп ойлаппа ем мұнша хәлім


Ақын болып несіне жаратылдым

Арасында қап қоймай қара түннің

Қасиетін сезем деп ана тілдің

Қауырсыны қалмады қанатымның

Қу тірлікке құл болып аяң басып

Құлашымды жая алмай баратырмын


Арман: Ұстаздардың орындауында «Сенің көзің» әнін қабыл алыңыздар.
Кристина: Мұқағали – қазақтың біртума ақыны, Мұқағали – қазақтың жан ашыр абзал азаматы, Мұқағали – қазақтың өткен тарихы, Мұқағали – қазақтың бүгіні мен ертеңі.
Арман: Мұқағалиды ұмытқан ұрпақ өз елінің тарихын ұмытқан ұрпақ, Мұқағалиды ұмытқан ұрпақ өз анасы мен елін ұмытқан ұрпақ, Мұқағалиды ұмытқан ұрпақ өзін де ұмытқан ұрпақ деп ойлаймын. Себебі, Мұқағали өмірі қазақ тарихымен егіз, онымен ұшстасқан.
Кристина: Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан сахналық көріністі тамашалаңыздар.
Табиғат туралы фильм көрсету
Камила:

Өзен де жоқ сыймаған арнасына,

Жылға да жоқ даламен жалғасуға

Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,

Қалай біткен мына көл тау басына?

Ортаймаған «Жетім көл» толмаған да,

Болған өмір ұқсайды болмағанға

Сызат та жоқ, бетінде сызық та жоқ,

Айдынына аққуы қонбаған ба?

Беу, дүние-ай, аққулар оралғанда,

Айдын көлдің иесі жол алғанда

Жетісіп бір «Жетім көл» қалушы еді-ау,

Тынушы еді-ау, теңселген қара орманда.

Таянғанда аққулар қонар маңға,

Басушы еді-ау, байызын бар арман да.

Сүйінші бер дегендей бір толықсып,

Сыбырлайтын «Жетім көл» Алатауға

Әлдилеп ақ төсінде бермей тыным.



1-көрініс

Сахнада қазақы үйдің іші, жасау-жабдық. Төсекте ауырып, қызуы көтеріліп сандырақтап бала. Басында аһлап-үһлеп есі шыққан әке мен ана.
Әкесі: - Жаңағы бақсы шал да кешікті-ау! Құдай-ай енді қайттік? Сорлы балам-ай...
Анасы: Я құдай, бақсы ата келді, мінекей, өзі де келді.

Бақсы келеді.
Бақсы: (тамырын ұстап) – Апыр-ай мына баланың ауруы қатты ғой! Жын! Жын! Жынқамап тұр екен. Алдымен жынды қуу керек!

Алла-ай хақ! Мен дем салайын.

Жерден болды ма?

Көктен болды ма?

Күннен болды ма?

Көлден болды ма?

Судан болды ма?

Жаман тілден болды ма?

Жаман көзден болды ма?

Күнбатыстан күншығысқа көш!

Күнбатыстан күншығысқа көш! Көш... Көш... –деп баланы шыр көбелек айналып, қиқу сап, таяғымен жерді тоқылдатып жүгіріп, ақыры «уһ!» деп шалқасынан құлайды.

Біраз жатып басын көтереді де:

- Бұл баланы аққумен аластау керек! Аурудың иесі сол екен. Өлген аққумен ұшықтау керек боп тұр! Ертеңге дейін қалайда аққу табыңдар! Әйтпесе баладан айырыласың. Мен қайтып келемін. (бақсы шығып кетеді)



Анасы: - Жаңағы тәуіп-бақсы не деп кетті? Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті. Аққуменен баланы аластаңдар деді дағы жайына жөнеп кетті...

(күйеуіне қарап) Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,

Неткен жансың санасыз жаратылған!?

Жаңағы бақсы шалдың сөзі,

Ұмытылып кетті ме санатыңнан?

«Айналайын аққудың қанатынан»,

Қайтеміз ол да адамға бола туған.

«Жетім көлге»барып қайт таң жамылып,

Таң атқанша қалайда тауға ілік.

Біреулердің көзіне түсіп қалма,

Бүрліктірме, әйтеуір, салма бүлік.


Әкесі: - Апыр-ай,қалай барам,қалай барам?!

Атармын аққу құсты қалай ғана?!

Айдынның аққулары ұйықтағанда,

Өрген мал, өскен шырша абайлаған,

Барлығы қасиетке қарайлаған,

Оқ атам қасиетке қалай ғана?!

Бармаймын,бара алмаймын,қалай барам?!
Анасы: Жалғыз ұлдан артық па,жалған бәрі?!

Балам өлсе, бақыттың керегі не?

Топан су басып кетсін қалғандарын.

Перзент сұрап несіне армандайсың?!

Құрысын онсыз сенің жанған бағың!

Мылтықты әкел!

Атты ертте!

Жалған бәрі!


Ана жинала бастайды.

Сахна «Жетім көл » бейнеленген слайд көрсетіледі.

Бір бұрышта, қолында мылтығы бар ана бас бұғып, аққуларға тамсана қарауда.
«Аққу» биі

Би аяқтала бергенде ананың қолындағы кезене берген мылтық атылады. Аққу жерге қансырап құлап, екінші сыңары оны айнала жүгіріп, сахнаның бұрыш-бұрышына барып, ананың қарсы алдына келіп біраз тұрып, ұшып кетеді. Ана оған қолын созған күйі құлайды.
Осы кезде сахнаның бір бұрышынан қолында ұзын құрығы бар жылқышы шығады.
Жылқышы: - Апыр-ай, бұл кім болды, таң сәріде,

Көргенсіз көл басында мылтық атқан?

Құстардың зәре құтын шырқыратқан,

Нағылған қаныпезер құлқы қатқан?!

Ей,кімсің? Тірісің бе?

Жаның бар ма?

Аққуды неге атасың, арың бар ма?

Басыңды көтер дағы, келгін бері.


Әйел сүйретіліп орнынан тұрып,қартқа қарай бір-екі аттап басып,тоқтайды.
Әйел: - Кешір ата!

Адам емес,мен енді жай тулақпын,

Жемісіне тас аттым гәкку бақтың,

Жалғыз ұлым ауырып,амалсыздан,

Тәуіптің айтуымен аққуды аттым!
Жылқышы: - Әй, балам!

Болмады ғой,болмады ғой......

Қасиет кетті көлден,сорлады ғой.

Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,

Атқа мін, ауылға қайт,олжаны қой!
Камила:

Аққулар…


Аңыз көп қой олар жайлы,

Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды…

Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,

Шошыса, екінші рет оралмайды.


Сахна жабылады.
Кристина: Кадірлеймін Мұкағали атамды,

Тірі болсан алар едім батаңды!

Тоғыстырмай бұл тағдыр қойды бізді

Осылай мен есіме алам атамды!


Арман: Мұқағали атамыздың 80 жылдығы құтты болсын! Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын, рухы жәннатта болсын! Іні-қарындас, бауырларына атамыздың жолын берсін, ал жолын қуғандарға атамыз жар болсын!




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет