Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы



жүктеу 100.79 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі100.79 Kb.



Маңғыстау облысы әкімдігінің

«___» ________ 2015 жылғы

№ ________ қаулысымен бекітілген



«Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы

мен қорғалуын бақылау

басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ




  1. Жалпы ережелер



  1. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.


  2. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  3. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекеме   ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

  4. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

  5. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

  6. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен  «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 

  7. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, 103 үй.

  9. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады.

  10. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Управление по контролю за использованием и охраной земель Мангистауской области».



  1. Осы Ереже «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

  2. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

  3. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  4. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.



  1. Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері


  1. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы облыс аумағында жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау болып табылады.

  2. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын, жер кадастры мен жерге орналастыру iсiнiң дұрыс жүргiзiлуiн және жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.

  3. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функцияларына:

1) мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауына;

2) жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге;

3) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;

4) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне;


      5) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiне;

6) жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына;

7) жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;

8) азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына;

9) межелiк белгiлердiң сақталуына;

10) жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуына;

11) бүлiнген жердiң қалпына келтірілуіне;

12) жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;

13) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кіреді.

18. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функцияларына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәселелер кiредi.

19. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерді іске асыруда және өз функцияларын жүзеге асыруда белгіленген тәртіпте:

1) кiнәлiлердi жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңдарының бұзылуы туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;

2) Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасауға;

3) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар шығаруға;

4) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскелерін беруге, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға, мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою туралы, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа талап-арыз дайындауға және беруге;

5) қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда, ұйымдарға кедергiсiз кiруге, меншiктегi және пайдаланудағы жер учаскелерiн тексеруге, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектiлер алып жатқан жер учаскелерiн - оларға кiрудiң белгiленген режимiн ескере отырып, тексеруге;

6) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;

7) өнеркәсiптiк, азаматтық және басқа да құрылыстар, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектiлердi пайдалану, агротехникалық, орман мелиорациялық, геологиялық-барлау, iздестiру, геодезиялық және өзге де жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, ерекше қорғалатын аумақтар жерiн пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бүлiнуiне, эрозияның күшеюiне, тұздануға, батпақтануға және шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететiн басқа да процестерге әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген не терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса, оларды тоқтата тұруға;

8) мемлекеттiк органдардан жер қорының жай-күйi туралы статистикалық ақпаратты алуға;



9) жерге құқықты белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң салынуын тоқтата тұруға;

10) пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтауға және мемлекеттік меншікке қайтаруға;

11) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат ұсынуға;

12) Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне ауыртпалықты белгілеуге және тоқтатуға өтініш беру үшін облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға ақпарат ұсынуға;

13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

20. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

1) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдануға;

2) жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындауға;

3) өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.





  1. Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының қызметін ұйымдастыру

21. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

22. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

23. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

24. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:


  1. өз орынбасарының, бөлім басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

  2. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

  3. заңнамада белгіленген тәртіпте «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді және көтермелеу шараларын қолданады;

  4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұйрықтар шығарады;

  5. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

  6. барлық мемлекеттік органдарда және ұйымдарда «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

  7. ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;

  8. сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

  9. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

25. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.



  1. Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының мүлкі

26. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

27. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

28. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
30. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

31. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.



6. Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату
32. «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігімен жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет