Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы



жүктеу 134.79 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі134.79 Kb.


Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

Форт-Шевченко қаласы

МКҚК «Құлыншақ» балабақшасы

Педагог- психолог

Трушева Мерует Орынбасаровна

Педагогтарға арналған психологиялық

«Өзара түсіністік өнері» тренингі



Мақсаты: Педагогтармен арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Жоспары:
1. Амандасу.
2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
3. «Табиғат мінезі» жаттығуы.
4. «Өз жұбыңды тап» жаттығуы.
5. «Оның есесіне мен...» жаттығуы.
6. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.
7. Қорытынды. «Майшам» жаттығуы.



Қажетті құралдар: жүрекше, жануарлардың аты жазылған карточкалар, жаттығуға қажетті парақтар, майшам, магнитофон.
Ұйымдастыру: 1. Амандасу.
Психолог:


Құрметті әріптестер мен сіздерді кездескеніме қуаныштымын.

  • Армысыздар, құрметті қонақтар!

  • Бүгінгі біздің ,балабақшада өтіп жатқан семинарға қош келдіңіздер!


Бір ұжымда өзің жақсы білетін, жақсы танитын адамдармен жұмыс жасау әлдеқайда жеңілірек болатындығына менімен келісетін шығарсыздар?! Ол адамға не ұнайды, өмірдегі мақсаттары қандай екендігін білесің. Сондықтан да, біздің бүгінгі кездесуімізді бір-бірімізді көбірек тануға арнаймыз.
1. Таныстыру. «Шеңбер бойымен ат айту». Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады да, бір-біріне доп беру арқылы өзінің атын және жұмыс орнын немесе айналысатын қызмет түрін айтады.




  • Педагогтарды шеңберге тұрғызу. Біз қазір жай ғана шеңберге тұра салмаймыз. Біз бойымыздағы барлық ауырлықты артқа тастап, денемізді жеңілдетіп алып, шеңберге тұрамыз. Ол үшін: көздеріңізді жұмыңыздар.

  1. Тыныштық сәті:

Өзімізді самғап ұшқан құс сияқты сезініп, қуанышқа бөленеміз. Енді бірде сіз таудан сарқырап, таумен тастың арасынан өзіңізге жол тауып келе жатырсыз.

  • Таудан құлап аққан су, арнасынан асқан өзенге айналып, шайдай жазық, кең далада ағып барады.

  • Сіз сәбиді аялап отырған ананың бақытын сезінесіз.

  • Буырханған теңіз төрінде өз кемесін алға қарай бастап бара жатқан капитанның қуанышын елестетіп көріңізші.

  • Сіз өзіңіздің күшіңізе ғана емес, адал ісіңізге сенесіз. Таяқтан тайсалмай, семсерден сескенбей, жеңдім деп шаттаныңыз.

  • Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрекпен сіз үшін алынбайтын қамал жоқ.

  • Шаттық пен қуаныш, достық пен махаббат, бақыт пен жақсылық әлеміне екі аяғыңызды нық басып еніңіз де былай деңіз.

  • Өмір, мені жалғандықтан шындыққа, қараңғыдан жарыққа жетеле.

  • Еңбек етсем, ертеңгі бақытыма сенемін!

  • Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін!

  • Достық іспен қастыда жеңеріме сенемін!

  • Ақыл, сана, біліммен өнеріме сенемін!

  • Арым таза, ақ көңіл адалдыққа сенемін!

  • Абройлы, ақ ниет, адамдыққа сенемін!

  • Жанарымда өшпейтін алау отқа сенемін!

  • Бақыт, байлық басыма қонарыма сенемін!

  • Өзімді – өзім сүйген соң махаббатқа сенемін, - деп көзімізді ашамыз.

«Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы допты алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек.



«Табиғат мінезі» жаттығуы.
Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.
Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәмен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.
Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.
Кенет, боран басталды - енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.
Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз.
Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтң ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.
Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.
Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Енді алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы жаттығуды сізге алдыңызда тұрған адам орындайды.
«Өз жұбыңды тап» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады).
Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз.
Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.
Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліпп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді.
6. «Оның есесіне мен...» жаттығуы.
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... .
- Мен шаршадым, оның есесіне ...... .
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... .
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... .
- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... .
- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... .
- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... .
- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... .
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... .
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... .
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... .
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... .
- Мен тым толықпын, оның есесіне.... .
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... .
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... .
- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... .
7. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.
Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!
Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?



Қорытынды. «Майшам» жаттығуы.
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!



Педагогтарға арналған психологиялық тренингтер.
Мақсаты: педагогтар, тәрбиешілер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.

Барысы:

1 Сәлемдесу.

2. «Түрлі-түсті доптар» жаттығуы.

3. «Орын ауыстыру» жаттығуы.

5. «Мюнстерберг» әдістемесі.

6. Ситуация.

7. «Ну ормандағы жаңбыр» релаксациялық жаттығу.

8. «Сілкіп таста» жаттығуы.

9. Қорытынды «Суретті тест» жаттығуы.
Қажетті құралдар: Доп, ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер бейнеленген парақ қағазы, түсті және ақ қағаз, қайшы, турлі-түсті қаламдар т.б.
Ұйымдастыру.

Психолог: Құрметті тәрбиешілер өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін, олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу.Бүгінгі мақсат-айналамыздағы адамдарымызбен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді-өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп тұлғаның дами көзқарасын анықтау.

Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.



1. Сәлемдесу.

Қазір топтың әр мүшесі кезекпен ортаға шығып, топқа қарап бір-бірін қайталамай топпен кез-келген тәсілмен сәлемдеседі. Ал біз әрбір сәлемдесуді қайталаймыз.

Жаттығудан кейін талқылау. Сәлемдесудің қайсысы сіздің есіңізде қалды және неліктен?

2. «Түрлі-түсті доптар» жаттығуы.
Мақсаты: есту арқылы есте сақтау деңгейлерін дамыту.

Психолог: қазір сіздер алдарыңыздағы бланкіге бірнеше доп саласыздар, ол үшін мені мұқият тыңдап алыңыздар. Мынадай нұсқау беріледі:

қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп салыңыз, қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен сары доп салыңыз, ал жасыл доптың жанына кішкентай көк доп салыңыз.

Жаттығудан кейін талқылау.


3. «Орын ауыстыру» жаттығуы.

Мақсаты: ашықтық, сенімділік деңгейін, эмоционалдық еркіндікті, ортада бірауыздылық орнатуға жағдай жасау.

Шеңбердің ортасында тұрған (алғашында ол адам орнында психолог тұрады) ортақ белгілері бар адамдарға орындарын ауыстыру ұсынысын жасайды. Ортақ белгіні атайды. Мысалы психолог: «Араларыңызда жоғары дәрежедегі педагогтар орындарыңызды ауыстырып отырыңыздар»,-деп айтады, сол кезде кімнің жоғары дәрежесі бар солар орындарын ауыстыруы қажет. Осы сәтте шеңбердің ортасында тұрған адам, орындардың біреуін иеленіп үлгеруі тиіс, ал шеңбердің ортасында орынсыз қалып қалған адам ойынды жалғастырады.

Жаттығу аяқталғаннан кейін жаттықтырушы топқа : «Сіз өзіңізді қалай сезінесіз? Қазіргі көңіл-күйіңіз қандай? деген сұрақтар қойылады.
4. «Мюнстерберг» әдістемесі.

Мақсаты: жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Уақыты:2мин.

Психолог: Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз, тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.



Аашпгопартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғал

імрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершлпевоалд................

Зерттелуші тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижесі есептелінеді.


5. Ситуация.
Психолог: Ал енді әріптестер екі топқа бөліне қояйық. Әр топқа бір ситуациялық жағдаяаттар беріледі.

1-топ. Автобуста екі қыз келеді, өзара қызу әңгіме үстінде, аузында сағыз, қасында тұрған үлкен әкейді қағып, итеріп жіберді де ештеңе айтпастан тұра берді. Атай ашуланып қыздарға, қандай тәрбиесі жоқ балаларсыңдар, үйде ата-аналарыңа солай жасайсыңдар ма?-деді. Осы жерде дау басталды. Бұған кім кіналі? Сіздер қалай ойлайсыздар?

2-топ.Жұмысқа асығыс жүгіріп келдіңіздер, асыққандарыңыз сондай баспалдақпен келе жатқандарыңызда алдарыңызда келе жатқан 2-3 баланы қағып кеттіңіздер де, түк болмағандай кете бердіңіздер. Ол балалардан кешірім де сұраған жоқсыз. Осы жерде бала сіз туралы не деп ойлайды? Не істеу керек?
6. «Ну ормандағы жаңбыр» релаксациялық жаттығу.

Мақсаты: иық, мойын омыртқаларындағы бұлшық ет түйсінуінен арылту, босаңсыту

Уақыты: 10мин.

Психолог: Қанекей бір-біріңізбен тығыз тұрыңыздар Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер. Ауа-райы алдымен керемет еді, күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын. Міне, кішкене жел ұрды. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел күшейіп, қол қимылы да жылдам бола түседі. Дауыл басталды, қол қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді. Сосын ақ жауын жауды.(жұбыңыздың арқасын жеңіл түрде қағасыз) Міне нөсер басталды (саусақтармен қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен жүргізесіз) Нөсер үдей түсті (барлық саусақтарыңызбен қатты қағасыз). Қайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол қайта басылды, сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты. Сезінеміз.

Талдау: Сіздер қандай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз? Жағымды болды ма? Әлде тек әрекеттерді ғана орындау қажет болды ма? Өз сезім күйлеріңізбен бөлсіңіздер.

7. «Сілкіп таста» ойыны.
Мақсаты: жағымсыз, қажет емес, кедергі жасайтынынан құтылу.

Уақыты: 10мин.

Психолог: Мен сіздерге жағымсыз әсерлерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз. Мысалы: «Әлдекімнің ойына: «Тағы да жолым болмай қалды» Енді бірі «Мен басқалар сияқты ақылды емеспін. Не үшін бекерге тырысамын?»-деген жауаптар мазалайды.

Айналаңызда орын қалдырып, еркін тұрыңыздар. Алақаныңызды, білегіңізді, иығыңызды сілкіңіз. Осы сәтте өзіңізді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңіздер. Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңыз тіптен дұрыс болар еді. Жағымсыз сезімнен арылғаныңызды біртіндеп сергек, көңілді бола түскеніңізді елестетуге тырысыңыз.



Талдау.'>Талдау. Жаттығуды орындаудан кейінгі көңіл-күйіңіз.

8. Қорытынды «Суретті тест» жаттығуы.

Психолог: Құрметті әріптестер бүгінгі тренингіміз қалай өтті? Барлығымыз қандай әсер алдық? Қорыта келе тренингтен алған әсерлерімізді осы

«Суретті тест» жаттығуы арқылы білетін боламыз.

Қатысушыларға ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер бейнеленген парақ таратылады. Тренингтен алған әсерін, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.

Талдау.

Күннің суреті-тренингке қатысушының толық қанағаттанғаны, көңілденгені.

Бұлттың суреті- алған әсері төмен.

Жаңбырдың суреті- ешқандай әсер алмаған.

Жасыл шөптер- көңілді, жақсы әсер алғаны.

Педагогтарға арналған психологиялық

«Мен сіздермен біргемін» тренингі

Мақсаты: адам бойындағы ішкі сезімдерді шығара білу, кез-келген қиын жағдайда қиындыққа бой алдырмай, мәселені шеше білу, тұншығып жатқан күш-жігерді пайдалану,қандай қиындықтар болмасын әрқашан бір қиындықтың шешімі бар екені түсіну.

Жұмыс түрі; топтық.


Жоспары:
1. Амандасу.
2. Шеңбер бойымен ат айту
3. «Жаман қасиеттен арылу» жаттығуы.
4. «Менің жан дүниемнің тазалығы» жаттығуы.
5. Сергіту жаттығуы.
6. Адамдар және жеміс-жидектер жаттығу.
7. Топпен жұмыс . «Суретті аяқта». «Ертегіні аяқта», «Сиқырлы суреттер» Екі қолмен жұмыс.

8. Жеміс ағашы



Қажетті құралдар: жүрекше, жаттығуға қажетті парақтар, түрлі –түсті боялар магнитофон.
Ұйымдастыру: 1. Амандасу.
Психолог: Армысыздар, құрметті әріптестер!

Бүгінгі біздің балабақшада өткізгелі тұрған «Мен сіздермен біргемін» атты тренингке қош келдіңіздер! Менің аты-жөнім Мерует Орынбасарқызы Трушева тренинг бастамас бұрын бір-бірімізбен танысып алайық.




Таныстыру. «Шеңбер бойымен ат айту».

Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады да, бір-біріне жүрекше беру арқылы өзінің атын және жұмыс орнын немесе айналысатын қызмет түрін айтады.


Бүгінгі тренингіміздің тақырыбы «Мен сіздермен біргемін»деп аталады. Жалпы тренинг деген не? соған тоқталып өтейік, тренинг-адам санасын түзетудің негізгі әдістерінің бірі болып келеді. Оның мағынасы кәдімгі спорт саласында көп жиі қолданатын «тренировка» , яғни жаттығу ....айырмашылығы дене қимылы емес, сананы жаттықтыру деген ұғымды білдіреді.

Адамның өз-өзіне сенімді болуы, қоғамда қоршаған ортада адамдармен жақсы қарым-қатынас жасауда ең негізгі құралдардың бірі болып есептеледі. Сенімділік өмірге деген құштарлықты одан сайын арттыра түседі. Кейде біз айтып жатамыз «Менің досым жігерлі,күш-қуаты мол,менде ондай күш-қуат жоқ». Бірақ жаратушымыз барлығымызды бірдей етіп саналы ақылды етіп жаратты. Ал сіздер, қалай ойлайсыздар күш-қуаты мол адамдар неге олай. Тақырып түсінікті болу үшін бір аңыз айтып өтейін: «Ертеде екі бақа ;-Біз осылай балшықта жүре береміз бе? Өмірдің қызығын табиғаттың әсемдігін көруге біздіңде құқығымыз бар ғой-деп жолға шығады. Екеуі жүре-жүре үлкен сарайға кезігеді,көз тартарлық әсемдігіне таңданып ішке кіріп кеткенін сезбей де қалады. Секіріп-секіріп шыны ыдыстағы қаймақққа түсіп отырыңыз. Аяғыңызды қолымызды айқастырмай,менен естігендеріңізді ойша елестетіп тек қана менің сөздерімді мұқият тыңдап,көзіңізді жұмып,сезінуіңізді сұранамын.

Көз алдыңыз қаранғыланып кетті. Қараңғылық ішінен әдемі өрнекті түрлі түсті қақпа пайда болды да,жарқ етіп ашылды да кетті. Әрі қарай аяңдап өте бердіңіз. Сіз тамаша бақтың ішіндесіз. Самал жел таза ауа гүлдердің исін жеткізеді. Сізді жеңілдік пен еркіндік қуаныш сезімі биледі.Алуан түрлі гүлдер тобы сізге қарап сүйіспеншілікпен иіліп тербеліп сәлем бергендей болды. Жалғыз аяқ жолмен таңданып,аяңдап келесіз. Кенет гүлдер тез көбейе бастады. Жүздеген мыңдаған қызылды жасылды гүлдер жер бетін қаптап кетті. Шетімен шегі жоқ сияқты. Гүлдердің ішінен өзіңіздің жаныңызға жақын адамдар көріне бастады. Олар кім болды екен? Деп қуанышты сезіммен жақындай түстіңіз. Ол сіздің құрбыңыз болар мүмкін ұлыңыз,қызыңыз немесе сүйген жарыңыз болар. Мүмкін анаңыз....................... Сіз шер тарқатып әңгіме дүкен құрып,өзіңіздің бақытты сезініп жүріп келесіз. Адамзат әлемнің ғажайып бағында өсіп тұрған алуан гүлдер бір-біріне мүлдем ұққсамайды. Олар өте әдемі. Ақ,сары,қызыл,жасыл әрқайсысының өзіне тән иісі бар. Бірақ мекендейтін жері,топырағы, суы бірдей. Адамзат баласы да дәл солай. Әр түрлі болғаны мен жаратушы біреу ғана. Жайлап көзімізді ашамыз. Экранға назар аударыңыздар.

Слайд.Жалпы психологияда медитация жүргізіп болған соң міндетті түрде өз сезімімен бөлісу рәсімі өткізіледі. Өтініш өз сезіміңізді қысылмай еркін айтсаңыз. Гүл бағына кірген кезде өзіңізді өсіп тұрған гүл сияқты сезіне алдыңыз ба? Бойыңызды билеген ешкімге айта алмай жүрген сырыңызбен бөлісе алдыңыз ба?

Топтасып жұмыс жасау.

1. топ «Суретті аяқта» тәрбиешілерге дайын сурет беріледі,оны бояу керек. Мақсаты: екі қолының оң және сол қолының басымдығын анықтау.

2.топ «Қарым-қатынасты» анықтау. Тәрбиешілерге топқа сурет жұптасып салдыру, жұптасып сурет салу.2-ші топқа ертегі сомдау.

3. топ Ертегіні сомдау. Тәрбиешілерге стаканмен ермексаз арқылы ертегі персонаж мүсіндеу. Сол топ ертегіні сомдау.

Сергіту жаттығуын жасап жіберейік.

Біз ормандағы ағаштармыз. Барлығымыз орнымыздан тұрып күнге талпынған ағаштар болайық.

-Жапырақтар жайнайды -жел соғады ...

Қолдарыңыздағы қағазға алған біздің балабақшаға деген ыстық лебіз тілектеріңізді жазуларыңызды өтінемін. Өз есіміңізді, балабақшаңыздың атын қалдыруды ұмытпаңыздар.

Мінекей өздеріңіз көріп тұрғандай осы отырған барлығымыз бірлесе отырып өмірге деген нық сеніммен мына ағашқа жеміс сыйладық. Бұл біздің жемісіміз, біздің қолымыздан барлығы келеді,өйткені біз өзімізге сенеміз.!!!!!

Міне құрметті қонақтар бүгінгі тренингтен, мынау қарбалас өмірден күнделікті тыныс-тіршіліктен арылып бой сергіткен болсаңыздар менің мақсатымның орындалғаны. Менімен бірге ат салысып зейін қойын тыңдағаныңызға үлкен рахмет!



«Құлыншақ» балабақшасы



тренинг

Психолог : Трушева Мерует

2017ж.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет