Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»



жүктеу 212.35 Kb.
Дата30.09.2017
өлшемі212.35 Kb.
түріБағдарламасы


Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ басым мемлекеттік және стратегиялық, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша облыс республикада төртінші орын алады (ҚР бойынша 744,0 мың теңге болғанда – 472,8 мың теңге). ЖӨӨ-нің нақты өсуі 2015 жылдың 1-тоқсанында 103,7% құрады (453,2 млрд. теңге).



Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 2015 жылдың қаңтар-маусымында қолданыстағы бағада 772,5 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 98,4% құрады.


Болмашы өсім – облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 89,3% құрайтын кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игерудегі төмен НКИ-мен (97,9%) байланысты болды (689,9 млрд. теңге). Мұнай-газ саласының 15%-ын қамтитын техникалық қызметтердің (немесе сервистік қызметтер – бұрғылаудың, ұңғымаларды күрделі жөндеудің) 20%-ға төмендеуі байқалады.

Есепті кезеңде мұнайға арналған әлемдік бағалардың күрт құлауы өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының өндірістік қызметіне теріс әсер етіп, нәтижесінде облыстың мұнай-га өндіруші кәсіпорындары сервистік қызметтер бойынша көлемді төмендетуге мәжбүр болды.





Есепті кезеңде 9,2 млн. тонна көлемінде мұнай өндірілді немесе 2014 жылдың осындай кезеңдегі деңгейіне – 100,7%. Табиғи газ өндіру 16,8%-ға артты (1 173,3 млн. текше метр).

Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде (саланың үлесі – 5,3%) 41,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі (НКИ) 101,6% құрады.




Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісінде – 1,6 есе, резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісінде – 1,2 есе, тері және оған қатысты бұйымдар өндірісінде – 16,1%-ға, азық-түлік өнімдерінің өндірісінде – 20,3%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісінде – 1,7%-ға өсу байқалады.

Машина жасауда 16,2%-ға төмендеу байқалады, бұл өңірдің машина жасау саласы кәсіпорындарының өндіру және мұнай кәсіпшілігінің жабдығын жөндеу және орнату бойынша қызметтер көлемін төмендетуіне байланысты.



«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтауды және бөлуді бақылау» саласында 9,5 млрд. теңге көлемінде немесе 2014 жылдың тиісті деңгейіне қарағанда 15,1%-ға көп өнім шығарылды.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда НКИ – 107,3%, өндіру көлемі – 31,7 млрд. теңгені құрады.

Ағымдағы жылғы ақпанда ұлттық компаниялар мен жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуындағы жергілікті қамтуды арттыру жөніндегі форумдардың аясында Маңғыстау облысы бойынша 309,8 млрд. теңге 105 меморандумға қол қойылды.

2015 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша осы Меморандумдардың негізінде 291,9 млрд. теңге сомасына 327 шарт жасасылды (меморандумдардың 94,2%-дан аса орындалуы).

Ағымдағы жылғы 1 маусымда жергілікті қамтуды дамыту мәселелері жөніндегі көшпелі кеңестердің «екінші толқынының» аясында ұлттық компаниялар, өңірдің ірі сервистік, өндіруші кәсіпорындары және отандық тауар өндірушілер арасында 1613,7 млн. теңге сомасына 15 меморандумға қол қойылды. Осы меморандумдардың негізінде 2449,4 млн.теңге сомасына 6 шарт жасасылды.



Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2015 жылдың қаңтар-маусымында 195,9 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне 86,7%.

Төмендеу негізінен кен өндіру өнеркәсібіне салынатын инвестициялардың (дәлірек айтқанда, машиналар мен жабдыққа, барлауға және өндіруге арналған шығындардың) төмендеуімен байланысты.


Индустрияландырудың екінші бесжылдығының аясында 162,9 млрд. теңге сомасына 6,2 мыңнан аса жұмыс орны құрылатын 21-ден астам инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде.



Ағымдағы жылы 100,6 млрд. теңге жалпы сомасына шамамен 850 жұмыс орны құрылатын 16 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 5,4 млрд. теңге сомасына және жаңадан 274 жұмыс орнын құрумен 3 жоба аяқталды. «КУДУ Индастриес Қазақстан» ЖШС-нің толық жиынтықты бұрандалы сорғы жүйелерін шығаратын зауыты және «Қарақұдықмұнай» ЖШС-нің газ жетегі бар блокты шоғырлы сорғы станциясы пайдалануға беріліп, «Sofie Medgroup» ЖШС-нің көп бейінді клиникасының құрылысы аяқталды және оны ашу жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың соңына дейін мына жобаларды іске асыру көздестірілген:

1. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ – «Шетпе-Бейнеу» автомобиль жолын реконструкциялау. Құны – 46,4 млрд. теңге. Жұмыс орындары – 10;

2. «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС – Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту жобасын іске асыру. Құрғақ жүк тиеу айлақтары және инфрақұрылым объектілері. Құны – 37,5 млрд. теңге. Қуаттылығы – 2,5 млн. тонна құрғақ жүк. Жұмыс орындары – 173;

3. «Бозашы Оперейтинг ЛТД» КФ – №31 топтық өлшеу қондырғысын салу. Құны – 2077 млн. теңге. Қуаттылығы – 2400 м3/тәулік. Жұмыс орындары – 8;

4. «Медикал Фарм Ча-Кур» ЖШС – сұйық дәрілік формалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару бойынша фармацевтикалық кешен. Құны – 1668 млн. теңге. Қуаттылығы – 20 млн. бума инфузиялық дәрілік құралдар. Жұмыс орындары – 29;

5. «ДСК-Ақтау» ЖШС – үй құрылысы комбинатын салу. Құны – 1 580 млн. теңге. Қуаттылығы – 300000 м2. Жұмыс орындары – 68;

6. «Маерск Ойл Қазақстан Гмбх» КФ – теңіз суын жинау станциясы және теңіз суының құбыржолы. Құны – 1 499 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына 3,5 млн. текше метр. Жұмыс орындары – 5;

7. «Азерсун өндіріс және логистика орталығы» ЖШС – азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қоймалық орынжайлар құру. Құны – 1,5 млрд. теңге. Жұмыс орындары – 40;

8. «Берекет-Ф» ЖШС – Нан, кондитер, макарон, шұжық өнімдерін, ет жартылай фабрикаттарын, ауыз су өндіретін «Ақ нан-Маңғыстау» зауыты. Құны – 828 млн. теңге. Қуаттылығы – тәулігіне 25 тонна. Жұмыс орындары – 80;

9. «ТасболатОйлКорпорейшн» ЖШС – электрлік қуаттылығы 2х1819 кВт газ поршеньді электр станциясы. Құны – 825,9 млн. теңге. Қуаттылығы – 22 мың МВт. Жұмыс орындары – 4;

10. «Ақтау трансформатор зауыты» ЖШС – электр қалқан жабдығын өндіру және 6-10-35 кВ қуаттық трансформаторларын жөндеу. Құны – 600 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына 1000 дана. Жұмыс орындары – 60;

11. «Шыны-пластикалық құбырлар зауыты» ЖШС – шыны-пластикалық құбырлар мен фитингтер өндіретін 3-цехтың құрылысы. Құны – 568 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына 260 км. Жұмыс орындары – 50;

12. «Достық Полимер» ЖШС – полимерлік бума өндіретін зауыт салу. Құны – 191,9 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына 380 тонна полимерлік бума. Жұмыс орындары – 32;

13. «Атамекен» ЖШС – әк ұнының өндірісі. Құны – 52 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына 7,2 мың тонна. Жұмыс орындары – 20.


«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында ұлттық компаниялардың, даму институттарының қаржыландыруы және бюджеттік қаржыландыру арқылы өңірде 14 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жүргізілуде. Барлық жобалар бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 156,5 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде, Ұлттық қордан 2015 жылға 28 млн. теңге бөлінді. Оларды салу кезеңінде 2344 жұмыс орнын, пайдалану кезеңінде 437 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2015 жылдың қаңтар-маусымында 55,9 млрд. теңгені немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне 93,8% құрады.

Негізгі себеп – жұмыстардың ірі көлемі өткен жылы «Жезқазған-Бейнеу» темір жолын салу есебінен қамтамасыз етілгеніне, сондай-ақ «Бейнеу-Шалқар» автомобиль жолындағы құрылысқа байланысты құрылыстағы көлемнің төмендеуі.

Жалпы ауданы 273,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2014 жылдың осындай деңгейінен 2,3%-ға аз. Негізгі көлем қарыз алушылардың меншікті қаражатына келеді.

«Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасының аясында жас отбасылар үшін тұрғын үй салуға 2015 жылға 364,4 млн. теңге бөлінді. Ақтау қаласының 32а шағын ауданында 60 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Аяқтау мерзімі – 2015 жылғы желтоқсан айы.

Халықтың барлық санаттары үшін кредиттік тұрғын үй салуға Ұлттық қордан («Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында) 352,622 млн. теңге бөлінді. Ақтау қаласының 32 «А» және 33 шағын аудандарында жалпы ауданы 97 мың шаршы метр кредиттік тұрғын үйдің биыл аяқталатын құрылысы жүргізілуде, олар – 867 пәтерлік үш тұрғын үй кешені.

Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын (мұнай-газ өндіруді) одан әрі дамыту, транзиттік әлеуетті (көлік пен логистиканы) дамыту, құрылыс индустриясын дамыту, туризмді («Кендірлі» курортты демалыс аймағын) дамыту.




«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге АЭА аумағында 2014 жылы пайдалануға берілген 4 жобаны есепке алғанда, 9 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. 2015 жылы 5 жобаны пайдалануға беру жоспарланған.

АЭА-ның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында, «Ақтау Ойл Маш» ЖШС аумақты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінге №3 және №1 кіші аймақтар инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. № 1 (қосымша учаске), № 2 және №4 кіші аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын салуға ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде.



Көлік инфрақұрылымын дамыту тұрғысында, («Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Боржақты-Ерсай» темір жол желісінің құрылысы аяқталды. Жалпыұлттық телекөпір барысында Мемлект басшысының қатысуымен осы объект бойынша пойыздардың жұмыс бабындағы қозғалысы ашылды. Пайдалану кезінде 60 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда. Келесі жылдары осы желі бойынша жылына 8,0 млн. тоннаға дейін жүк тасымалданады деп күтілуде.

Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын реконструкциялау жобасы іске асырылуда. «Шетпе-Бейнеу» автомобиль жолының 6 учаскесінің 4 учаскесінде (200 км.) реконструкциялау бойынша жұмыстар аяқталып, тағы 2 учаскені (100 км.) осы жылдың аяғында аяқтау жоспарлануда. «Шетпе-Жетібай-Ақтау» автомобиль жолын реконструкциялау бойынша жұмыстар басталды.

Құрық портында «Қазақстан Темір Жол» ҰК» АҚ-ның темір жол паромының құрылысы жүргізілуде. Паром кешенінің жоспарланған қуаттылығы – жылына 3,6 млн. тонна әмбебап жүк-жолаушы паромдарын пайдалану.

Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту жөніндегі жобаның аясында жаңа айлақтарды, контейнерлік алаңдарды және астық терминалын салу бойынша жұмыстар аяқталды. Нәтижесінде қуаттылықтар өсіп, Ақтау порты Түркия, Кавказ, Иран, Парсы шығанағының елдері және Индия бағытында экспортқа бағдарланған өнім мен транзиттік жүктер тасымалданатын логистикалық хаб ретінде қалыптасатын болады.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеуге және күтіп-ұстауға, сондай-ақ ЖСҚ-ын әзірлеуге республикалық және облыстық бюджеттердің қаражатынан 2015 жылы 7,7 млрд. теңге бөлінді.

«Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автожолының және Ақтау-Қаламқас автомобиль жолының «Ақтау-Ақшұқыр» және «Ақтау-С. Шапағатов» облысішілік бағыты бойынша автопавильондардың (13 бірлік аялдама, 14-26 километр учаскесінде) құрылысы, «Шетпе-Қызан» автожолын реконструкциялау (21-49 км учаскесі) жүргізілуде.

«Ақтау-Құйылыс» (7-15 км), «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (43-75 км), және «Ақтау-Қаламқас» (101 және 104 км) автожолдарын күрделі жөндеу, «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (75-122 км) және «Ақтау-Қаламқас» (10-89 км) автожолдарын орташа жөндеу жалғасуда.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Батыс Қазақстанды жағажай туризімінің орталығы ретінде, оның ішінде Кендірлі курортты демалыс аймағын дамытуды көздейді. Кендірлі туристік аймағын дамытудың жүйелі жоспары әзірленіп, бекітілді. Курортты аймақты дамытуға инвесторлар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

«Кендірлі» курортты демалыс аймағын салу аясындағы автомобиль жолының құрылысына жергілікті бюджеттен 50,0 млн. теңге бөлінді. Конкурс жарияланды. Объект 2016 жылға өтеді.


Сыртқы сауда айналымы 2015 жылдың қаңтар-мамырында 2 204,2 млн. АҚШ долларын, немесе 2014 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 47,2%, оның ішінде тауарларды экспорттау – 1 968,5 млн. АҚШ долларын (44,5%), импорт – 235,7 млн. АҚШ долларын (96,2%) құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы 1 732,7 млн. АҚШ долларын құрады.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2015 жылдың 1 жартыжылдығында 57,4 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылдың қаңтар-маусымына қарағанда 6,0%-ға артық.

Тұтыну бағалары мен тарифтердің индексі ағымдағы жылдың маусымында 2014 жылдың желтоқсанына 102,2% (ҚР бойынша – 101,4%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 101,4% (ҚР бойынша – 101,4%), азық-түлік емес тауарларға – 101,2% (ҚР бойынша – 100,7%), ақылы қызметтерге – 104,2% (ҚР бойынша – 102,1%) құрады. Инфляция өсуінің негізгі себебі – ақылы қызметтердің (тұрғын үйді жалға алуға жалдау ақысының, көрсетілетін қызметтер саласындағы бағалардың) өсуі. Азық-түлік тауарлары бойынша бағалар тұрақты.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 4605,8 млн. теңгені құрады. 2014 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 104,2%. Ірі қара мал басының – 1,4%-ға (18,6 мың бас), жылқы басының – 9,8%-ға (69,1 мың бас), қой мен ешкі басының – 5,1%-ға (549,7 мың бас), түйе басының – 6,7%-ға (56,9 мың бас) өскені байқалады.


«Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында асыл тұқымды мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын және балық аулауды дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттен 2015 жылы 77,5 млн. теңге, өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасы мен өнімділігін көтеруге 47,1 млн. теңге сомасында субсидиялар бөлінді.

Бүгінгі күнге ылғал қорларын сақтау технологиясын (тамшылатып суаруды) қолданумен 900 га жер қамтылған, бұл – өткен жылдан 63,6%-ға көп. Облыс бойынша жалпы ауданы 9,4 га 9 жылыжай жұмыс істейді. Жыл басынан бері жабық топырақта 312,2 мың тонна көкөніс дақылдары, оның ішінде 307,3 тонна қияр, 3,4 тонна томат, 1,5 тонна болгар бұрышы өндіріліп, облыс халқына сатып өткізілді.

Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына арналған бағаларды ұстап тұру мақсатында «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ шарттар жасасу және елдің ауыл шаруашылығы дамыған өңірлерінен әлеуметтік маңызды тамақ өнімдерін тікелей жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде.



Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 1.07.2015 жылға 46,7 мың бірлікті құрады немесе 2014 жылдың осындай датасымен салыстырғанда 7,8%-ға артты.


Барлық меншік нысанындағы микрокредит ұйымдары ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында 334,2 млн. теңге сомасына 115 микрокредит беріп, 184 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде, «Каспий» МҚҰ» ЖШС 116,6 млн. теңге жалпы сомасына 37 микрокредит берді.

Екінші деңгейдегі банктер ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында шағын бизнес субъектілеріне 3 500,7 млн. теңге көлемінде кредиттік ресурстар берді, бұл – өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 38,4%-ға аз.



«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру аясында, ӨҮК отырыстарында 3 203,04 млн. теңге жалпы сомасына 24 жоба, оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 3 182,2 млн. теңге жалпы сомасына 20 жоба; кредиттерді кепілдеріндіру бойынша 29,5 млн. теңге жалпы сомасына 2 жоба (оның ішінде, мемлекеттік қолдау сомасы – 2,9 млн. теңге); жетіспейтін ифнрақұрылымды жеткізу бойынша 994,6 млн. теңге жалпы сомасына 2 жоба (инфрақұрылым құны – 17,9 млн. теңге) мақұлданды.
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласында, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуын есепке алғанда 2015 жылдың қаңтар-маусымында облыс бойынша 13570 жұмыс орны құрылды (2014 жылдың осындай кезеңінде – 13503 жұмыс орны). Оның ішінде, қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың нысаналы топтары үшін 941 әлеуметтік жұмыс орнын құрып, жоғары оқу орындарының 704 түлегін жастар практикасына тартты.

Есепті кезеңде жұмыспен қамту органдарының еңбек делдалдығына 8421 адам өтініш білдірді. Әлеуметтік қорғау шараларымен 6339 адам қамтылып, оның ішінде 3100 адам жұмысқа орналастырылды, 1828 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды.



Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2015 жылдың 1 тоқсанында (ашық еңбек рыногында) 5,2%-ды құрап (2014 жылдың 1 тоқсанында – 5,4%), оның ішінде жастар жұмыссыздығының деңгейі 6,8%-дан 3,8%-ға дейін төмендеді.


Халықтың әлеуметтік әлсіз жігін әлеуметтік қолдау мақсатында 2921 аз қамтылған тұрғынға 62,4 млн. теңге сомасында атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған 2778 балаға 22 млн. теңге сомасында балалар жәрдемақысы төленді. Әлеуметтік-әлсіз жік санатындағы 1061 азаматқа 26,0 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.

Өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек кепілдіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында, бүгінге әр түрлі деңгейдегі әкімдіктер 104 мыңнан астам адамды қамтитын 620 меморандум жасасты. Меморандумдар жасасу бойынша жұмыстар жалғасуда. Жұмысты күшейту үшін әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жолға қойылып, сондай-ақ осы жұмысқа барлық деңгейдегі әкімдіктер, өңірлік кәсіпкерлер палатасы тартылды.

Халықтың жан басына шаққандағы атаулы орташа ақшалай табысы 2015 жылдың 1 тоқсанында 110312 теңгені құрады. 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы табыс – 18,3%-ға, нақты ақшалай табыс – 10,6%-ға ұлғайды.

Облыстағы ең төменгі күнкөріс мөлшерінің шамасы 2015 жылғы маусымда 24469 теңгені құрады. Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2015 жылдың 1 тоқсанында облыс бойынша орташа 229167 теңгені құрады, бұл 2014 жылдың осындай кезеңінен 18,9%-ға көп және 9,4 ең төменгі күнкөріс мөлшерін құрайды.



Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке алмағанда) 2015 жылдың қаңтар-маусымында 138,2 млрд. теңге (болжамға – 99,6%), оның ішінде республикалық бюджетке – 82,8 млрд. теңге (болжамға – 93%), жергілікті бюджетке – 55,4 млрд. теңге (болжамға – 111,2%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

Облыстың 2015 жылға арналған нақтыланған бюджеті 155,2 млрд. теңгені құрайды. Бюджеттің кірістер бойынша атқарылуы жоспарға – 96,5%, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша – 92,6% құрады.

Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту тұрғысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында ҚР Ұлттық қорынан Ақтау қаласының инженерлік желілерін (жоғары аймақтың жылу желілерін, 2-кезек) салуға және реконструкциялауға, Ақтау қаласының жаңа шағын аудандарының (16, 17, 19, 19а, 30, 31, 32, 32 а, 33, 34а, 35) канализациялық тарату желілерін салуға 1997,9 млн. теңге бөлінді.

Көрсетілген жобаларды іске асыру қорытындысында ағымдағы жылы ұзақтығы 10,5 км жылумен жабдықтау желілерін реконструкциялау және ұзақтығы 23,2 км канализация желілерін салу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.



«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында Мұнайлы ауданының Батыр ауылдық округінде 0,4 кВ электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы мен Ақтау қаласы 33 "Аққу" шағын ауданының жол бойындағы аумақтарын абаттандыру (шағын ауданішілік автомобиль жолдары, жаяу жүргіншілер аймағы және тротуарлар) жүргізілуде. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 872,3 млн. теңге бөлінді.

Облыстың елді мекендерін сумен жабдықтауды жақсарту мақсатында, 2014 жылдан өтетін 11 объектіні ағымдағы жылы одан әрі іске асыруға – 6,9 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 4,97 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,93 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде, 8 объект бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың соңында аяқталып, пайдалануға берілетін болады. 3 объект 2016 жылға өтеді.

Облыстың ауылдарында мына жобаларды іске асыру: Бейнеу ауданында поселкеішілік су құбырын (1-3 учаскелер), Түпқараған ауданының С. Шапағатов ауылында поселкешілік су құбыры мен резервуар, Мұнайлы ауданының Дәулет ауылдық округінде сумен жабдықтау желілерін (2015 жылы аяқталады), Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында су тазарту құрылыстарын, Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында, Жетібай станциясында және Жетібай ауылында су құбырларының жетіспейтін желілерін салу жүргізілуде (2016 жылға өтетін объектілер).

Ақтау қаласының сумен жабдықтау және су бұру желілерін (№ 1, 3А, 4, 5, 6, 7, 8, 14, 15, 22, 23 шағын аудандардағы су құбырлары желілерін) жаңғырту, №3, 3А, 3Б, 4, 5, 7, 8, 9, 11, 12 шағын аудандағы өздігінен ағатын канализациялық желілерді, №12 жолдың бойындағы өздігінен ағатын коллекторды және №1А, 2, 5, 10 КСС-ның арынды коллекторларын жаңғырту жалғасуда.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қайта жаңғырту бөлігінде облыстың көп пәтерлік тұрғын үйлерін күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 2015 жылы 204,5 млн. теңге бөлінді. Осы сомаға Ақтау қаласының көп пәтерлік 3 тұрғын үйіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. Қазіргі кезде дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан басқа, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау бөлігінде жергілікті бюджеттен 2015 жылға облыстың ауылдарын жайластыру бойынша 55 жобаны іске асыруға 302,2 млн. теңге көздестіріліп, оның ішінде бүгінгі күнге 20 жоба басталды.



Білім беруге арналған шығыстар 2015 жылға 45,4 млрд. теңгені құрайды (2014 жылға қарағанда өсімі – 9%). 1.07.2015 жылға 23,2 млрд. теңге игерілді.

Білім беру объектілерін дамытуға 2015 жылы – 7,6 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 4,1 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 3,5 млрд. теңге көздестірілді. Ағымдағы жылдың басынан бері 445 орындық 3 мемлекеттік балалар мекемесі және 375 орындық 6 жеке меншік балабақша пайдалануға берілді.

2015 жылы аяқталатын 2590 орындық 11 балабақшаның, оның ішінде: Жаңаөзен қаласының Мерей, Арай, Астана шағын аудандары мен Қызылсай ауылында әрқайсысы 320 орындық 4 балабақшаның, Ақтау қаласында 280 орындық балабақшаның, Бейнеу ауылында әрқайсысысы 140 орындық 2 балабақшаның, Мұнайлы ауданының Атамекен және Дәулет ауылдарында әрқайсысы 280 орындық 2 балабақшаның, Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында 140 орындық, Қызылөзен ауылында 50 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде. «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Қарақия ауданының Жетібай ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы 2015 жылы басталды.

Үш ауысыммен оқытатын мектептерді жою мақсатында, Форт-Шевченко қаласында 550 орындық мектеп-интернаттың және Атамекен ауылында 1200 орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде. Бұдан басқа, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Бейнеу ауылында 900 орта мектептің құрылысы 2015 жылы басталды.

Авариялық мектептерді жою мақсатында, Қарақия ауданының Құланды ауылы мен Жетібай станциясында 2015 жылы аяқталатын әрқайсысы 624 орындық 2 орта мектептің құрылысы республикалық бюджет қаражаты есебінен жалғасуда.

7 білім беру объектісін күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен 1,6 млрд. теңге бөлінді.

ҰБТ-ге қатысқан оқушылардың саны 2736 адамды немесе түлектердің жалпы санының 65,3%-ын құрады (2014 жылы – 2507 немесе 58%). Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың 71 қатысушысы ҰБТ-ден босатылды (2013 жылы – 46). ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 19,4-ті құрады (2014 жылы – 74,5). Білімінің «Алтын белгіге» сай екенін растаған оқушылар саны – 46 оқушы (2014 жылы – 40).
Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2015 жылға 18 млрд. теңгені құрайды (2014 жылмен салыстырғанда өсімі – 9,8%). 1.07.2015 жылға 8,7 млрд. теңге игерілді.

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2015 жылы – 1,7 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 0,6 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,1 млрд. теңге көздестірілді. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жергілікті бюджеттен 0,680 млрд. теңге бөлінді.

Республикалық бюджет қаражатының есебінен Ақтау қаласында 150 орындық Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығының құрылысы басталды.

Жергілікті бюджет қаражатының есебінен 7 дәрігерлік амбулаторияның, оның ішінде Маңғыстау ауданының Үштаған, Қызан және Жыңғылды ауылдарында, Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында және Мұнайлы ауданының Батыр ауылында ауысымына 40 келушіге арналған 5 дәрігерлік амбулаторияның, Қарақия ауданының Құланды ауылында және Өмірзақ ауылында (Ақтау қаласы) ауысымына 25 келушіге арналған 2 дәрігерлік амбулаторияның, сондай-ақ Бейнеу ауданының Есет ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы жүргізілуде.

Балалар өлімінің деңгейі 2015 жылдың қаңтар-маусымында 1000 тірі туылғандарға шаққанда 9,5-тен 11,7-ге дейін артты. Ана өлімінің 1 жағдайы тіркелді (2014 жылдың қаңтар-маусымында – 1 жағдай).

Туберкулезбен ауыру 2014 жылғы қаңтар-маусымдағы 100 мың халыққа шаққандағы 32,7-дан 2015 жылғы қаңтар-маусымда 35,0-ге дейін артты.


Спорт және дене шынықтыру. Облыс бойынша 16 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі жұмыс істейді. Оларда айналысатындардың жалпы саны 11,2 мың баланы, оқушыны құрайды. Облыс бойынша дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың барлық саны 128,6 мың облыс тұрғынын құрайды (21,4%).

2015 жылдың басынан бері 13 мың адамды жалпы қамтумен салауатты өмір салты бойынша 224 спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шарасы, оның ішінде ауылдық жерде 5,0 мың адам қатысқан 65 іс-шара өткізілді.

Таяу жылдарға арналған перспективамен спорт құрылыстарының санын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Ақтау қаласындағы Теннис орталығының құрылысын аяқтауға жергілікті бюджеттен 2015 жылға 518,9 млн. теңге бөлінді.
Мәдениет саласында Астана қаласындағы Маңғыстау облысының мәдениет күндері, Павлодар қаласындағы Маңғыстау облысының мәдениет күндері, облыстық қуыршақтар театрының Ақтөбе қаласына гастрольдері, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы» атты облыстық айтыс, «Жеңіс жаңғырығы» облыстық ән конкурсы, Б. Керелбаевты еске алуға арналған «Айт десеңіз жарандар» облыстық жыршы-термешілер конкурсы өткізілді.

Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптар оркестрі Баку қаласында «Каспий толқынындағы достық әні» концертімен өнер көрсетті. «Ақжарма» фольклорлық ансамблі мен бишілер тобі Қазақстандық делегация құрамында Түрікменстан Республикасындағы Түркменбашы қаласында өткен ғылыми-практикалық конференцияда өз өнерлерін көрсетті.

9 шағын аудандағы облыстық мұражайға жапсарлама салуға жергіліктің бюджеттен 132,8 млн. теңге бөлінді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағдарламасының аясында республикалық бюджет қаражаты есебінен Түпқараған ауданының Қызылөзен ауылындағы ауылдық клубты және Бейнеу ауданының Ақжігіт ауылындағы Мәдениет үйін ағымдағы жөндеу жүргізілуде.

Демеушілік қаражат есебінен Маңғыстау ауданының Ақшұқыр ауылында ауылдық клубтың құрылысы жалғасуда.

Мемлекеттік тілді дамыту тұрғысында облыстың кешкі мектептерінде өзге ұлттардың 120  өкілі үшін қазақ тіліне оқытатын тегін курстар ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысында облыстың жергілікті атқарушы органдарындағы шығыс құжаттарда мемлекеттік тілді қолдану көрсеткіші 99% құрады.
Табиғат қорғау іс-шараларына жергілікті бюджеттен 2015 жылға 843,7 млн. теңге бөлінді. «Қошқар ата» жасанды көлінің сұйық фаза деңгейін тұрақтандыру жұмысы жалғасуда. «Маңғыстау облысының теңіз порттары мен мұнай кәсіпшіліктерінің Каспий теңiзiнiң жағалық аймағына техногендік әсерін кешенді бағалау» жүргізілуде.

Атмосфералық ауаның ластану деңгейін бағалау үшін «Мұнайлы ауданының экологиялық паспорты» МАЖ-ін әзірлеу» ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілуде.

«Атмосфералық ауаны қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС Маңғыстау ауданының Жыңғылды, Тұщықұдық, Шайыр, Қарақия ауданының Жетібай станциясы, Болашақ, Бейнеу ауданының Боранқұл және Түпқараған ауданының Қызылөзен ауылдарында қатты-тұрмыстық қалдықтардың пайда болу және жиналу нормаларын айқындауға бағытталған бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Құм тоқтату мақсатында Бостанқұм, Түйесу және Қызылқұм құмды алаптарындағы өсімдік жабындысын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ақтау қаласындағы өнімжілігі 30 мың метр/тәулік №2 канализациялық тазарту құрылысын (КТҚ) салуды жалғастыруға жергілікті бюджеттен 2015 жылға 545 млн. теңге бөлінді.
Құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік саласында облыс бойынша 2015 жылдың 1 жартыжылдығында тіркелген қылмыстардың жалпы санының 32,8%-ға өскені байқалады (3089-дан 4101-ге дейін).

Қабылданып жатқан профилактикалық сипаттағы шараларға қарамастан, ауыр қылмыс түрлерінің 61,4%-ға (220-дан 355-ке дейін), сондай-ақ онша ауыр емес қылмыстардың 108,4%-ға (545-тен 1136-ға дейін) өскені байқалады.

Сонымен бірге, аса ауыр қылмыс түрлерінің 33,3%-ға (27-ден 18-ге дейін), көшеде жасалған қылмыстардың 11,0%-ға (436-дан 388-ге дейін) төмендегені байқалады. Қоғамдық орындарда 11,4%-ға (809-дан 717-ге дейін), кәмелетке толмағандармен 31,1%-ға (45-тен 31,2-ге дейін) аз қылмыс жасалды.

Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ЖКО саны 6,5%-ға (170-тен 159-ға дейін), қаза болғандар саны – 30,4%-ға (46-дан 32-ге дейін) және жараланғандар саны 4,3%-ға (207-ден 198-ге дейін) төмендеді.

Мұнайлы ауданында 8 учаскелік полиця пунктінің құрылысы жүргізілуде, осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 79,4 млн. теңге бөлінді.

Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар объектілерін дамыту мақсатында, әскерге шақырылғандарға арналған облыстық шақыру пунктінің құрылысы аяқталуда, осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 79,4 млн. теңге бөлінді.



Моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясында ағымдағы жылы 1,2 млрд. теңге, оның ішінде экономиканы әртараптандыруға және шағын және орта бизнесті дамытуға – 345,7 млн. теңге, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 820 млн. теңге бөлінді.

Бүгінге жаңа өндірістер құруға 5 млн. теңге сомасында 2 грант бөлініп, 530,9 млн. теңге жалпы сомасына 9 жоба субсидияланды. Жаңаөзен қаласындағы өндірістік алаңға дейінгі кіреберіс автожолың құрылысы аяқталып, Жаңаөзен қаласының қалашілік автомобиль жолдарының құрылысы мен «Шаңырақ» шағын ауданының аулаішілік көшелерін абаттандыру жүргізілуде.



Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыруға ағымдағы жылы 5,8 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 3,1 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 2,2 млрд. теңге, «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражатының есебінен – 500,0 млн. теңге бөлінді.

Бүгінге қорғаныс істері жөніндегі ғимараттың құрылысы; «Мамыр» шағын ауданының автомобиль жолдарының құрылысы; Маңғыстау көшесі бойынша жарықтандыру желілерін реконструкциялау аяқталып; шағын ЖЭО-ға ауыстыру арқылы орталық қазандықты реконструкциялау және кеңейту (4-кезең); «Жұлдыз» және «Мерей» шағын аудандарындағы сумен жабдықтаудың тарату желілерінің құрылысы; еділ суын тәулігіне 30 мың текше метрге дейін ауыз су сапасына дейін жеткізіп дайындау үшін су тазарту құрылыстарын салу; Жаңаөзен қаласындағы 50 төсек-орындық стационары бар медициналық емдеу орталығының (емхананың) құрылысы; 5 спорт құрылысының және 5 аулалық алаңқайдың құрылысы жүргізілуде және қалалық аурухананың терапевтік корпусының және «Кендірлі» курортты демалыс аймағының ұзақтығы 2,2 км автожолының құрылысы басталды.



«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» атты бірінші бағытының аясында 2015 жылға 474,1 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 416,4 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 57,7 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.

Осы қаражаттың есебінен облыстың ауылдық елді мекендерінде коммуналдық-инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін абаттандыру, реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 185 жұмыс орнын құрумен 44 жоба іске асырылуда.

Тірек ауылдық елді мекендердің (Түпқараған ауданының Ақшұқыр, Бейнеу ауданының Ақжігіт және Боранқұл, Маңғыстау ауданының Сайөтес және Жыңғылды, Қарақия ауданының Жетібай ауылдарының) және аудан орталықтарының (Бейнеу, Құрық, Маңғыстау, Шетпе ауылдарының) 2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспарларын, Маңғыстау облысының шекара маңындағы аудандарын (Бейнеу ауданының Сам және Ақжігіт, Қарақия ауданының Болашақ ауылдарын) дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруды жалғасуда.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес, Түпқараған ауданының Форт-Шевченко шағын қаласының кешенді даму жоспарын әзірлеу жүргізілуде.


Өңір экономикасының тұрақты дамып келе жатқанын көрсететін облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуының 2015 жылғы 1 жартыжылдықтағы негізгі қорытындылары осындай.


Каталог: media -> uploads
uploads -> Утверждено
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> МаңҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
uploads -> Аймақтық экспорт
uploads -> Информация по осуществлению мониторинга
uploads -> Бағдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 015 жыл мазмұны өңірлік макроэкономика 9
uploads -> Серебряков Александр Владимирович, отставной профессор: Александр Филиппенко


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет