«Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттiк мeкeмeci туралы ереж е ұйымдық-құқықтық нысаны



жүктеу 184.07 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі184.07 Kb.


1-қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2013 жылғы «___ »________№ ____

қаулысымен бекітілген



«Маңғыстау облысының білім басқармасы»

мемлекеттiк мeкeмeci туралы

Е Р Е Ж Е

Ұйымдық-құқықтық нысаны: мемлекеттік мекеме (ММ)
Мемлекеттік меншік түрі: коммуналдық
Құрылтайшысы: Маңғыстау облысының әкімдігі
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы,

Маңғыстау облысы, 130000,

Ақтау қаласы, 13 шағын аудан,

№ 47 ғимарат




  1. жыл

1. Жалпы ережелер
1. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі білім саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Маңғыстау облысы әкімдігінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 13 шағын аудан, № 47 ғимарат.

9. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Управление образования Мангистауской области».

10. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады.

11. Осы Ереже «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер облыстық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

14. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.


2. Маңғыстау облысының білім басқармасының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

15. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы облыс аумағында мектепке дейiнгі, орта жалпы, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсiптік бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк басқару қызметін тиімді іске асыру болып табылады.

16. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және халықтың білімге деген сұранысын қанағаттандыру үшін жағдай туғызу жөнінде жергілікті өзін- өзі басқару органдарына көмек көрсету;

барлық мектеп оқушыларының жалпыға бірдей міндетті орта білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

аудандар мен қалаларда, облыстық білім беру ұйымдарында тиімді білім беру қызметін қамтамасыз ету;

орта білім беру жүйесін ақпараттандыруға бағытталған кешенді практикалық шараларды анықтау және оны жүзеге асыру;

балалар мен оқушы жастарды, білім беру қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;

жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аудандық білім бөлімдерінің тікелей қатысуымен ауылдық жерлерде оқушыларды білім беру ұйымдарына тегін тасымалдауды, ауыл және қала мектептерінің оқушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

аудандық білім бөлімдерімен бірлесіп, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларды қамқорлық пен қорғаншылыққа алуды ұйымдастыру;

аудандар мен қала әкімдерімен бірлесіп, кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілерді жұмысқа орналастыру мәселесін шешу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

білім беру қызметін лицензиялауды жүргізу, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқу бағдарламаларын, сонымен бірге мамандандырылған және арнаулы жалпы білім беру оқу бағдарламаларын және спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу;

бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

басқару еңбегі мәдениетін дамыту, оны құқықтық, ақпараттық және техникалық жағынан қамтамасыз ету;

облыстық бағыныстағы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын игеру және дамыту, қаржылық қамтамасыз етілуін жақсарту;

облыс білім беру ұйымдарының жұртшылықпен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, басқа да мемлекеттік және жергілікті басқару органдарымен бірлескен қызметінің саласын кеңейту болып табылады.

17. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіпте келесідей функцияларды жүзеге асырады:

халықтың білімге сұранысы жөніндегі өзгерістерді болжамдауды ұйымдастырады, облыстағы білім беру жүйесінің даму стратегиясын әзірлейді, тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, облыста білім беруді дамыту бағдарламасын әзірлейді;

мемлекеттік басқару органдарының, ғылыми және басқа да мекемелер мен ұйымдардың және білікті адамдардың қатысуымен білім беруді қамтудың өмірлік құрауыштарын әзірлеуді ұйымдастырады және оны іске асыру үшін жағдайлар жасайды;

білім беру жүйесі мен білім сұраныстарының қанағаттандырылу деңгейінің жай-күйін талдайды; аудандық және қалалық білім бөлімдерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамаларының орныдалуына және мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттарының сақталуы, барлық типтегі білім беру мекемелерінің оқушыларды қорытынды және аралық аттестаттау жүргізу тәртібіне бақылауды қамтамасыз етеді;

білім беру желісінде тәрбиеленушілер мен оқушылар құрамының өзгеру беталысын болжамдауды қамтамасыз етеді және жаңа типті білім беру мекемелері саласында халықтың сұранысын және оқушылардың білім алу түрлерін, нысандарын және оқу тілін таңдау мүдделерін барынша қанағаттандыру үшін кешенді шараларын айқындайды;

оқу орындарында жастардың бастапқы әскери даярлығын ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді;

білім алушыларды оқытуға, тәрбиелеуге өмірі мен денсаулығын қорғауға қатысты облыста жүргізілетін сынақтарды ғылыми-әдістемелік және психологиялық-медициналық-педагокикалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

аудандық және қалалық білім бөлімдеріне және облыстағы жалпы білім беретін мекемелерге көмек беруді жүзеге асырады;

психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік, диагностикалық орталықтар(уақытша, тұрақты, бюджеттік) құрады;

облыста білім беруде, жаңалықтар, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын жүргізу үшін сынақ алаңдарын ұйымдастырады;

жаңадан енгізілетіндерге кешенді сараптама, жаңа оқу жоспары мен білім беру бағдарламаларына, педагогикалық және басқару жаңалықтарын эксперименталды сынағын өткізеді. Оларды енгізуге ұсынады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жаңа бағдарламалық- әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен және барлық мүдделі кәсіпорындармен және ұйымдармен бірлесіп, жастар мен жұмыстан босаған тұрғындардың қажеттерін есепке ала отырып, кәсіптік білім беру жоспарын әзірлейді және оны іске асырады;

білім алушыларды, тәрбиелеушілер мен педагогикалық қызметкерлерді материалдық қамтамасыз етудің қосымша жеңілдіктерін, түрлері мен нормаларын белгілеу, сондай-ақ білім алушыларды ұстауға арналған әлеуметтік-кепілді нормативтерді өзгерту туралы ұсыныстар әзірлеп, оны облыс әкімінің қарауына береді;

жыл сайын облыс әкімдігінің бекітілген қаулысына сәйкес техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастырады;

облыстың білім беру мекемелерінің педагогикалық және басшы кадрлармен қамтамасыз етілуін зерделейді, жаңадан мамандар даярлауға олардан қажеттілігін болжауды жүзеге асырады;

педагогикалық білім беру ұйымдарымен, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтымен бірлесіп, облыстағы педагогикалық білім беру жүйесін құрады және оны жетілдіреді;

педагог кадрларды аттестаттау ережесінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады, облыстағы педагог қызметкерлерге жоғары біліктілік санаттарын беру (төмендету) және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне бірінші біліктілік санаттарын беру (төмендету) туралы шешімді бекітеді;

педагог кадрларды аттестаттау ережесінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады, облыстағы педагог қызметкерлерге жоғары біліктілік санаттарын беру (төмендету) және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне бірінші біліктілік санатын беру туралы шешімді бекітеді;

ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық іріктеуді, тағайындауды және аттестаттауды жүргізеді;

білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын сақтау және дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оны облыс әкімінің қарауына ұсынады, білім беру жүйесінің обьектілерін жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен құрылысты басқару органы арасындағы байланысты үйлестіреді;

облыстық бағынысты білім беру мекемелерін салу, қайта құрылымдау және күрделі жөндеу жөнінде жоспарлайды және оның тапсырыстарын орналастырады, жобалық-сметалық құжаттарын дайындап, оған сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді;

білім беру жүйесінің жаңа обьектілерінің құрылымын жобалау және құрылысын салу жөніндегі ұсыныстарын облыс әкімінің қарауына енгізеді;

білім беру мекемелерінің қажеттілігін зерделейді және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес материалдық құндылықтар мен қызмет түрлері бойынша сатып алуды ұйымдастырады;

облыстың білім беру ұйымдары үшін тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетудің барлық түрлері бойынша мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырады;

облыстың білім беру мекемелерінің оқулықтармен және оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуін талдайды;

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне осыларды басып шығаруға және қайта басып шығаруға жоспар-тапсырысын дайындайды;

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және оларды облыс мектептері бойынша жеткізуді ұйымдастырады;

Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесіп, жергілікті ерекшелікті есепке ала отырып, барлық үлгідегі жалпы білім алушыларды ұстаудың әлеуметтік-кепілді нормативтерін әзірлейді және оны аудандық және қалалық білім бөлімдеріне жеткізеді;

жергілікті атқарушы органдарға білім беру бюджетінің жобасы бойынша ұсыныстар енгізеді;

аймақтық білім беру жүйесінің қаржылық қамтамасыз етуді талдайды;

білім беру саласындағы мақсатты бағаламаларды қаржыландыру мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оны облыс әкімінің қарауына енгізеді;

жергілікті атқарушы органдарының мекемелерінен ақпарат жинауды ұйымдастырады және оларға облыстық маңызы бар ақпаратты жеткізеді;

облыстағы жаңа ақпарат жүйесін әзірлейді және құрады, оның Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне және мемлекеттік статистика органдары мен жоғары тұрған органдарға ұдайы берілуін қамтамасыз етеді;

білім берудің мемлекеттік басқару жүйесін дамытады және жетілдіреді, диагностика, талдау және болжамдау негізінде құрылымды қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар енгізеді;

білім беру жүйесінің басқарушы кадрларының еңбек мәдениетін дамыту бойынша жұмысын ұйымдастырады;

білім саласында айрықша еңбек сіңірген қызметкерлерді наградтау жөніндегі құжаттамаларды дайындайды, белгіленген тәртіппен құрметті атақтар беруге кандидаттар ұсынады;

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің келісімі бойынша облыстың еліміздің басқа да өңірлерімен, сондай-ақ халықаралық байланысын ұйымдастырып, жүзеге асырады.Білім беру мәселелері бойынша бірлескен конференциялар, семинарлар, кеңестер өткізеді;

заңнамамен белгіленген тәртіппен жеке мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олардың заңды талаптары мен негізді өтініштерін орындауды қамтамасыз етеді, азаматтардың хабарлаған ведомствосына қарасты мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар қызметіндегі кемшіліктерді жоюдың шараларын қабылдайды;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

18. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерді іске асыруда және өз функцияларын жүзеге асыруда белгіленген тәртіпте мыналарға:

мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамамен белгіленген тәртіпте қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

жарғыларды әзірлеуге және бекіту үшін облыс әкімдігінің отырысына енгізуге;

ағымдық және перспективалық қаржыландыру жоспарларын қарауға және бекітуге;

мүліктердің тиімді пайдаланылуы мен олардың сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;

ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, коммуналдық мемлекеттік мекемелердің даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарауға, келісуге және бекітуге;

ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, коммуналдық мемлекеттік мекемелердің даму жоспарларын және олардың орындалуын бақылау және талдау жүзеге асыруға;

жылдық қаржы есебін бекітуге;

ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың білім беру, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметтеріне бақылау жасауға;

аудандар мен қалалар әкімдеріне аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшыларының кандидатурасын ұсынуға және келісуге;

қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

19. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

1) «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

2) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге;

3) «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;

4) «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.


3. Маңғыстау облысының білім басқармасының қызметін ұйымдастыру

20. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

21. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша облыс әкімімен қызметке тағайындалады және облыс әкімімен қызметтен босатылады.

22. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

23. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) өз орынбасарларының, бөлім басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

2) «Маңғыстау облысының білім басқармасы» қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіпте «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді және көтермелеу шараларын қолданады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұйрықтар шығарады;

5) «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

6) барлық мемлекеттік органдарда және ұйымдарда «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

7) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;



  1. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа жеке жауапты болады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.

24. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

25. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жанында консультативтік-кеңесші орган ретінде басшыдан, оның орынбасарларынан, «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мамандарынан, сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшыларынан, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларынан тұратын алқа құрылады.

Алқаның дербес құрамын лауазымы бойынша алқа төрағасы болып табылатын «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы бекітеді.

26. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес білім саласындағы ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңестерін құрады және олардың қызметіне бақылау жасайды.


4. Маңғыстау облысының білім басқармасының мүлкі

27. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

28. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

29. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
31. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

32. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.



6. Маңғыстау облысының білім басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату
33. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігімен жүзеге асырылады.

Маңғыстау облысының білім басқармасының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі



  1. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Көру қабілеті нашар балаларға арналған № 1 арнайы (түзету) мектеп-балабақшасы» мемлекеттік мекемесі;

  2. Маңғыстау облысының білім басқармасының «№ 2 арнайы (түзеу) мектебі» мемлекеттік мекемесі;

  3. Маңғыстау облысының білім Басқармасының «Ақыл есінің дамуы қалыпты жетілмеген және психикалық дамуы тежелген балаларға арналған № 3 арнайы (түзету) мектебі» мемлекеттік мекемесі;

  4. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Есту қабілеті нашар, психикалық дамуы жетілмеген және сөйлеу қабілетінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған № 4 арнайы (түзету) мектеп- балабақшасы» мемлекеттік мекемесі;

  5. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Девианттық мінез-құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мектеп интернат» мемлекеттік мекемесі;

  6. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі;

  7. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат» мемлекеттік мекемесі;

  8. «Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» мемлекеттік мекемесі;

  9. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Облыстық балалар үйі» мемлекеттік мекемесі;

  10. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Балалар баспанасы» мемлекеттік мекемесі;

  11. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесі;

  12. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» мемлекеттік мекемесі;

  13. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Шетпе психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті» мемлекеттік мекемесі;

  14. Маңғыстау облысы білім басқармасының «Бейнеу психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мемлекеттік мекемесі;

  15. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Аймақтық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» мемлекеттік мекемесі;

  16. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Жаңаөзен ақыл-есінің қалыпты дамуы жетілмеген және психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп-балабақшасы» мемлекеттік мекемесі;

17. «Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті» мемлекеттік мекемесі;

  1. «Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесі;

  2. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  3. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

21. Маңғыстау облысы білім басқармасының «Маңғыстау облысының білім беруді ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

22. Маңғыстау облысы білім басқармасының «Бейнеу политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

23. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

24. Маңғыстау облысының әкімдігі Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

25. Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

26. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

27. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау туризм колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

28. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау энергетикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

29. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

30. Маңғыстау облыстық білім басқармасының «Маңғыстау өнер колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

31. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Жаңаөзен қызмет көрсету және технологиялар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

32. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

33. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Жетібай кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

34. Маңғыстау облысы білім басқармасының «Маңғыстау техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

35. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

36. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;



37. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Мамандандырылған техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.



Каталог: media -> uploads
uploads -> Утверждено
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> МаңҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
uploads -> Аймақтық экспорт
uploads -> Информация по осуществлению мониторинга
uploads -> Бағдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 015 жыл мазмұны өңірлік макроэкономика 9


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет