Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013 жылғы қаңтар-тамыздағы қорытындылары туралы



жүктеу 208.61 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі208.61 Kb.


Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2013 жылғы қаңтар-тамыздағы қорытындылары туралы
Ағымдағы жылы облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ басым мемлекеттік және стратегиялық, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Тұтастай алғанда, қабылданған барлық шаралар экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын одан әрі іске асыруға, халықтың әл-ауқат деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.



1. Өнеркәсіп. Есепті кезеңде қолданыстағы бағада 1467,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 101,4% құрады.

Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 108% құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 1358,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 100,3% құрады.

Мұнай өндіру 11,9 млн. тоннаны немесе 2012 жылдың осындай кезеңдегі деңгейіне 101,7% құрады. Табиғи газ өндіру 4,1%-ға (1457,4 млн. текше метр) төмендеді.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемі 16,9%-ға өсіп, 58,1 млрд. теңгені құрады. Азық-түлік өнімдері өндірісінде – 56,6%-ға, металдық емес өзге де минералды өнімдер өндірісінде - 23%-ға, машина жасауда - 19,6%-ға, тері және теріден жасалатын өнімдер өндірісінде – 2,8%-ға өсу байқалады.

Көлемдер тоқыма бұйымдар өндірісінде - 19,7%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісінде - 2%-ға (төмендеу, «ҚазАзот» ЖШС-нің өнеркәсіпті қайта құру және жаңғырту бағдарламасынан кейін біртіндеп іске қосуына байланысты) азайды.



Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы өнім көлемі есепті кезеңде 38,6 млрд. теңгені немесе өткен жылдың осындай деңгейіне 112,4% құрады.

«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылау» саласында 12,2 млрд. теңге көлемінде өнім шығарылды немесе 2012 жылдың тиісті деңгейіне – 124,1%.

ҚР Премьер-Министрі С.Н. Ахметовтың төрағалығымен ағымдағы жылғы 14 мамырда өткен Қазақстан экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында актуалдау нәтижелері бойынша Қазақстанды үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында, Маңғыстау облысы бойынша Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 280,1 млрд.теңге болатын және жаңадан шамамен 8,8 мың жұмыс орны құрылатын 34 жоба енгізілді.

Оның ішінде, өңірлік Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 230,9 млн. теңге болатын және жаңадан 8,4 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын 32 жоба, республикалық Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 49,1 млрд. теңге болатын және 354 тұрақты жұмыс орны құрылатын 3 жоба енгізілді.

2010-2012 жылдардағы кезеңде 23 жоба аяқталды (сметалық құны – 131,4 млрд. теңге, 1 828 тұрақты жұмыс орны құрылды)

Облыста 2010 жылы 36,4 млрд. теңге сомасында 8 объект пайдалануға беріліп, іс жүзінде 933 тұрақты жұмыс орны құрылды, оның ішінде:


  1. «Диірмен кешенінен, құрама жем зауытынан тұратын элеватор кешені» «Корпорация АПК-Инвест» ЖШС;

  2. «Баутино кентіндегі кіші кемелерді жөндеу зауыты» «Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты» ЖШС;

  3. «Мұнай-газ жабдықтарын даярлау бойынша зауыт» (2 кезең) «ГММОС» ЖШС;

  4. «Халықаралық жолаушылар терминалы және Ақтау қаласы әуежайының ұшыру-қондыру жолағын қайта құрылымдау» «АТМ Групп» ЖШС;

  5. «Қабырғалық қуыс жабынды плиталар өндірісі» «Еврострой» ЖШС;

  6. «Теңіз операцияларын қолдау базасы» «Балыкшы» ЖШС;

  7. «Қуаттылығы жылына 84 мың тонна бұрғылау ерітінділер өндірісі» «Эм-Ай Дриллинг Флюидз Интернэшнл, Б.В.» (КAZ МІ ЖШС);

  8. «Металл конструкциялары зауытының өндірістік алаңы» «Теңіз Сервис»ЖШС.

Облыста 2011 жылы жалпы сметалық құны 84 млрд.теңге болатын және іс жүзінде 580 тұрақты жұмыс орны құрылған 9 жоба аяқталды, оның ішінде:

  1. «Ақтау қаласында қаптау кірпішін өндіру бойынша шағын зауыт» «Сарыташ Тау Құм» ЖШС;

  2. «Оқшаулауалды құбырлар өндірісі» «Актауполимер» ЖШС;

  3. «Ақтау қаласындағы жаңа нау зауыты» «Магабред» ЖШС;

  4. «Ақтау қаласының аумағындағы газ құю терминалының құрылысы» «ФРЭШ» ЖШС;

  5. «Металл конструкцияларды өндіру бойынша өнеркәсіптік кешен» «Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС (жаңа атауы – «Темір ата» теңіз мұнай-газ өнімдерін өндіру зауыты»);

  6. «Электротехникалық құрал-жабдықтар шығару бойынша зауыт» «РИГ» ЖШС;

  7. «Ақтау қаласындағы газбетон зауыты» «Концерн Сфинкс» ЖШС;

  8. «Планшетті компьютерлер, теледидарлар және мониторлар өндірісі» «Caspiy Electronics» ЖШС;

  9. «Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» жаңа темір жол желісі» «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ.

Облыста 2012 жылы 11 млрд. теңге сомасында 6 объект пайдалануға беріліп, іс жүзінде 138 тұрақты жұмыс орны құрылды, оның ішінде:

1. «Мұнайдан тұратын қалдықтарды қайта өңдеу бойынша «Шырын» зауытының құрылысы» «Эко – су тазарту» ЖШС;

2. «UHT өңделген сүт және балмұздақ өндірісі бойынша жаңа қуаттылықты іске қосу» «Гурман» ЖШС;



3. «Аммиак, азот қышқылы және аммиак селитра өндірісін тұрақтандыру және жаңғырту» «ҚазАзот» ЖШС;

4. «Ақтау қаласындағы мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау терминиалының құрылысы» «АСКИ-Маңғыстау» ЖШС;

5. «Полиэтилен құбырларын шығару бойынша зауыт» «Арлан Group- Aktau» ЖШС;

6. «Тауарлық-бекіре фермасының құрылысы» «Осетр-Аралды» САС.

Кәсіпорындардың проблемаларын шешуге жәрдемдесу жөніндегі шаралар:

Облыс әкімі ағымдағы жылғы қаңтарда мемлекеттік органдардың басшылары тұлғасында жауапты адамдарды белгілеу арқылы, ҮИИДМБ аясында 2012 жылы пайдалануға берілген кәсіпорындарды жүктеуді және жобалық қуаттылығына шығаруды қамтамасыз етуді бекіту жоспарын бекітті.

2012 жылы пайдалануға берілген жобалар бойынша қуаттылықтарды жүктеу кәсіпорындардың меншікті бағдарламаларына сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда;



Индустрияландыру картасының 2010-2012 жылдары пайдалануға берілген жоғарыда көрсетілген жобаларының ішінен 40%-дан кем өндірістік қуаттылыққа ие мына жобалар өнім шығарып бастаған жоқ:

  1. «Ақтау қаласындағы газ-бетон зауыты» «Концерн Сфинкс» ЖШС – «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында кәсіпорынға пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша көмек көрсетілді. Жоба аталған бағдарламаның 1 бағытының аясында 2012 жылы мақұлданды.

Жоба іске асырылды, алайда Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің технологиялық жабдықтарды кеденнен өткізу рәсіміне қатысты (ҚҚС-н төлеу бойынша келіспеушілік) талаптарына байланысты жобаны жоспарланған мерзімде пайдалануға беруге мүмкіндік болмады. 2012 жылға тамызда кеден органдарының барлық талаптары алынып тасталды.

Қазіргі кезде жабдықтарды түпкілікті жинақтау және іске қосуды реттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Екінші жартыжылдықта осы жұмыстар аяқталып, кәсіпорын өнім шығаруға кіріспек.



  1. «Металл конструкциялары зауытының өндірістік алаңы» «ТеңізСервис» ЖШС – жоба Солтүстік Каспий жобасына бағдарланған, толық жүктеу Қашаған кен орнының 2 фазасын іске асыру бойынша жұмыстар басталғаннан кейін күтілуде.

  2. «Теңіз металл конструкцияларын өндіру бойынша өнеркәсіптік кешен» «Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС - жоба Солтүстік Каспий жобасына бағдарланған, толық жүктеу Қашаған кен орнының 2 фазасын іске асыру бойынша жұмыстар басталғаннан кейін күтілуде.

  3. «Теңіз операцияларын қолдау базасы» «Балықшы» ЖШС - жоба Солтүстік Каспий жобасына бағдарланған, толық жүктеу Қашаған кен орнының 2 фазасын іске асыру бойынша жұмыстар басталғаннан кейін күтілуде.

2013 жылы сметалық құны 85,2 млрд. теңге болатын және 975 тұрақты жұмыс орны құрылатын 3 жобаны аяқтау жоспарлануда оның ішінде:

1) «Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын өндіру» «Caspi Bitum» БК» ЖШС. Жобаны Объектіні пайдалануға беру 2013 жылғы қыркүйекке жоспарлануда.

Кәсіпорынның қатысушылары – «Kazakhstan Petrochemical Industries» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны) және «CITIC Kazakhstan» ( «CITIC Group» 100% еншілес кәсіпорны, ҚХР).

Жобаның сметалық құны – 43 500 млн. теңге. Құрылысын салу кезеңінде құрылатын жұмыс орнының саны – 1200, пайдалану кезеңінде – 325 адам.

Шикізат: Қаражанбас кен орнының мұнайын қайта өңдеу, жылына - 1 млн. тонна.

Негізгі өнім: жылына - 40 кг және 100 кг жентіктелген битум түріндегі 406,5 мың тонна жоғары сапалы жол битумдары.

Жұмыс және мемлекеттік комиссиямен қабылдап алу 2013 жылғы қыркүйекке жоспарлануда. Объектіні пайдалануға беру 2013 жылғы желтоқсанға жоспарланған.

2) «Сұйық дәрілік формалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару бойынша фармацевтикалық кешен» «Медикал Фарм Ча-Кур» ЖШС.

Жобаның сметалық құны – 1668 млн. теңге.

Құрылысын салу кезеңінде құрылатын жұмыс орнының саны – 80, пайдалану кезеңінде – 350 адам.

Жобалық қуаттылығы: 20 млн. бумадағы инфузиялық дәрілік бұйымдар. Бүгінге жинақтау - іске қосуды реттеу жұмыстары жүргізілуде. Объектіні пайдалануға беру 2013 жылғы желтоқсанға жоспарланған.

3) «Шетпе ауылында цемент зауытын салу» «Каспий Цемент» ЖШС.

Жобаның сметалық құны – 40 000 млн. теңге.

Құрылысын салу кезеңінде құрылатын жұмыс орнының саны – 800, пайдалану кезеңінде – 300 адам.

Жобалық қуаттылығы: жылына 1 млн. тонна цемент шығару.

Шығарылатын өнім: 300-800 маркалы цемент.

110 орындық вахталық кентті салу бөлігі аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Объектілерді пайдалануға беру дайындығының дәрежесі 80% құрайды, пайдалануға беру 2013 жылғы желтоқсанға жоспарланған.



2014 және кейінгі жылдары сметалық құны 63,5 млрд. теңге болатын және жаңадан 3,6 мың жұмыс орны құрылатын 8 жобаны аяқтау жоспарлануда, оның ішінде:

1. «Кемелер, өзге де жүзбелі құралдар жасау және жөндеу және су көлігінің өзге де қосалқы қызметі» «САГА Аташ» ЖШС.

Жобаның сметалық құны – 2 635,3 млн. теңге.

Құрылысын салу кезеңінде құрылатын жұмыс орнының саны – 400, пайдалану кезеңінде – 180 адам.

Жобалық қуаттылығы: жылына 96 кемені жөндеу және жаңғырту.

Қазіргі кезде шарт жасасылып, жүк көтерміділігі 8500 тонна өзі жүрмейтін жүзбе доктың құрылысы басталды. Құрал-жабдықтар жеткізуге және №2 пирсті салуға арналған келісімшарттарға қол қойылды.

Пайдалануға беру 2014 жылғы желтоқсанға жоспарланған



2. «Электрмен болат балқыту кешенінің құрылысы» «АҚЗ» ЖШС

Жобаның сметалық құны – 22 079 млн. теңге.

Құрылысын салу кезеңінде құрылатын жұмыс орнының саны – 150, пайдалану кезеңінде – 707 адам.

Жобалық қуаттылығы: жылына 600 мың дайындама.

Шығарылатын өнім: үздіксіз болат дайындамалар.

Қазіргі кезде Еуразия даму банкі жобамен ынтымақтастыққа мүдделі. Кәсіпорын кшенді салу жобасына айналым қаражатын толықтыруға өтінім беріп, «БанкЦентрКредит» АҚ-ның міндеттемелерін қайта қаржыландыру мүмкіндігі қаралуда.

Электрмен болат балқыту зауытының құрылысына ауданы 7 га жер учаскесі сатып алынды. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Объектіні пайдалануға беру 2014 жылғы желтоқсанға жоспарланған.

3. «Жел электр станциясының құрылысы» «DMK-Ko» ЖШС.

Жобаның сметалық құны – 5423,2 млн. теңге.

Құрылысын салу кезеңінде құрылатын жұмыс орнының саны – 26, пайдалану кезеңінде – 12 адам.

Жобалық қуаттылығы: 19,5 МВт электр энергиясы.

«Маңғыстау Электртораптық Бөлу Компаниясы» АҚ мен жобаның бастамашысы арасындағы бірнеше мәрте келіссөздер мен 2012 жылғы 2 шілдедегі кездесу нәтижесінде электр энергиясын сатып алу – сату туралы № 24/167 шартқа қол қойылды. Сондай-ақ, қаржыландыру мәселесін шешілуде.

Жоғарыда жазылғанға байланысты, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне объектіні пайдалануға беру мерзімін 2014 жылғы желтоқсанға ауыстыру туралы өтініш жолданды (31.08.2012 жылғы № 28-05-30-1285 шығыс хаты).



4. «Полимер бума өндіру бойынша зауыттың құрылысы» «Достық Полимер» ЖШС.

Іске асыру кезеңі: 2012 жылғы қараша – 2014 жылғы желтоқсан.

Жобаның сметалық құны – 191,9 млн. теңге.

Құрылысын салу кезеңінде құрылатын жұмыс орнының саны – 27, пайдалану кезеңінде – 32 адам.

Жобалық қуаттылығы: жылына 380 тонна полимер бума.

Қазіргі кезде объектіні салуға жобалық-сметалық құжаттама (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірленуде.



5. «Қазақстан лифт жасау зауыты» «ҚЛЖЗ» ЖШС.

Іске асыру кезеңі: 2013 жылғы қаңтар – 2014 жылғы шілде.

Жобаның сметалық құны – 2 250 млн. теңге.

Құрылысын салу кезеңінде құрылатын жұмыс орнының саны – 100, пайдалану кезеңінде – 105 адам.

Жобалық қуаттылығы: жылына 1000 лифт.

Қазіргі кезде объектіні салуға ЖСҚ әзірленуде.



6. «Экологиялық таза кеме отынын өндіру және полимерлерді синтездеу бойынша зауыттың құрылысы» «Экотоп» ЖШС.

Іске асыру кезеңі: 2013 жылғы қаңтар – 2014 жылғы желтоқсан.

Жобаның сметалық құны – 367,9 млн. теңге.

Құрылысын салу кезеңінде құрылатын жұмыс орнының саны – 40, пайдалану кезеңінде – 56 адам.

Жобалық қуаттылығы: жылына 50 мың тонна кеме отыны.

Қазіргі кезде объектіні салуға ЖСҚ әзірленуде. Сондай-ақ жер учаскесінің айналасына қоршау орнатылды.



7. «Ақтау теңіз порты» АЭА-дағы мұнай өңдеу зауытының құрылысы» «MONBLAN» ЖШС.

Іске асыру кезеңі: 2011 жыл – 2015 жыл.

Жобаның сметалық құны – 29 000 млн. теңге.

Құрылысын салу кезеңінде құрылатын жұмыс орнының саны – 3000, пайдалану кезеңінде – 2500 адам.

Жобалық қуаттылығы: жылына 1 млн. тонна мұнай өңдеу.

Шығарылатын өнім: АИ-93, АИ-95 маркалы бензині, дизельдік отын, реактивті қозғалтқыштарға арналған ТС-1 маркалы отыны, коммуналдық-тұрмыстық тұтынымдағы СПБТ маркалы сұйылтылған газ, күкірт, мұнай коксы және мазут мұнай отыны.

Заңды мекенжайды қайта тіркеу аяқталды. Бизнес-жоспар жасалып, 2011 жылғы 24 тамызда «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында жер учаскесін жалға алуға шарт жасасылды. ЖСҚ әзірлеу бойынша алдын ала жобалау жұмыстары жүргізілуде. Мұнай өңдеу зауытын салу аяқталғаннан кейін көмірсутегілерді сақтау және қайта өңдеу жөніндегі лицензиялар қажет етіледі.

8. «Үй салу комбинатының құрылысы» «ДСК-Актау» ЖШС

Іске асыру кезеңі: 2012 жыл – 2014 жыл.

Жобаның сметалық құны – 1 580,9 млн. теңге.

Құрылысын салу кезеңінде құрылатын жұмыс орнының саны – 68, пайдалану кезеңінде – 68 адам.

Жобалық қуаттылығы: жылына 300 000 м2 темір бетон бұйымдары.

Шығарылатын өнім: қабырғалық панельдер, көпқуысты плиталар, тұтас көлденең қималы плиталар, таңбалы балкалар өндіру.

Заңды мекенжайды қайта тіркеу аяқталды. Бизнес-жоспар бар. Жер қазу – дайындау жұмыстары жүргізілуде. ЖСҚ әзірленген. Құрал-жабдықтарға ішінара төлем жүргізілді.

Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау және жете барлау жүргізу, сервистік-қызмет көрсету өндірісін дамыту), өңдеу салаларын дамыту (оның ішінде «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында), облыстың транзиттік әлеуетін (көліктік логистиканы, шекара бойындағы аумақтарды) дамыту; құрылыс индустриясын дамыту; туризмді дамыту («Кендірлі» халықаралық курортты демалыс аймағының құрылысы), агроөнеркәсіптік кешенді (жайылымдық, асыл тұқымды мал шаруашылығын, балық аулауды және тауарлық балық өсіруді) дамыту.

Маңғыстау облысы экономикасының өсу резервтерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, мүдделі орталық мемлекеттік органдармен және Өңірлік даму министрлігімен келісілді.

Соңғы жылдары мұнай мен газ өндірудің төмендеуіне байланысты, облыс әкімдігі Үкіметке облыстың барлық минералды-шикізат кешенін, бірінші кезекте көмірсутегі шикізатын іздеу, барлау және жете барлау бойынша жұмыстарды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру бойынша шешім қабылдау қажеттілігі туралы ұсыныстарды бірнеше рет жолдаған болатын.

Қансу және Жазғұрлы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану құқығын «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-на беру бойынша тікелей келіссөздер 2012 жылғы қарашада болып өтті. Қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Мұнай және Газ министрлігімен жер қойнауын пайдалану құқығын алу бойынша жұмыс жүргізуде. Қансу және Үстір учаскелерінде іздеу жұмыстарының жобалары дайындалып, Барлау және игеру жөніндегі орталық комиссиямен (БИОК) мақұлданды. Қансу учаскесі бойынша Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мемлекеттік сараптамаға жолданды. Жезғұрлы учаскесінде іздеу жұмыстарының жобасы бойынша уәкілетті органдардың келісімдерін алу рәсімі аяқталуда, содан кейін жоба БИОК-ның қарауына жолданбақ.

Бұдан басқа, бүгінге «ҚазАзот» ЖШС мен уәкілетті орган арасында Бейнеу ауданының «Шағырлы-Шөмішті» газ кен орнындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жобасы тиісті келісулерден өтуде.

Маңғыстау облысы экономикасының өсу резервтерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында мына іс-шара қосылған: «АҚЗ» ЖШС мен «Каспиан Сталь» ЖШС-ін толық жүктеу үшін металл сынықтары (қара металл сынықтары) айналымын заңнамалық деңгейде реттеуге бағытталған тиісті шаралар қабылдау». Жауаптылар – ИЖТМ және облыс әкімдігі.

Өңірдің металлургиялық өндірістерінің проблемаларын шешу үшін, Қазақстанның металлургия өнеркәсіп кәсіпорындарын қара металл сынықтарымен және қалдықтарымен қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімдігі Үкіметке оны экспорттауға толық тыйым салғанға дейін металл сынықтары айналымын реттеуге бағытталған тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы ұсыныс жолдады. Нәтижесінде, қазіргі кезде мына нормативтік-құқықтық актілер қабылданды:

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 61-V Заңы, осындағы 248 бапқа (23 тармақ) сәйкес түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылған;

- Еркін сауда аймағы туралы шарт ратификацияланып, 2012 жылғы 8 желтоқсаннан бастап күшіне енді, онда Кедендік одақ аумағынан шығарылатын жоғарыда аталған тауарларға (7204 коды) кедендік баж мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы үшін 15% мөлшерінде, алайда 1000 кг-ға 20 евродан кем болмауы тиіс.

Жергілікті металлургиялық өндірістерді шикізатпен жабдықтау бойынша жағдайды жақсарту мақсатында, ҚР заңнамасына ішкі және сыртқы рыногтарға сынықтар жеткізу бөлігінде жаңадан енгізілген өзгерістер туралы ақпарат облыстағы металл сынықтарын жеткізушілерге жолданды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін, облыс әкімдігі «АҚЗ» ЖШС-не Дағдарыстан кейін қалпына келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бағдарламасына және ҚР-н үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға енгізу бойынша қолдау көрсетті.

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге 5 жоба іске асырылып, 24 жобаны іске асыруға өтінім берілді. Оларды жандандыру үшін «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын инженерлік және көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажет.

2011 жылы №3 кіші аймақты жайластыру бойынша 3 млрд. теңге сомасында жұмыстар жүргізіліп, № 1 кіші аймақ бойынша жұмыстар басталды. 2012 жылы №1 кіші аймақ бойынша жұмыстарды жалғастыруға 1032 млрд. теңге бөлінді. 2013 жылға – 1466 млн. теңге, 2014 жылға – 2500,3 млн. теңге көздестірілген.

Қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бұрынғы Ақтау пластикалық массалар зауытының негізінде жол битумдарын шығару бойынша өндірісті іске асыруда. Жаңа өндіріс үшін химиялық-техникалық параметрлері бойынша сәйкес келетін Қаражанбас кен орнының мұнайы негізгі шикізат болмақ. Құрылыс-жинақтау жұмыстары 2010 жылғы маусымда басталды. Өндірісті 2013 жылғы қыркүйек-қазанда пайдалануға берілмек.

Көліктік инфрақұрылымды дамыту тұрғысында, Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын «Манашы-Шетпе» учаскесінде (ұзындығы – 200 км, жобаның сомасы – 283 млн. доллар) қайта құрылымдаудың 1 кезеңі іске асырылуда. Республикалық бюджет қаражаты есебінен «Жыңғылды-Шайыр» және «Қияқты-Тұщықұдық» автожолының құрылысы, «Ақтау-Форт-Шевченко» және «Таушық-Шетпе» автожолдарын күрделі жөндеу жүргізілуде.

«Кендірлі» курортты демалыс аймағын дамыту жобасын іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. «Кендірлі» курортты аймағы мен халықаралық әуежайының сыртқы инженерлік инфрақұрылымының құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді. Республикалық бюджет қаражаты есебінен объектілердің ЖСҚ-ын әзірлеу аяқталды.

ТЭН-ге сәйкес, сыртқы инфрақұрылымды салудың жалпы құны 9,3 млрд. теңгені құрайды. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарымен «Кендірлі» курортты демалыс аймағының сыртқы инженерлік инфрақұрылымын салу аясында республикалық бюджет қаражаты есебінен 2013 жылдан бастап «Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырынан газ бұру құбырын салу және АГБС тарту көздестірілген.



Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 4308,5 млн. теңгені құрады. 2012 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 98,8%.

2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мал басының барлық түрінің, оның ішінде түйенің – 14,3%-ға, жылқының – 2,6%-ға, ірі қара малдың – 3,8%-ға, қой мен ешкінің 18,9%-ға төмендеуі байқалады.



Шағын және орта кәсіпкерлік. Осы саладағы шаруашылық жүргізуші субъектілер саны 2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 27,5 мың бірлікті құрады немесе 2012 жылдың осындай күнімен салыстырғанда 14,2%-ға өсті. Онда жұмыспен қамтылғандардың саны 84,4 мың адамға дейін артты. (1.09.2012 жылға – 84,2 мың адам).

Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру аясында 2,3 млрд. теңге сомасына 23 жоба мақұлданды.

Екінші деңгейдегі банктер 2013 жылдың 1 қыркүйегіне шағын бизнес субъектілеріне 27,5 млрд. теңге көлемінде несиелік ресурстар берді, бұл 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 14,2%-ға көп.

Барлық шағын кредит ұйымдары есепті кезеңде 451,2 млн. теңге сомасына 178 шағын кредит беріп, 412 жұмыс орны құрылды.

Негізгі капиталға инвестициялар. Негізгі капиталға инвестициялар ағымдағы жылғы қаңтар-иамызда 244,6 млрд. теңгені құрады немесе нақты баға индексін есепке алғанда 2012 жылдың осындай кезеңінен 105,0%.

Инвестициялар құрылымында негізгі көлемді өнеркәсіп – 71,3%, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі – 63,7%, көлік және қоймалау – 15,5%, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет- 1,8%, өзгелері – 11,4% алады.

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемі өзіндік қаражат есебінен 135,2 млрд. теңгені немесе 555,3%, шетелдік инвестициялар есебінен – 54,3 млрд. теңгені (22,2%), қарыз қаражат есебінен – 124,5 млрд. теңгені (710%), бюджеттік қаражат есебінен – 30,7 млрд. теңгені (12,6%) құрады.

Құрылыс жұмыстары. Құрылыс жұмыстарының көлемі есепті кезеңде 94,4 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың қаңтар-тамызына қарағанда 3,8% көп. Оның ішінде, 2012 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда күрделі жұмыстар көлемі 11,4%-ға (11,8 млн.теңге), құрылыс-жинақтау жұмыстарының көлемі 6,4%-ға (80,96 млн. теңге) ұлғайды.

Жалпы ауданы 300,9 мың шаршы метр немесе 2012 жылдың осындай деңгейіне 98,9% тұрғын үй пайдалануға берілді. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлеміндегі негізгі көлем халық қаражатының үлесіне келеді – 97,%.



Сыртқы сауда айналымы 2013 жылдың қаңтар-тамызында 6002,3 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2012 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейінен 21,7% көп. Экспорт 5474,6 млн. АҚШ долларын (18,7%-ға ұлғайды), импорт 527,7 млн. АҚШ долларын (64,1%-ға ұлғайды) құрады.

Сыртқы сауда балансының сальдосы 2013 жылдың қаңтар-шілдесінде 4946,9 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасты (2012 жылдың қаңтар- шілдесінде – 4290,3 млн. АҚШ доллары).



Тұтыну бағаларының индексі ағымдағы жылғы тамызда 2012 жылдың желтоқсанына – 102,6% (ҚР бойынша – 103,1%) 101,7%), азық-түлік емес тауарларға – 102,9% (ҚР бойынша – 101,6%), ақылы қызметтерге – 103,0% (ҚР бойынша – 106,3 %) деңгейінде қалыптасты.

2012 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, 2013 жылғы тамызда азық-түлік тауарларынан: жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай наны – 0,6%-ға, жоғары сұрыпты ұн – 4,3%-ға, жоғары сұрыпты бидай ұны – 1,4%-ға, вермишель – 2,9%-ға, күріш – 3,7%-ға, ұнтақ жарма – 16%-ға, сұлы жармасы – 11,3%-ға, арпа жармасы – 10,4%-ға, тары – 4,6%-ға, шошқа еті – 0,8%-ға, қой еті – 0,9%-ға, жартылай қақталған шұжық – 3,8%-ға, сары май – 3,0%-ға, қаймақ – 6,6%-ға, сүзбе – 1,2%-ға, шай – 0,9%-ға, картоп – 34,1%-ға, капуста – 2,0%-ға, жуа – 36,1%-ға, қызылша – 20,0%-ға, сәбіз – 22,5%-ға, тұз – 1,6%-ға қымбаттады.

Азық-түлік емес тауарлардан: маусымдық ерлер пальтосы - 4%-ға, костюм-шалбар –3,9%-ға, ерлер шалбары – 4,4%-ға, синтетикадан жасалған жылытқышы бар әйелдер күртесі – 4,9%-ға, мектеп жасындағы балаларға күртесі – 3,8%-ға, ерлердің қонышсыз бәтеңкесі – 4,1%-ға, әйелдердің қысқы етігі – 4,2%-ға, балалардың қонышсыз бәтеңкесі – 5,8%-ға, төсек жабдықтары – 1,7%-ға қымбаттады.

Ақылы қызметтерден: негізгі тұрғын үйді нақты жалдау ақысы – 3,6%-ға, ерлердің шаш қию үлгісі – 6,3%-ға, әйелдер залындағы шаш қию үлгісі – 6,7%-ға қымбаттады.

Энергия тасымалдаушылар ішінен: бензин Аи-92 – 3,0%-ға, бензин Аи-95, 96 – 2%-ға, дизел отыны – 3,2%-ға қымбаттады.

Облыс бойынша жүк айналымы есепті кезеңде 5143,0 млн. тонна/км немесе 2012 жылдың осындай кезеңіне 112,4% көлемінде қалыптасты (Облысты дамыту бағдарламасы бойынша 2013 жылға арналған жоспар – 2012 жылға 108,9%).

Облыс бойынша байланыс қызметтерінің көлемі есепті кезеңде 5116 млн. теңге немесе 2012 жылдың осындай кезеңіне 95% көлемінде қалыптасты.

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі облыс бойынша 1.09.2013 жылға 0,6% құрады (01.09.2012 жылға – 0,9%). Жалпы жұмыссыздық деңгейі (ашық еңбек рыногында) 2013 жылдың 2 тоқсанында 5,5%-ды құрады (2012 жылдың 2 тоқсанында - 5,7%).

Облыс бойынша есепті кезеңде 18283 жұмыс орны құрылды (2012 жылдың тиісті кезеңінде – 16618 жұмыс орны). Жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған 2426 жұмыссыз жұмысқа орналастырылып, қоғамдық жұмыстарға 2060 адам қатысты.



Салықтар мен бюджет. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 185,7 млрд. теңге (болжамға – 110,5%), оның ішінде республикалық бюджетке – 121,1 млрд. теңге (105,4%), жергілікті бюджетке – 64,5 млрд. теңге (121,7%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

Облыс бойынша бюджет төлемдері бойынша берешек 2013 жылғы 1 қыркүйекке 13,9 млрд. теңгені құрады немесе 2013 жылдың басымен салыстырғанда 28,7%-ға ұлғайды (10,8 млрд. теңге).



Білім беруге арналған шығыстар нақтыланған бюджет бойынша 37,7 млрд. теңгені құрады (2012 жылға қарағанда 7,4%-ға өсті).

Білім беру объектілерін дамытуға 2013 жылы – 8309,8 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 7257,7 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 1052,0 млн. теңге бөлінді.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Қарақия ауданының Құрық ауылында кәсіптік-техникалық лицейдің үлгілік ғимаратының, Қарақия ауданының Жетібай кентінде, Бейнеу ауданы Бейнеу ауылының Атамекен шағын ауданында әрқайсысы 624 орындық орта мектептің, Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылының Маңғыстау-5 тұрғын жай алабында, Басқұдық, Батыр, Баянды ауылдарында, Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында әрқайсысы 960 орындық орта мектептердің, Жаңаөзен қаласының Мерей шағын ауданында 1200 орындық орта мектептің, Теңге ауылында 900 орындық орта мектептің құрылыстары жалғасуда. Маңғыстау ауылының Жыңғылды ауылында 200 орындық орта мектептің, Мұнайлы ауданының Маңғыстау-4 ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы басталды.

Жергілікті бюджет есебінен Маңғыстау ауданының Шайыр, Жармыш, Жыңғылды ауылдарында әрқайсысы 80 орындық балабақша салынып, пайдалануға берілді. Қазіргі кезде 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі балалар ұйымдарымен қамту 74% құрайды (республика бойынша орташа алғанда – 70,6%).

4999 мектеп түлегінің ішінен 2672 оқушы немесе 59,4% ҰБТ-ге қатысты. ҰБТ нәтижелері бйынша орташа балл 69,39 құрады. Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысқан 46 түлек ҰБТ-ден босатылып. 29 түлек «Алтын белгі» иегері атанды.

Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2013 жылғы нақтыланған бюджет бойынша 17,7 млрд. теңгені құрады (2012 жылға қарағанда 7,9%-ға өсті).

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2013 жылы – 5319,5 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 5563,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 198,1 млн. теңге көздестірілген.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Маңғыстау облыстық ауруханасына «Г» блогы жапсарламасының, Мұнайлы ауданында ауысымына 250 келушіге арналған емхананың құрылысы жүргізілуде. Жаңаөзен қаласының Рахат шағын ауданында ауысымына 250 келушіге арналған емхананың құрылысы жалғасуда. Бейнеу ауданының Атамекен ауылында, Мұнайлы ауданының Қызылтөбе, Қызылтөбе-2, Атамекен, Баянды ауылдарында дәрігерлік амбулаторияның құрылыстары жалғасуда.

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары туралы.

Іс жүзінде 2013 жылға жиыны 10,0 млрд. теге, оның ішінде республикалық бюджеттен 8,7 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 1,3 млрд. теңге бөлінді.

«Жұлдыз» шағын ауданындағы 320 орындық балабақшаның; «Бостандық» шағын ауданында 624 орындық орта мектептің; «Рахат-3» шағын ауданында сумен жабдықтау жүйесінің; «Жұлдыз» және «Мерей» жаңа шағын аудандарында электрмен жабдықтау жүйесінің құрылыстары 2013 жылы аяқталып, «Рахат» шағын ауданында емхана; Теңге ауылында сумен жабдықтау жүйесін салуды; «Жұлдыз» шағын ауданында салқын су есептеуіштерін құруды және орнатуды жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

«Мерей шағын ауданында 1200 орындық орта мектеп; Теңге аулында 900 орындық орта мектеп салу; бұрыннан бар электрмен жабдықтау желілерін қайта құрылымдау және кеңейту; ЖЭО-ға ауыстыру арқылы орталық қазандықты қайта құрылымдау және кеңейту; Жаңаөзен қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату және көму бойынша комбинат салу сияқты жобаларды іске асыру жалғастырылып, 2014 жылы аяқтау жоспарлануда.

Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікиі қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар аясында, Жаңаөзен қаласында учаскелік полиция пункттеріне арн алған 6 орынжай мен «Шаңырақ» шағын ауданында Жедел басқару орталығының құрылысы аяқталды. Жедел басқару орталығын іске қосу үшін құрадл-жабдықтар сатып алынуда. 6 шығу жолы бар үлгілік өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталуда.

«Рубеж» стационарлық бақылау постының; Жаңаөзен аласындағы екі стационарлық полиция пуктінің, ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін 60 және 100 пәтерлік (пәтерлік үлгідегі жатақхана) екі тұрғын үйдің құрылысы басталып, үлгілік әскери қалашықтың құрылысы жалғасуда.



Моноқалаларды дамыту бағдарламасы туралы.

Бағдарлама аясындағы іс-шараларды іске асыруға 2013 жылы іс жүзінде 1 086,1 млн. теңге бөлінді.

Бағдарлама аясында:

- Теңге, Қызылсай ауылдарының аяқталмаған учаскелері бойынша инженерлік желілер салу;

- Жаңаөзен қаласының қалаішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу;

- Жаңаөзен қаласы Көктем шағын ауданының аулаішілік көшелерін абаттандыру сияқты жобалар іске асырылуда.



Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қаражатты игеру жиыны 605,9 млн. теңгені құрайды (инфрақұрылым салу және абаттандыру жобалары бойынша қаражат игерілді. Кәсіпкерлікті дамытудың іс-шараларф бойынша қаражат ағымдағы жылғы 4 тоқсанға жоспарланған).





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет