«Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы»



жүктеу 129.99 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі129.99 Kb.


Қосымша__________

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы « » қаулысымен бекітілген



«Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы аумағында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. «Маңғыстау облысының жер қатынастары» мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.

3. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 23 шағынаудан, 100 үй.

10. Мемлекеттік органның толық атауы: - «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

11. Осы Ереже «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

«Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады.

12. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

13. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, белгіленген тәртіп пен жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

15. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

1) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану мақсаттары (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, инвестициялық басым жобаларды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдарды салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

3) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми - зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

4) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;

5) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

6) өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

7) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

8) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

9) облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

10) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

12) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

13) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;

14) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

15) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

16) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;

17) орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат ұсыну;

18) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 94-бабы  2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне ауыртпалықты белгілеуге және тоқтатуға өтініш беру;

19) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту жөнінде жергілікті атқарушы органның шешім жобаларын дайындау;

20) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссия құрамын бекіту туралы жергілікті атқарушы органның шешім жобаларын дайындау;

21) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурстарды дайындау және ұйымдастыру;

22) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру, Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының 101-2 бабына сәйкес, техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшартты немесе техногендік минералдық түзілімдерді пайдалануға арналған шартты жасасу жөнінде тікелей келіссөздер жүргізуді дайындау және ұйымдастыру;

23) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобасына келісім беру;

24) жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарттардың талаптары туралы келіссөздер жүргізу және жер қойнауын пайдаланушымен бірлесіп, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарын дайындау;

25) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу, тіркеу және сақтау;

26) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының 65 бабы 1 тармағына сәйкес, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша бағалау жұмыстары сатысына көшуге рұқсат беру;

27) Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының 37 бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды беру, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу жөніндегі мәмілелерді тіркеу;

28) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат беру;

29) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының 70 бабы 4 тармағына сәйкес, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшарттық аумақты кеңейту туралы мәселені шешеді;

30) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз ету;

31) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешімдер қабылдау;

32) кең таралған пайдалы қазбаларды және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;

33) жер қойнауын пайдаланушылар туралы кең көлемде сараптамалық материалдар дайындау және ұсыныс, тапсырмаларды орындау шараларын алу;

34) бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын қарау және келісім беру;

35) Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою немесе консервациялау жобаларын қарау, келісу және жұмыс тобының құрамында объектілерді қарау, қабылдау;

36) Жер учаскелерін беру және өзге де жер қатынастары мәселелерін қарау жөніндегі облыстық комиссияның:

облыста кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойынауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның;

облыста кеңінен таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселері жөніндегі сарапшылық комиссияның;

облыста кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойынауын пайдалану құқығын беру мәселесі бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөнінде жұмыс тобының;

барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының алдын ала құжаттарын дайындау және отырыстарын ұйымдастыру;

37) құрылысқа арналған жер учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды дайындау;

38) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу;

39) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда жерасты құрылыстарын салуға рұқсат беру;

40) «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесін цифрландыруды жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдау;

41) Қазақстан Республикасының заңнамасымен «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

16. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамамен белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жатқызылған облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің және (немесе) облыс әкімдігі қаулыларының жобасын дайындауға қатысады;

2) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат сұратады және алады, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға ақпарат береді;

3) қажетіне қарай мүдделі мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың қатысуымен жер қатынастарын реттеу, жер ресурстарын және жер пайдаланудың өзекті мәселелері бойынша кеңестер өткізеді және ұсынымдық сипаттағы шешімдер қабылдайды;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

17. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқтары мен міндеттері:

1) «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беру;

2) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беру;

3) «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;

4) «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
3. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

19. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

20. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

2) «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

3) «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді және көтермелеу шараларын қолданады;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұйрықтар шығарады;

6) «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

7) барлық мемлекеттік органдарда және ұйымдарда «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

8) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;

9) «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен басқа да құжаттар жобаларының әзірлену барысын бақылайды;

10) «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмысты бақылайды;

11) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың ұтымды және мақсатты пайдалануын бақылайды;

12) «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде заңдылықтың, шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;

13) «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа жеке жауапты болады;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

15) «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.
4. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің мүлкі
24. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

«Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


5. Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату
27. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет