МаңҒыстау территориялық Өндірістік кешенінің даму болашағЫ



жүктеу 68.27 Kb.
Дата18.01.2018
өлшемі68.27 Kb.

МАҢҒЫСТАУ ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТІК КЕШЕНІНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ.

Маңғыстау облысы мұнай мен газ өндіруге және химия өнеркәсібін дамытуға мамандандырылған.Сондай - ақ балық өнеркәсібі мен құрылысқа қажетті ұлутас материалдар өндірісі кешенінің жетекші салалары болып табылады.Бұл теориялық – өндірістік кешеннің (ТӨК) маңызы зор, көп салаға мамандандырылған кешендер қатарына жатады.ТМД- дағы мұнай өндіретін аудандар ішінде кешенді өндірілген мұнайдың жылдық мөлшері жөнінен 5-орын, ал одақтас республикалар арасында 2 – орын алады.

Мұнай өндіретін Маңғышлақ мұнай өндірістік бірлестігіне қарасты ең басты мұнайлы аудандар:Өзен мұнай басқармасы мен Жетібай кәсіпшілігі Маңғыстау облысының оңтүстігінде кешенде газ өндіру және оны өңдеу өнеркәсібі интенсивті дамып келеді.

Кешеннің экономикалық-географиялық жағдайы өте қолайлы. Кешеннің құрамына Ақтау, Жаңаөзен қалалары,бірнеше қала типтес поселкелер мен селолар кіреді.Оның территориясы – 166,6 мың шаршы шақырым. Маңғыстау шаруашылық жағынан нашар игерілген өңір еді.Мұнда бір ғана өнеркәсіп орны Баутино балық өндеу зауыты болды.

Маңғыстау қойнауы мұнай мен газга ғана емес, басқа да пайдалы қазыналарға бай. Мұнда қоңыр көмірдің қоры барланды,темір рудасы, марганец және мыс кендері мен бір қатар руда көріністері бар. Маңғыстау шаруашылығын сумен қамтамасыз ету мәселесі теңіз суын тұщытумен қатар өзге аудандардан су тарту арқылы шешілуде. Осы мақсатпен Қоңырат – Бейнеу – Мақат су құбыры мен оның Сайөтеш – Жаңаөзен тармақтары және Самара – Атырау – Өзен су құбыры тартылды. Транспорт құрылысы мұнай кендерін игерумен бір мезгілде жүргізілді. 1965 жылы Мақат -Актау – Өзен темір жолы , 1966 жылы Өзен – Жетібай – Ақтау мұнай құбыры салынды.

1970 жылы ұзындығы – 1467 шқ Өзен – Атырау – Самара.Мұнай құбыры парафині көп мұнай - 650 С- қа дейін жылытылады.Газ құбыры желісі ,әуе және теңіз транспорты дамыған.Ақтау теңіз порты жұмыс істейді. Кешеннің экономикасын одан әрі дамытуға мұнаймен газ шикізатын өндіру мен өндеуді одан әрі дамытудың маңызы зор.Мұнай өндірісі 30 жылдай жүргізілген терең барлау жұмыстарының нәтижесінде Маңғыстау өте ірі мұнай мен газ қоры бар өлкеге айналды.Облыста 59 мұнай және газ кен орындары бар,олардың 40 «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігінің меншігінде болса, 18-і «Маңғыстаумұнайгазгеология» бірлестігінде, тек 1 кен орны – «Қаражанбастермнефть» мұнай газ өндіру басқармасына карайды. Оңтүстік Маңғыстауға Өзен – Жетібай, Жазғұрлы, Қарақия мұнай-газ зоналары құрайды. Келесі орында Бозашы түбегі, онда 8 кен орны (қордың 29,8- ы) бар,3 – ші орында Үстіртте 4 кен орны (қордың 2,5- і) , соңғы орында – Оңтүстік Прикаспий аймағы, 6 кен орны (қордың 1,2) бар. «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігінің өсу жолындағы басты кезеңдері: 1964 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігі құрамында Жаңаөзенде «Өзен» мұнай өндірістік басқармасы құрылды.1965 жылы Шевченко қаласында (қазіргі Ақтау) 19 – 22 мамырда мұнайшылармен мұнай барлаушылардың 1- ші бүкілодақтық ғылыми – техникалық конференциясы болып, Маңғыстау байлығын игеру туралы аса маңызды мәселе қаралды.Оған бұрынғы одақтық әрбір бірлестіктерінен, ғылыми зерттеу институттарының өкілдері қатысты.10 маусымда уақытша тапсырылған Өзен – Маңғыстау - Мақат темір жолымен алғашқы Өзен мұнайы Атырау мұнай өндеу зауытына жіберілді. 1966 жылы мамыр айында Жетібай мұнай өндіру басқармасы құрылды. Сол жылы 10 – шілдеде де Өзен кен орнынан тұңғыш рет 1 млн “қара алтын” өндірілді.Ұзындығы 140 шқ. болатын Өзен – Жетібай - Ақтау мұнай құбыры пайдалануға берілді. Осы құбыр арқылы Оңтүстік Маңғыстау мұнайы Ақтаудағы теңіз порты арқылы тасымалдануға мүмкіндік алды. Жанаөзен-Ақтау асфальтталған автомобиль жолы іске қосылды. 1967 жылы ұзындығы 1500 шқ болатын дүниежүзілік маңызы бар трансконтинетальдық Өзен – Атырау - Самара мұнай құбырының салынуы басталды. Келесі жылы Жетібай мен Өзен кен орындарында алғашқы газ лифт-мұнай өндіру әдісі қолданыла бастады. 1969 жылы Өзен – Атырау - Самара мұнай құбырының бірінші кезегі – ұзындығы 711 шқ. болатын Өзен – Атырау аралығы іске қосылады. 1970 жылы Өзен кен орнында құнарлы қабаттарға су айдайтын дүние жүзінде алғашқы рет тәжірибелі-өндірістік қондырғы өндіріске берілді. Теңізге газ кен орнынан өнім өндіру басталды. Мұнда ерекше қондырғылар арқылы газды төменгі жылылықпен тазарту қаралды. 1971 жылы Жаңаөзен қаласын тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатымен Түйесу – Жаңаөзен су құбыры салына бастады. Теңге кен орнынан (1972 жылы) өндірістік газ өндіру басталып, Орта Азия – Орталық газ құбырымен тасымалдау іске қосылды. Өзен – Бейнеу газ құбыры өндіріске қабылданып алынды. Мұнай өндірістерінде телемеханизацияландыру басталды.

Қазақстанда бірінші Маңғыстаугазөндіру басқармасы құрылды. Оңтүстік Жетібай мұнай кен орны ашылды. 1973 жылы тұңғыш Қазақстанның газ өндеу зауыты іске қосылып, Маңғыстауда 0,5 млрд. текше метр газды айырып – өңдеу мүмкіндігіне қол жетті. Өзен кен орнының Қарарман – Дыбыс бөлігінде мұнай өңдіру басталды. Жер саты қабаттарының қысымын өсіру үшін Жетібай кен орнында мұнай қабаттарына теңіз суын айдау басталды. Оңтүстік Жетібай, Асар кен орны және Бектұрлы мұнай кен орнында мұнай өндіру (1974жылы) іске қосылды. 1975 жылы Өзен кен орнында мұнай өндірістік ісінде алғаш рет мұнай кендеріне термальдық суды өндірумен қатар үлкен қысыммен айдап құнарлы қабаттарды суландыру ісі жүзеге асырылды. Бірлестік бойынша жылдық мұнай өндіру деңгейі ең жоғары көрсеткішке – 16343,6 мың тоннаға жетті. Жетібай кен орнында газды төменгі температурамен тазалау қондырғысы іске қосылды. Бұрмаша мұнай және батыс Теңге газ кен орындары ашылды.

1976 жылы Оңтүстік Жетібайда газ конденсатты кендер пайдалануға беріліп, триас қабаттарынан газ өндірілді. 1978 жылы жер асты ыстық су айдау мақсатымен су қайнау қондырғылары (2 – УВАГ және ПТВ – 10) бар пештер өндіріске қосылды. 1979 жылы құнарлы мұнай қабаттарының қысымымен көтеруге арналған жер асты суы айдаудың сатылы-термальдық суландыру әдісі өндіріске қосылып, газконденсатта Талды кен орны ашылды. Қаламқас-Қаражанбас - Ақтау мұнай құбыры – 277 шақырымдық Қаламқас-Қаражанбас - Ақтау жоғары вольттық электр жүйесі өндіріске қосылды. 1980 жылы Қаражанбас кен орнында өндірістік пайдалану жұмыстары басталды, Қазақстанда тұңғыш рет гранит тау жыныстарында мұнай кені барлығы дәлелденді. Қаражанбас кен орнында полимерлік ерітінділер айдау жұмыстары басталды. 1982 жылы Қаламқас кен орнында өндіріс орындарын төлеме-анализациялау және өндіргіш су таситын скважиналарды жабысқақ-серпінді қоспалармен өңдеу жұмыстары басталды. Тасболат және Батыс Теңге мұнай газ конденсатты кен орындары пайдалануға қосылып, мұнай бере бастады. Сол жылы Шынжыр мұнай қоры ашылды. 1983 жылы Өзен кен қабаттық қысымды қолдау жүйесінде қабатқа су айдау көлемі тіулігіне 150 мың м куб жетті. 1984 жылы Өзен кен орнында кен қабаттарын алаңдық және мәнерлі суландыру жұмыстары басталды. Асар кен орны газлифтік әдіспен мұнай өндәруге толық көшті. Солтүстік Қарақия мұнай және Солтүстік Батыс Жетібай мұнай-газ кен орнындары ашылды. 1985 жылы Өзен кен орнында жинақты мұнай өндіру деңгейі 10 млн тоннаға жетті. Ақтас мұнай қоры пайдалануға қосылды, 1987 жылы Бұршама, Алатөбе мұнай кен орындары пайдалануға қосылып, мұнай бере бастады. Құнарлы қабаттарды қолдау мақсатымен Қаламқас кендерінде Еділ суын пайдалану басталды. 1988 жылы «Жетібаймұнайгаз» өндіру басқармасы құрылғаннан бері жинақты мұнай өнімі 50 млн тоннаға жетті. Солтүстік Қарақия мұнай кен орны пайдалануға беріліп, мұнай бере бастады. Солтүстік Придорожный, Солтүстік Қараман және Жарты, Мақат, Шығыс Өзен, Оңтүстік Шығыс Бектұрлы газ кен орындары ашылды. Газ кен орындары Батыс Ақтас және Сарытөбе, Айрантақыр, Солтүстік Аққар мұнай кен орны ашылды. 1990 жылы Атамбай мұнай кен орны пайдалануға беріліп, Ащыағар мұнай кен орындары пайдалануға берілді.

Бұл мұнай да Өзен мұнайына ұқсас, құрамында парафин көп – 23,5, ал асфальт пен смола - 18,8 – ін құрайды.Парафин 340С ыстыққа қата бастайды.Мұнай өндіру 1973 жылдан басталды, қабаттардың мұнай қайтарысын көбейтуге, олардың қысымын және де температуралық режимін сақтау үшін әртүрлі жүйемен оларға ыстық су айдалып отыр. Солтүстік Бозашы өңірінде 1974 жылы ашылған. Қаламқас кен орны өзінің қоры жөнінен Маңғыстау аймағында 2 – ші орынды алады. Қаламқас кен орны үлкен антиклинальдық құрылымға байланысты, ұзындығы – 26 шқ.ені – 7 шқ.

Қаламқас мұнайының тұжымдылығы жоғары, ауыр, меншікті салмағы 0,9 – 0,91 г/см куб, құрамында смола – 18 – 30, күкірт 2 шқ.дейін, әрі микроэлементтерге бай болды, бензин фракциясы аз.Ауаның температурасы 200С суықтықта мұнай қатады. Қаламқас кенін игеріп, мұнай өндіру ісі 1979 жылы басталды. Маңғыстау аймағындағы көп жылғы іздену жұмыстарының алғашқы жемісі. Жетібай кен орны Оңтүстік Маңғыстау өңірінде 1964 жылы ашылды. Мұның өзі өндіру мсен тасымалдау жұмыстарына біраз қиыншылықтар келтірді. Қабаттардың мұнай қайтарымдылығын арттыру мен қысымдарын бірқалыпты ұстау үшін оларға теңіз суы айдалып пайдалануда. Қазақстан жас мұнайлы аудан мұнда алғашқы екі – Доссор және Мақат мұнай кәсіпшіліктері дүние жүзілік соғыстың қарсаңында пайда болса да, мұнайды осы заманғы әдіспен өндіру 30 – жылдардың басында ғана жүргізіле бастады және Атырау облысындағы Ембі алабы 60 – жылдардың ортасына дейін республикадағы бірден – бір мұнайлы аудан болды.

Таяудағы уақытта Қазақстанның батысында – Маңғыстау облысында тағы бір мұнай өндейтін зауыт және республиканың шығысында ұзындығы 400 шақырымға жететін Павлодар – Семей – Өскемен мұнай құбырын салу көзделген. Мұнай мен газ кен орындары Маңғыстау, Атырау, Орал, Ақтөбе облыстарын қамтитын – Батыс Қазақстанда шоғырланған.

Маңғыстау алабы – республикада мұнай мен серіктес газ өндіретін ірі аудан. Бұл ауданда игерудің едәуір қиындықтары бар: аймағының көпшілік бөлігі елсіз, климаты қатаң, су жетіспейді және т.б. Оның үстіне мұнайдың құрамында парафин көп,сондықтан құбырмен тасымалдау үшін оны қосымша қолдан жылыту керек. Бірақ бұған қарамастан Маңғыстау мұнайын өндіру экономикалық жағынан тиімді. Мұнайында күкірт жоқ, қарамай аз, бірақ парафин көп. Бірақ парафин химия өнеркәсібі үшін қажетті шикізат болып табылады.

Маңғыстау мұнайын өндеу үшін Орал, Еділ бойы, Солтүстік Кавказ зауыттарына да жіберілді. Мұнайды тосып әкету үшін Маңғыстау түбегін Атырау – Ор магистралымен қосатын Мақат – Ақтау – Жетібай – Өзен темір жолы салынады.

Маңғыстау мұнайын өндеру 3 есе арзанға түседі және тиімді. Себебі, Маңғыстау мұнайы жер бетіне жақындау жатады, мұнай қоры тығыз, осыдан келіп бұрғылаушылардың өнімі жоғары.

Маңғыстау мұнайы негізгі тұтынушы аудандарға – Ресейдің еуропалық бөлігіндегі ауданға және Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азия республикаларындағы аудандарға таяу, қолайлы орналасқан. Маңғыстаудың мұнай кен орындарын нақтылай зерттеу нәтижесі мұнай өндіру денгейін әлдеқайда арттыруға болатынын көрсетеді. Келешекте толығынан мұнай өндеу өнеркәсібін дамытуға болады.

Пайдаланған әдебиеттер

1.Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясы.Алматы. 2002.



2.Маңғыстау энциклопедиясы. «Атамұра баспасы», 1997.

3.В.М.Буренков. Маң,ышлақ. «Қайнар» ,1984.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет